Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Егемен Қазақстан
18.05.2018 5507
2

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнама­лық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ли­касының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 
№7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; 
№8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; 
№16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат; №19-І, 100-құжат; №19-ІІ, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-І, 121, 124-құжаттар; №21-ІІ, 130, 132-құжаттар; №22-І, 140, 143-құжаттар; №22-ІІ, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 
№23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 53-құжат; №8-І, 62-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 119-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; 
№6, 11-құжат; №9, 18-құжат; №10, 23-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51-құжат; 
№15, 55-құжат; №20, 96-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
70-баптың 1-тармағындағы «мұражайлар мен мұражай-қорықтар» деген сөздер «музейлер, музей-қорықтар және мемлекеттік архивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.

(Соңы. Басы 1-бетте)

2. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 105-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат):
1) кіріспедегі «қалыптастыру, сақтау» деген сөз «жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланы­лады:
1) арнаулы мемлекеттік архив – осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
2) архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылым­дық бөлімшесі;
3) архив коллекциясы – қор құрушылар қызметінде қалыптасқан, бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы;
4) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
5) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
6) архивтік құжаттарды есепке алу (бұдан әрі – есепке алу) – есепке алу бірліктерінде архив­тік құжат­тардың саны мен құрамын белгі­леу және әрбір есепке алу бірлігінің белгі­лі бір кешенге және олардың есепке алу құжат­тарындағы жалпы санына тиесілігін тіркеу;
7) архивтік құжаттарды пайдаланушы – ақпаратты пайдалану мақсатында алу үшiн архивтік құжаттарға жүгінетін жеке немесе заңды тұлға;
8) архивтік құжаттарды ретке келтіру (бұдан әрі – ретке келтіру) – архивтік құжаттар­ды сақтау бірлік­теріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірлік­терін (істерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
9) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрон­дық көшір­мелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойын­ша ақпараттан­дыру саласындағы уәкілетті орган айқын­даған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
10) архив ісі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қа­лып­­тас­тырумен, архивтерді, архив қорлары мен коллек­­­ция­ларын құрумен, архивтік құжаттарды жинау­ды, жи­нақ­тауды, ретке келті­ру­ді, сақтауды, есепке алу мен пай­да­лану­ды ұйымдастырумен байланысты қызмет саласы;
11) аса құнды құжат – Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық архив қорының баға жетпестей тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар архивтік құжаты;
12) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – заң­ды тұлғалардың құжаттама жасау және құжаттарды жасау, алу кезінен бастап архивтік сақтауға бергенге дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;
13) ведомстволық архив – архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіруді, уақытша сақтауды, есепке алуды, пайдалануды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұл­ға­ның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі;
14) жеке архив – архивтік құжаттарды жинау­ды, сатып алуды, жинақтауды, ретке кел­тіруді, сақтауды, есеп­ке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемле­кет­тік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлім­шесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нә­ти­же­сінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;
15) жеке құрам жөніндегі құжаттар – жұмыскер­лердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәлiметтер;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) – тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес архив қорларының, коллекциялардың және архивтік құжаттардың жиынтығы;
17) құжат – материалдық жеткізгіште дәлме-дәл жазып алынған, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат;
18) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры – аса құнды құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы;
19) мемлекеттік архив – Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме;
20) орталық мемлекеттік архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік архив;
21) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
22) уәкiлеттi орган – архив ісі және басқару­ды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемле­­кеттік есепке алу (бұдан әрі – мемле­кеттік есепке алу) – архив қорларының саны мен құрамы, сақтау бірлік­терінің саны туралы мәліметтерді қамтитын, Ұлттық архив қорының құжаттарын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда мемлекет деңгейінде есепке алу жүйесі;
24) Ұлттық архив қорының құжаты – құжат­тар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат;
25) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкiметтiң» архитектурасын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Рес­публик­асының Заңында көзделген өзге де фун­кциялар жүктелген, Қазақстан Республика­сының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.»;
3) 2-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республика­сының» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы­ның Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры)» деген сөздер «Ұлттық архив қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) аса құнды құжаттардың сақтандыру көшір­мелері кіреді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
5) 5-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері және оның жинақтау көздері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орта­лық мем­лекеттік архивтердің, Қазақстан Респуб­ли­ка­­сы­ның Президенті Архивінің, Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­хана­сының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, облыс­тар­дың, рес­пуб­ликалық маңызы бар қалалардың, астана­ның, қала­лар­дың, аудандардың мемлекеттік архив­тері­нің, кітап­ханалардың және музей­лердің құжаттары Ұлт­тық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «қорын толықтырудың» деген сөздер «қорының жинақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Ұлттық архив қоры жеке және заңды тұлғалар­дың меншігіндегі архивтік құжаттарды сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу арқылы да толықтырылуы мүмкін.»;
6) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оның жинақтау көздерін белгілеу тәртібі
1. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны жинақтау көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қорының құрамынан шығарып тастау құжат­тардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасал­ған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемшарттары болып табылады.
