Палата­ның жалпы отырысында бірнеше заң жо­басы мақұлда­нды

Мәжіліс Төрағасы Нұр­лан Нығматулиннің төра­­ға­­лығымен өткен палата­ның жалпы отырысында де­пу­тат­тар бұған дейін ел азамат­тарының жіті назар­ын­да болған бірнеше заң жо­басын мақұлда­ды. Олар­дың ішінде діни қызмет пен діни бірлес­тік­тер жұмы­сын реттейтін және дәрілік зат­тар мен ме­дициналық бұйым­дар­дың шекті баға­ларын бел­гі­леуді қамта­ма­сыз ететін құқықтық құжат­тарды атап өтуге болады. Мем­ле­кет басшысының тапсыр­ма­­ларына байланысты қол­­ға алынған бұл заң жо­ба­­лары көптеген мәселе­лердің түйінін шешкелі отыр. 

Егемен Қазақстан
17.05.2018 3831
2

Көшеде тұмшаланған адам жауапқа тартылады

Елімізде қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтін киім-кешекке заң жүзінде тыйым салынбақ. Бұл тәртіп Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­малық актілеріне діни қызмет жә­не діни бірлестіктер мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жобасында тайға таңба басқан­дай көрсетілген. 

Мәжілістің жалпы отырысында аталған құжат бойынша баяндама жасаған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев аталған заң жо­басы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қауіп­сіздік Кеңесінің отырысын­да берген тапсырмасы негізінде әзірленгендігін атап өтті. Сон­дай-ақ бұған дейін Президент Жар­лығымен бекітілген «Дін сала­сындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» басшылыққа алынған. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары әлемде қалып­тасқан геосаяси, діни ахуалға және экстремизм мен терроризм қау­пінің күшейгеніне байланысты діни саланы реттейтін норма­тивтік талаптар мен құқықтарды жетілдіру қажет болған. 

– Заң жобасына дінді теріс мақсатта қолдануға жол бермеу бағытындағы түзетулер мен жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл өз­ге­рістер жаңа деструктивті діни ағымдардың идеологиясына, нышандары мен  сыртқы ерек­шеліктеріне тыйым салуды қамтиды және елімізге жат идео­логияның енуіне тосқауыл қою­ға мүмкіндік береді. Заң жоба­сында адамның бет-әлпеті таныл­майтын киімді қоғамдық орын­дарда киіп жүруге тыйым са­лу көзделген. Бұл алдымен аза­маттардың қауіпсіздігі үшін қа­жет. Мұндай шаралар Бель­гияның, Францияның, Болгарияның, Аустрияның заң­дарында қолданылған. Бұл норма дінге қатысты емес, сол себепті ол құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты енгізіліп отыр, – деді Д.Кәлетаев. 

Бұдан бөлек, заң жобасы мем­ле­кеттік қызметкерлердің діни сені­міне байланысты бірқатар шектеулер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, мемле­кеттік қызметкерлерге өзінің қызмет­тік мүдделерін діни бірлестік мүд­де­леріне пайдалануға, өзіне бағы­ныш­ты қызметкерлерді діни қызметке мәж­бүрлеуге, діни бірлестіктер құруға бастамашы және мүше болуға тыйым салынбақ. Бұл тәртіп мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексіне енгізіледі. Министрдің айтуына қарағанда, аталған нормалар азаматтың дінге қатысты негізгі құқықтарына, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта діни іс-шараларға қатысуына, діни рәсімдер мен жоралғыларды орындауына кедергі келтірмейді. 

Сонымен қатар өңірлерде діни бір­лестіктерді тіркеу тәр­тібі жеңілдетілген. Ал діни бір­лес­тіктер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олар­дан есептілік жүргізу талап етіліп, жылдық кіріс-шығыс­тарын бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялауға міндет­телмек. Д.Кәлетаевтың айтуынша, енді діни жоралғылар бойын­ша некені тіркеу және бұзу да арнайы белгіленген орындардан тыс жерде жүргізілмейтін болады. Ал шет мемлекеттерден діни білім іздеушілерге де шектеу қойылып, сырт аймақтарға еліміздің аумағында жоғары діни білім алғандар ғана жіберілмек. Заң жобасында, ең бастысы, балалар мен жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға жол берілмейтіндігі көрсетілген. Депутаттар баяндамашыға өздерін толғандырған сауалдарын бере отырып, заң жобасын бірінші оқылымда толық мақұлдады. 

Дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленбек

Отырыста «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұ­йым­дардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда ма­құлданды. Заң жобасында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттардың шекті баға­ларын бекіту арқылы барлық дәрі­лік заттарға бағаларды реттеуді енгізу көзделген. Фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар беру жөніндегі функцияларды әкімдердің құзыретінен алып тастау, оларды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға беру қарастырылған. 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығма­ту­лин бұл заң жобасының қазақстандық­тарды қолжетімді бағамен және сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілермен қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды құжат екенін айтты. 

– Бүгін біз өте маңызды және өте қажетті заң жобасын мақұлдадық. Себебі бұл заң жобасының әлеуметтік маңызы өте зор. Баршаңыз жақсы білесіздер, дәрілер бағасын заң деңгейінде реттеу – Елбасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан бұл заң күшіне енген кезде, дәрілердің қолжетімді болуына және бағаның да тұрақты болуына жаңа серпін беруге тиіс. Сол үшін екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты қарап, осы талапқа сай заң дайындауымыз керек, – деді ол. 

Ал негізгі баяндамашы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов депу­таттарға дәрі-дәрмектің шекті бағасы Денсаулық сақтау министрлігінің және басқа да ресми органдардың интернеттегі парақшаларында жарияланатынын айтты. Сондай-ақ дәрінің бағасы еліміздің барлық аймағында тең болатынын атап өтті. Аталған заң жобасы депутаттар тарапынан қызу талқылана келе, толық мақұлданды.

Әлеуметтің әлеуетін көтереді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да талқыланып, ол толықтай қолдау тапты. Бұл құжат бо­йынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың мәлімдеуінше, заң жобасы Елбасының тапсырмасын іске асыру және Қазақстанның халықаралық шарттардағы міндеттерін орындау мақсатында әзірленіп отыр.

– Заң жобасы бойынша 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 18 жастан асқан, бала кезінен І топтағы мүгедек жанға күтім жасайтын адамдарға арналған жаңа жәрдемақы төлеу тәртібі бекітілді. Мұндай жәрдемақы 14 мыңға жуық отбасына төленеді. Ал жәрдемақы көлемі күнкөріс деңгейінің ең төменгі 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Бұл жәрдемақы өтініш берген күнінен бас­тап бала кезінен  І топтағы мүгедектіктің барлық кезеңіне тағайындалады. Бұл ретте осы заң жобасының бір жаңалығын атап өткім келеді. Ол бала кезінен І топтағы мү­ге­декке қарап отырған аналардың күтім жасаған кезеңі еңбек өтіліне қосы­лады. Осы мақсаттарға 2018 жыл­дың 1 шілдесінен бастап 2,7 млрд теңге қарас­тырылды, – деді Мәдина Әбілқасымова. Бұл заң жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды. 

Осы орайда «Қазақстан Респуб­ли­касының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да депутаттар тарапынан бірінші оқылымда мақұлданғанын айта кетейік. 

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу