Қазақстан • 18 Мамыр, 2018

Мәдениет әлеміндегі ғылыми әлеует

974 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Тәуелсіздікке қол жеткеннен бері Мемлекет басшысы халықтың бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру, адами капиталды ны­ғай­ту, білім деңгейі мен ғылыми әлеу­етті әлемдік талаптарға сай көтеру мәселелерін айрықша назарда ұстап ке­леді. Биылғы Жолдауда да әлемнің Төр­тінші өнеркәсіптік революция дәуі­ріне, технологиялық, экономикалық жә­не әлеуметтік салалардағы терең және қар­­қынды өзгерістер кезеңіне қадам ба­­сып жатқанын айта отырып, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту қа­жеттігіне тоқталды. Елбасы «өзінің тари­хын, тілін, мәдениетін білетін, сон­дай-ақ заманына лайық, шет тілдерін мең­герген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қа­зақстандық біздің қоғамымыздың иде­алы­на айналуға тиіс» деп нақты айтты. 

Мәдениет әлеміндегі ғылыми әлеует

Әбілхан Қастеев "Түрксіб" 1969 жыл

Бұл бағытта қазіргі таңда Мәде­ниет жә­не спорт министрлігі өз қатарын ғы­лым жолында жүр­ген білікті ма­ман­дар­мен то­лық­тыруға мейлінше көңіл бө­ліп келеді. Дерек үшін айтсақ, бү­гінде министрлікте және құзы­ре­тіне қарасты мекемелерінде 56 ғылым докторы, 325 ғы­лым кан­дидаты, 83 PhD докторы ғы­лыми дәрежесі бар қызметкер жұ­­мыс істейді. Соңғы 4 жылда ғы­лыми-зерт­теулер бағытындағы жұ­мыстардың өсуі елеулі түрде бай­қалуда. Мәселен, осы ке­зеңде 20 ғылыми-зерттеу жобала­ры, оның ішінде жетекші археологтар мен шетелдік ғалымдардың қа­ты­суы­мен 30 археология ба­ғы­тындағы жоба­лар іске асырыл­ды. Нәтижесінде 10 мың­нан астам ар­тефакті табылып, Қазақ­с­тан­дағы мұражайларға тап­сы­рыл­ды. Осы жобалардың қоры­тын­дылары 20 халықаралық ғы­лы­ми-практикалық кон­фе­рен­ция­ларда қызу талқыланды.

Бұған қоса, 30-дан астам авторлық монография мен оқулық шығарылды, 60-тан астам мақала жарияланды. Ірі халықаралық кинофестивальдерде арнайы сый­лықтар мен наградаларға ие бол­­ған 10-нан астам ғылыми-танымал және деректі фильм­дер жарыққа шықты. Сондай-ақ вир­ту­альдық картаның мәде­ни жә­не туристік тартымдылығы бой­ын­ша Қазақстанның сайты құ­ры­лып, киелі ны­сандардың 3D ту­ры ұсынылды, ол өткен жылы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстырылды. Археологиялық қазба­лар­дың нәтижелері бойынша 10-нан астам ақпараттық портал құрылды.
Ұлттық ғылыми кеңестерде ми­нис­тр­ліктің құзыретіндегі меке­ме­­лер­дің қата­ры­нан 5 ға­лым рес­публикалық ғылыми ке­ңес­тер­ге енген. Енді осы бағыттағы жұмысқа тоқталып өтсек.

«Ұлттық ғылыми кеңес­тер­дің құра­мын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Үкі­ме­ті­нің 2011 жылғы 12 шіл­­дедегі Қаулысы бо-
йынша Ұлттық ғы­­лыми кеңестің бірнеше бағыты бел­­гіленген. Соның ішінде, «Мәң­гілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы бі­лім беру, гу­ма­нитарлық ғылымдар са­ла­сын­дағы іргелі және қолданбалы зерт­теулер) бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңесте ми­нис­тр­лік құзыретіндегі оқу орын­да­рының 4 қызметкері болса, агро­өнеркәсіптік кешенді тұрақты да­мыту және ауыл шаруашылығы өнім­дерінің қау­іп­сіздігі бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңесте ми­нистрлік құзі­ретіндегі оқу орын­да­рының 1 қыз­мет­кері бар.