2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республи­калық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.
3. Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комис­сиясының қорытындысы негізінде:
1) Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;
2) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құра­мына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құра­мынан шығарып тастау туралы шешім қабыл­дайды. Саяси және идеологиялық пікір­лер бойынша шығарып тастауға тыйым салынады;
3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттар­ды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;
4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, мемлекеттік және мем­ле­кеттік емес ұйымдар қызметінде қалыптасатын құжат­тардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келіседі.
4. Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің:
1) республикалық меншiктегi архивтік құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің немесе орталық мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің және арнаулы мемлекеттік архивтердің келiсiмiнсiз;
2) коммуналдық меншiктегi архивтік құжат­тарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз;
3) жеке меншіктегі архивтік құжаттарын архивтің тұрған жеріне қарай, уәкілетті орган­ның не облыстың, республикалық маңы­зы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға жол берілмейді.»;
7) 7-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк меншiкке:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Архивінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы республикалық меншіктегі құжаттар;»;
2) тармақшадағы «құжаттар жатады.» деген сөздер «құжаттар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры жатады.»;
3-тармақтағы «жинауы (сатып алуы)» деген сөздер «жинауы, сатып алуы» деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Архивтік құжат меншік иесінің келісі­мінсіз Қазақстан Республикасының заң­дарында көзделген негіздерде архивтен алып қойылуы мүмкін.»;
8) 8-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар ретке келтірілген түрде құқық мирасқорларына берiледi.
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде сақтауға беріледі.»;
9) 9-бапта:
тақырыптағы «Ұлттық архив қоры құжат­тарының мемлекеттік есебін жүргізу» деген сөздер «Мемлекеттік есепке алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақтағы «деректер есебін», «белгi­леген» деген сөздер тиісінше «деректерді мемлекеттік есепке алуды», «айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап Мемлекеттік қор каталогы
1. Уәкiлеттi орган Ұлттық архив қорының құжат­тары және оның жинақтау көздерi туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор катало­гын жүргiзеді.
2. Уәкiлеттi орган, осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет­тiк органдардың, жеке және заңды тұлғалар­дың сұрау салуларын қанағаттандыру үшiн Мемле­кет­тік қор каталогының ақпара­тына қолжетім­ділікті және оның пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.»; 
11) 11-бапта:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакция­да жазылсын:
«1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжат­тарын тұрақты сақтауға айрықша құқық бері­летін тиісті мемлекеттік архивтерге беріледі.
2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Архиві, Қазақстан Рес­пуб­­л­икасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасы кітап­хана­сы, арнаулы мемлекеттік архивтер мен облыстар­дың және қалалардың мемлекеттік архивтері жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану үшін ведомстволық және жеке архивтер құрады.
4. Ұлттық архив қорының жеке меншік­тегі құжат­тарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндет­теме­лер олар­дың меншік иелері Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ұлт­тық архивімен, орталық мемлекеттік архивтермен, Қазақ­стан Республикасы Президентінің Архивімен, Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елба­сы кітапханасымен немесе облыстардың, республи­калық ма­ңы­зы бар қалалардың және астананың жергілікті атқа­ру­шы органдарымен жасасатын шарттарда көрсетіледі.»;
5-тармақтағы «Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық архив қоры құжаттарының ресми түпнұсқаларымен жеке архивтерді толықтыруға» деген сөздер «Ұлттық архив қорының ресми құжат­тарының мемлекеттік меншік болып табылатын төлнұсқаларымен жеке архивтерді жинақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 12-баптың 1-тармағы мынадай редак­ция­­­да жазылсын:
«1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қам­тамасыз ететін жағдайларда сақтауға мін­детті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшір­ме­лерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады.
