Қазақстан • 17 Мамыр, 2018

Альфред Гузенбауэр АЭФ-те Қазақстан қаржы нарығы туралы айтты

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана экономикалық форумында Австрияның бұрынғы канцлері Альфред Гузенбауэр Орталық Азияда осы күнге дейін қаржы орталығының болмағанын айтты. 

Альфред Гузенбауэр АЭФ-те Қазақстан қаржы нарығы туралы айтты

"Ең алдымен, қаржы орталығы керемет идея екенін айтқым келеді. Себебі осы күнге дейін Орталық Азияда қаржы орталығы болған емес. Дегенмен, оған деген қажеттілік үнемі болды. Әлемнің кез келген түкпіріндегі мемлекет дамуды мақсат етсе, Қаржы орталығын құруы керек деп ойлаймын. Негізінен, қаржы орталықтары аймақтағы ең ірі мемлекеттерде емес, шағын елдерде болады", деді ол. Өз сөзінде Альфред Гузенбауэр Қазақстан географиялық тұрғыда жақсы орналасқанын сәтті пайдаланып, өзін жақсы қырынан көрсете білгенін айтты. "Біз барлық өңір үшін қызмет ұсынушымыз. Сондықтан негіз ретінде жалпыеуропалық құқық енгізу идеясы дұрыс деп ойлаймыз. Бұл  қаржы нарығына халықаралық қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді. Ал көптеген заңды тұлғалар өздері үйренген ортаға, тұрақты ортаға барғанды жөн санайды. Осы ретті Қазақстанның мүмкіндігі зор деп айта аламын және барлығы сәтті болатынына сенімдімін", деді ол.