Сондай-ақ министрлік қа­ра­ма­ғын­дағы мекемелердің ғылы­ми қыз­мет­кер­лері тарапынан соң­ғы үш жылда бар­лығы 5106 ғы­лыми мақала жариялан­ды, оның ішінде 146-ы Импакт-фак­торы бар ғылыми журналдар­да жарық көр­ді. Ғы­лыми-тех­ни­ка­лық қызметтің субъ­екті­ле­рін ак­кредиттеу туралы куә­лік 7 мұ­­ра­жай-қорық және рес­пуб­ли­калық маңы­зы бар 3 музейде бар және ҚазҒЗМН не­гізгі қар­жы­ландырудың субъектісі болып табылады.
Ғылыми бағыттарды қолдау мақса­тын­да 2016 жылы мәдениет және өнер са­ла­сындағы ғылымға бөлінген қаражат мөл­­шері 97 млн теңге болса, 2017 жы­лы 600 млн теңге және 2018 жылы 500 млн теңгені құрады. Мәдениет және спорт министрлігі «Ғылыми қол­дан­­ба­лы зерттеулер» бюджеттік бағ­­дар­ла­­масы шеңберінде өтк­ен жылы музей са­ла­сының ғыл­ыми жобаларымен қатар, ар­хе­о­логиялық зерттеулер жүзеге асы­рылды.

Ғылыми жобалары минис­тр­лікке қарасты Қазақ ғылыми-зерт­теу мәдениет инс­титуты, «Есік» мемлекеттік тарихи-мә­де­ни музей-қорығы, Мемлекеттік ор­­т­а­лық музейі, Ә.Марғұлан атын­дағы Ар­хеология институты іске асырды. Игі­лікті жобалар­ды жүзеге асыру­да елі­міздің таны­мал ғалымдары К.Бай­па­қов, В.Зайберт, З.Самашев, Е.Сма­ғұ­лов және басқа да дарынды зерт­теу­шілер қомақты үлес қосқанын атап өтуіміз керек.

Шетелдік тарихнамада сан түр­лі музейлік артефактілерді де­ре­ккөз ре­тін­де пайдалану ғы­лыми дәстүрге ай­нал­ған. Ха­лық­аралық тәжірибенің негі­зінде көр­некілігімен және репре­зен­та­­тив­тілігімен ерекшеленетін, сондай-ақ де­ректердің бірегей корпусын құрайтын му­зейлік артефактілерді ғылыми айна­лымға енгізу мақсатында 2017 жылы «Әбілхан Қастеевтің акварель туындылары тарихи-этнографиялық дерек ретінде» атты монография-каталогқа арқау болатын музейлік заттарды кең көлемді әрі терең зерттеу қолға алынды. Бұл орайда қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті бойынша ерекше тарихи-этно­графиялық дерек бо­лып табылатын Ә.Қастеевтің му­зей қорындағы акварель шы­ғармаларын зерттеу және бір­тұт­ас ғылыми-инвентарлық каталогын жасау алдыға мақсат етіп қойылды. Зерт­теудің нәтижесінде отандық му­зей­лердің қорларында сақталған Ә.Қас­теевтің акварель туындылары инвен­тар­ланды, Мемлекеттік Орталық музей қо­рын­дағы Ә.Қастеевтің 130 аква­ре­ль шығармасының 35 сақтам бір­л­ігі жүйеленді, камералдық өң­де­лді, ат­ри­буцияланды. Соны­м­ен қатар Ә.Қастеевтің кар­ти­наларында бейне­ленген этно­гра­фиялық бұйымдар ғы­лыми сәй­кестендіріліп, автордың көр­кем­дік-эстетикалық ұйымдастыру жә­­не композициялық шешімдерін құ­­ру ұстанымдарына көңіл бө­лін­ді, дә­лірек айтсақ, зерттеу бұй­ым­дарының хро­нологиялық жә­не географиялық шең­берлері анық­талады.

Отандық және алыс-жа­қын шетел­дер­дегі әр алуан музейлер мен архивтер қо­рында хронологиялық шең­бері ХVІІ ғасырдың соңы мен ХХ жүзжылдықтың бас кезе­ңін қамтитын дәстүрлі қазақ мә­­дениеті мен этнографиясы­на қатысты бай коллекция сақтаулы. Оларды ғы­лы­ми тұр­ғыдан тиянақты, ке­шен­ді зерт­­теу толыққанды жүр­гі­зіл­ме­ген ж­ә­­не осы орайда дәс­түр­лі қолөнердің түр­лі салалары мен оларды жасаудың жә­не қол­да­ны­луының технологиялық әдіс-тә­сілдерді ғылыми тұрғыдан са­ра­­лан­бағанын айтуымыз керек. Осы ба­ғытта «Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің тарихи-этнографиялық деректілігі». Мо­нография-каталог» тақырыбы бойынша му­зейлер қорындағы қазақ тарихы мен мә­дениетіне және қолданбалы өнеріне қа­­тысты коллекциясына бірыңғай зерт­теу, зерделеу, ғылыми атри­буц­иялау жұ­мыс­тарын жүр­гізу жүзеге асырылды.