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтан­­дыру қоры Ұлттық архив қоры құжат­­тары­ның төлнұсқа­л­арынан бөлек, арнайы жаб­дықталған архив құжатта­рының қоймасында (архив қоймасында) сақталады.»;
13) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi.»;
14) 14-бап алып тасталсын;
15) 15-баптың 5-тармағының бірінші сөйлеміндегі «құжаттар негiзiнде тиiстi архивтiк анықтамалар» деген сөздер «қажетті ақпаратты архивтік құжаттар негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 16-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аса құнды құжаттардың төлнұсқа­лары, сондай-ақ физикалық жай-күйі қанағат­танарлықсыз архивтік құжаттар архивтік құжаттарды пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелері беріледі.»;
17) 17-бапта:
 тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мемлекеттік архивтердің тауар­лар­­дың (жұмыстардың, көрсетілетін қызмет­тердің) ақылы түрлерін өткізу негізі мен тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстар­ды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізуге құқылы. 
Мемлекеттік архивтер өткізетін тауар­лар­дың (жұ­мыс­тардың, көрсетілетін қызмет­тердің) ақылы түрлеріне:
1) ретке келтіру;
2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыс­тары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу; 
3) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
5) архивтік құжаттардың көшірмесін жасау;
6) осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыс­тары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпаратты анықтау;
9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжат­тардың жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау жатады.»;
18) 18-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақ­тау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
3) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есеп­ке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конс­ти­туция­сымен, осы Заңмен, Қазақстан Респуб­ликасының өзге де заңдарымен және Қазақ­стан Республикасы Президентінің акті­лері­мен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
2-1), 2-2) және 2-4) тармақшалар алып тас­талсын;
мынадай мазмұндағы 2-5), 2-6), 2-7) және 2-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-5) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;
2-6) мемлекеттік архивтердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлерін өткізу қағидаларын бекіту;
2-7) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
2-8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;»;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) архив ісі және басқаруды құжаттама­лық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдас­тырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңна­масының сақталуын мемлекеттік бақылау;»;
3-тармақта:
1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;»;
«8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көз­де­рін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақ­стан Респ­уб­ликасының Ұлттық архив қоры және архив­тер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау;»;
19) 20-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) архив мекемелері: Қазақстан Республи­ка­сының Ұлттық архиві, орталық мем­лекеттік архивтер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, арнау­лы мемлекеттік архивтер, облыстардың, республи­калық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік архивтері кіреді.»;
20) 22-бапта:
2-тармақтағы «Арнайы мемлекеттік архивтер құру» деген сөздер «Арнаулы мемлекеттік архивтерді құру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жинақтау (сатып алу)» деген сөздер «жинау, сатып алу» деген сөздермен ауыс­тырылсын. 
3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
5-баптың 1-тармағындағы «дербес» деген сөз алып тасталсын.
4. «Электрондық құжат және электрон­дық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган:»;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрондық құжат айналымы мен электрон­дық архивтер мәселелеріне салааралық ұйымдас­тыру-шылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрон­дық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтер­дің жинақтау көздерінде Қазақстан Республика­сының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрон­дық архивтер бөлігінде сақталуына мемле­кеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
4) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
«5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрон­дық құжат айналымы және электрон­дық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы мен электрон­дық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтер­дің жинақтау көз­дерін қоспағанда, облыс­тың, республикалық маңы­зы бар қаланың және астананың аумағында Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының электрондық құжат және электрон­дық цифрлық қолтаңба туралы заңнама­сының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдде­лерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақ­стан Республикасының заңнамасымен жүктеле­тін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
5. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):
6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекен­жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.».
6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-кұжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат): 
26-баптың 5-тармағында:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткiзу кезiнде баллдары тең болған жағдайда, келесі кезектілікпен:»;
3) тармақшадағы «жеңімпаздарының басым құқығы бар.» деген сөздер «жеңімпаз­дарының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұн­дағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқор­лығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толған­ға дейін ата-аналар­сыз қалған немесе ата-аналары­ның қамқорлы­ғынсыз қалған жастардың қатарын­дағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, жеңілдік­тері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы­ның қатысушылары мен мүгедек­теріне теңестіріл­г­ен адам­дардың, медицина­лық қорытындыға сәйкес тиіс­ті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілім­­дері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек ба­лалардың және үз­дік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дип­ломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.»;
екінші бөлік алып тасталсын. 
7. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
89-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) банкроттың архивтік құжаттарын ретке келтіруді және тиісті архивке беруді ұйымдастыруға;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 16 мамыр
№155-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу