Аймақтар • 17 Мамыр, 2018

Павлодар облысында қар жауды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 17 мамырда  таңертең өңірдегі Баянауыл, Май, Шарбақты, Лебяжі аудандарында  қар түскен. Бұл жайында  ауыл тұрғындары хабарласып, ерекеш табиғат құбылысы болар, мамырда қар жауғанды бұрын-соңды көрмеген едік дейді.

Павлодар облысында қар жауды

Әкім-қаралар облыс орталығында Наурыз мейрамын  сәуірде өткіземіз деп бұйрық беріп, құдіретін бұрмалағаны үшін жаратылысты қатты ренжітіп те алған шығармыз.  Көктем өңірге келмей тұр.

Жергілікті ауа райын бақылау орталығының хабарына қарағанда салқын ауа райы өңірде мамыр айының соңына дейін сақталады. Алдағы 20-на қарай, 19 мамыр күн  ауа температурасы минус бес градусқа төмендейді. Қар, жаңбыр қайта жаууы да мүмкін. Күн маусым айында ғана жылынады.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Соңғы жаңалықтар