Сонымен қатар өткен жылы бірқатар археологиялық ғылыми жобалар бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілді. Мәселен, Сауран қалашығының даму дең­гейін және оның қазақ халқы мен мемлекеттілігінің қалып­тасу тарихындағы орнын көр­се­тетін тарихи жаңа мәліметтерді, қала өмі­ріндегі маңызды тарихи мәнге ие архитектуралық кешендерін іздестіріп, олар­дың пайда болу уақытын анық­­тау, архи­тектуралық құры­­лы­старын зерт­­теу (XIV-XVIII ғғ.) мақ­са­тында Қара­төбе қа­ла­шығында (Ежелгі Сау­ран) X-XIII ғғ., (қазба ауданы 120-200 ш.м. дейін), Міртөбе қа­ла­шығында және Сау­ранның солтүстік шетінде кес­кін­д­еме қазба (қазба ауданы 260-300 ш.м. дейін) жұмыстары қолға алынды. Жетісудағы суб­элиталық сақтардың әлеу­меттік құрылымы мен мәдени дәс­түрлерін қалыптастыру және дамыту ерекшеліктерін зерттеу мақсатында «Есік қорымы және Жетісулық сақтар мә­дениеті» жо­басы іске асты. Жоба аясында дереккөз ретінде ерте темір дәу­ірінің материалдары ретінде Рахат жә­не Өрнек ес­кер­ткіштері пайдаланыл­ды. Нәти­жесінде Есік аумағындағы көш­пенділердің қоғамдағы қайта жаң­ғы­рған этно­мәдениет пен әлеу­меттік-эко­номикалық жаңа мүм­кіндік­те­рін ашуға ықпал жасалды. Бұ­дан бөлек, зерттеу барысында Өрнек қорымындағы ғұрыптық-жерлеу салттарды көрсету, айыр­машылықтарын ашу, таңдалған әлеу­­меттік топтарын анықтау бас­ты назарда болды. Осы айтыл­ған жұмыстар Қазақстан аума­ғын­да полигенездік мәселелерге қатыс­ты сұрақтарға ғылыми негіз­ді жауап табуға септігін ти­гіз­ді. Алынған жаңа мәліметтер мен материалдарды талдау Қазақ­стан­ның археология ғылы­мын жаңа сапалы деңгейге көте­руге мүмкіндік береді.

Түркістан қаласының туристік мар­шрут­тағы маңызын ескеріп, «Күл­тө­бе қалашығы» жобасы аясында қала ау­мағында орналасқан Күлтөбе қала­шы­ғының ежелгі нысандарын анықтау, ашу және қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Күлтөбе қала­шығының археологиялық зерт­теу­лері Қазақстан­ның маңызды қала­­ларының ежелгі қамалын алғаш­қы зерттеп, қазақ хал­қы­­ның ежелгі және ортағасыр кезең­дегі рухани және материал­ды мә­дениетін зерт­теу деңгейін кө­терді. Қазба барысын­да табыл­ған материалдар, Қазақстан мәде­ниет тарихында ерекше орны ала­тын сәулет ескерткіштері жайлы жаңа мағлұматтар алынуда. Атап айт­қан­да, жоба шеңберінде ежелгі Ясы қа­малының құрылыстары ашылды. Қамал қабырғасының б.з.д. II ғ. – б.з. IVғ. сол­түстік бөлігі ашылып зерт­тел­ді, кес­кіні анықталды, ішкі жобасы зерт­тел­ді (қазбаның ауданы 700-800 ш.м.). Табылған олжалар жан-жақты ке­шен­ді зерттеледі және осылайша қа­мал қа­бырғасының қаланған мерзімі анық­та­лып олар­дың функциясы, даму жолдары анықталады.

«Сарыарқаның ежелгі және ортаға­сыр­лық кескіндемелері» тақы­рыбы бой­ынша ата-баба­мыздың, көшпелі хал­қымыздың ең құнды деректері болып табы­латын қазақ даласының тас мү­сін­­дері зерттелді. Қазақстан тас мүсін­дері жинағының бөлігі ретінде мүсіндердің суреттері мен си­пат­тамасы, картографиялық ма­те­риалдар мен олардың ико­но­графиялық атрибуттары, бей­не­­­ленген мүсіндердің гео­ло­­­гия­лық-петрографикалық си­пат­­­тамасы, аналитикалық бөлігі (мү­сіндерінің жі­к­телуі, атрибуттары, құрылыстар, лан­дшафт­ық жағдай, хронологиясы мен этни­ка­лық атрибуция) дайындалды, Шет ауданының тас мүсіндерінің жи­нағ­ын әзірлеу мақсатында жұмыстар жүр­гізілді.

