Білім • 18 Мамыр, 2018

Алматыдағы «Бөбек» орталығында бірқатар өңірден келген білім беру ұйымдарының басшылары кездесті

1823 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева еліміздің бірқатар өңірінен келген білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Алматыдағы «Бөбек» орталығында бірқатар өңірден келген білім беру ұйымдарының басшылары кездесті

Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваның «Сүйіспеншілік сабақтары» тақырыбы аясында педагогтар, оқушылар және түлектермен жиі-жиі кездесіп тұруды жақсы дәстүрге айналдырғаны баршаға мәлім. Бұған дейін де осындай игі шаралардың талайына куә болғанымыз бар. Ал осы жолы өткен жиынға Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім басқармасы өкілдері, «Өзін өзі тану» пәні бойынша біліктілі­гін арттыру курсына еліміздің бірқатар аймағынан арнайы келген мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты. 

– «Өзін өзі тану» – қандай да күрделі жағдайда адами қасиет және адамгершілік құндылықтан арылмай, абзал азамат және елге елеулі тұлға болып қалыптасудың қыр-сырын үйрететін үлкен ілім. Ол қиындыққа мойымауды, жауапты сәтте шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауды және өз тағ­дырыңа аса жауапкершілікпен қарау­­ды үйретеді. Алланың адал жол­ы­­мен өмірдегі өз жолыңды та­­бу­ға, көздеген мақсатыңа же­ту­­ге үгіттейді. «Өзін өзі тану» пәні жас­тардың бойында махаб­бат, адамгершілік, ме­йі­­рім­­ді­­лік, имандылық сияқ­­ты жалпы­адамзаттық құнды­лық­тарды қалыптас­тырады, оларды рухани адамгер­ші­лік­тің нәрімен сусындатады, – дейді Сара Алпысқызы. 

«Бөбектегі» басқосу барысында республикамыздың әр өңірінен жиналған білім беру ұйымдарының қызметкерлері де осы тақырыпқа байланыс­ты қызықты әңгімелер өрбітіп, көпшілікпен ой бөлісті. Олардың барлығы да оқушылар үшін өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар тек мектеп қабырғасында ғана емес, отбасында да жалғасын тауып, ата-аналардың көмегімен өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керектігін айтты. Себебі «Өзін-өзі тану» – жарық дүниеде өмір сүріп жатқан әр жеткіншекке өзін адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН, 
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