Аймақтар • 17 Мамыр, 2018

Қарағандыда жаңа концерт залы салынады

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі ең үлкен қа­ла­ның бірі десек те, Қа­­ра­ғанды шаһары өзіне лайық кө­лем­дегі кон­церт за­лына зә­ру еді.

Қарағандыда жаңа концерт залы салынады

Ауқым­ды шаралар мен қала қо­нақтарының кон­­церт­тері әмбебап ша­ңы­раққа ай­налған Кен­шілер мәдениет сарайын­да, цирк аренасында, тіпті стадионның ашық алаңында өткізіледі. Енді, мі­не, осы мәселені ше­шудің де реті келген сыңайлы. Жаңа концерт залын тұрғызуға Қа­ра­ғандының беделді саналатын Оңтүстік-шығыс ауда­нынан ауқымды жер бө­лініп, біраз уақыт бұрын ғимарат жобасына байқау жарияланған болатын. Осы сында қарағандылық жас сәулетші Ернар Нұр­мұ­қа­нов­тың жобасы үздік деп танылды. 

– Алғаш­қыда кон­церт залы ғимараты дала тасының пішінінде болса деп ойлағам, – дей­­ді Ернар. – Ұлттық бол­мы­­сымызға жақын дүние ғой. Алайда ол қала­ның жал­пы көрінісімен үй­лесе қоймас деген па­йым­ға келіп, ғимарат клас­сикалық үлгіде болуы тиіс деп шештім. 

Төрт қабатты жаңа концерт залының жобасы көне грек Парфенонын еске салады: ғимарат төрт жағынан да колонналармен әсемделеді. Ғи­мараттың үлкен залына бір мезгілде 1 250 көрермен, ал да­йын­дық залына 400 адам сыяды. Байқау шартына сәйкес, болашақ ғимараттың алдында күн жылыда түрлі шаралар өткізуге болатын үлкен алаң болады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Құ­ры­лыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жобалау-сметалық құ­жат­тамаларды әзірлеуге тап­сырма берді. 

– Құрылыс жұмыс­та­рын бастауға қажет­ті құ­жаттар мен сарап­та­ма­лық шараларды реттеп, қар­жыландыру көздері ке­лісілген соң, күз айларында іске кірісуге болады, – дейді аталған облыстық бас­қарма басшысының мін­детін атқарушы Тайхан Қалмаханов. 

Жалпы, жаңа кон­церт залы жобаларының бай­қа­уына түрлі стильдегі он бір жұмыс қатысқан бо­ла­тын. Солардың әр­қай­­сысы өзіндік сәу­леті­мен ерек­шеленеді. Де­ген­мен солардың ішінде жас да­рын­ның аты озды. Әзірге үстел үс­­­тінде тұрған жоба енді бі­рер жылдың ішінде ең­­селі ғимаратқа айналып, халық­тың игілігіне қыз­мет етеріне сенім мол.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