«Алтынордалық Мыңтөбе қала­шы­ғын археологиялық зерттеу» (ХІІІ-ХІV ғғ. қаланың және ХV ғ. екінші жарты­сы – ХІХ ғ. қала­ның қалдықтары) тақы­­рыбы бойынша Қызылорда об­лы­сының Қазалы ауданы Өркендеу ау­ы­лы­ның солтүстік-батыс шетін­де орналасқан Мыңтөбе қала­шы­ғында зерттеу жұмыстары жүр­гізілді. Қала Арал маңын кесіп өтетін Жібек жолының дамыған тармақтарының бірінде орналас­ты. Археологиялық зерттеу­лер қалашықтың цитаделінде (Регистанда), орталық бөлігінде, қа­мал қабырғасында регистан, шахристан, рабад, некропольді іздеу және қазуға бағытталды.

«Мәдени мұра бойынша зерттеу материалдары» тақырыбында жүргі­зіл­ген жоба бойынша Орта­лық Азия архе­ологиясының де­рек­тері бойынша толыққанды анық­тамалық жасау кон­тексінде, Қазақстан аумағында бар­лық уақытта жүргізілген зерттеулер нәтижесінде көне заман та­рихы мен археологиясына қа­тысты алынған деректерді ба­с­­паға дайындап шығару бойын­ша жұмыстар жүргізілді. Батыс Қазақстандағы ежелгі көш­пе­лі­лердің қалыптасу кезеңін, ша­­руашылығын зерттеу, ел тари­хы­на жаңа мәліметтер ал­у мақ­с­атында ерте темір ға­сы­рының негізгі кезеңдерінің бірі көшпелі шаруашылығының генезисі болып табылатын сармат мәдениеті Қырық оба жобасын жүзеге асыру шеңберінде зерттелді. Нәтижесінде сармат­тар­­дың қабір үсті сәулет құ­ры­лыстарының ерекшелігін анық­тау, жерлеу дәстүрі үшін өзек­ті діни-ғұрыптық генезисті зерт­теу, діни көзқарастарды ре­кон­струкциялау мақсатында 10000 шаршы метрге жуық болатын сармат көсемдерінің Қырық-оба қорымында археологиялық жұ­мыс жүргізіліп, 4 оба зерттелді. Жұ­мыс барысында қорымның то­пографиясы, планиграфиясы, архитектурасы, стратиграфиясы зерттелді.

Археологиялық олжалар мен мифо­ло­гиялық аңыз әңгімелер рухани және ма­териалдық мәде­ни­еттің фено­мені саналады. Осыған байланыс­ты «Жетісу сақ­тарының идеологиясы мен мифо­ло­гиясы» атты тақырып бой­ынша ерте темір дәуірінде Жетісу өңі­рін мекендеген бабаларымыздан қал­ған өнер туындыларын зерттеу негізінде Қазақстан көш­пенділерінің идеологиялық және ми­фологиялық таным-түсінігін қайта жаңғыртуға ба­ғыт­тал­ған зерттеу жү­р­гізілді. Жоба аясын­да Есік және Түрген өзен­дері­нің биік шыңдарынан, Кетпен жо­та­сы, Райымбек, Ұйғыр, Пан­фи­лов, Жан­сүгіров және де басқа аудан­дардан табылған ерте темір дәу­ірінің петроглифтері қы­зық­т­ы, әрі құнды мәліметтері зер­­деленуде. Бұдан өзге 2017 жы­­лы Қарағанды облысындағы Нө­ге­рбек Дарасы, Алматы облы­сын­дағы Қызылбұлақ,  Солтүстік Қазақстан облы­сын­дағы Ботай қо­ны­старындағы, Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы белгілі Отырар, Құлан қала­шық­тарындағы археологиялық қазба зерт­теулердің нәтижесінде құнды мәлі­меттер мен олжалар анықталды.

Қорыта айтқанда, тарихи мұра­ла­­рымызды жалпыадамзаттық құнды­лық­тар қатарына қосу, тұтас­тай алғанда, м­әдениет сала­сын­дағы барша игілікті іст­ер уақыттың өзі талап етіп отырған ғылыми негіздермен ұштасып дами беретіні шүбәсіз.

Қуатжан УӘЛИЕВ,
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігінің 
жауапты хатшысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше