Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Семейде «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар сайысы өтті

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаладағы Мәдениет сарайында өткен «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар арасындағы сайыс Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдығына арналды. Сайыста 18 жастан 40 жас аралығындағы сегіз азамат өздерінің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт екендіктерін дәлелдеп, сынға түсті. 

Семейде «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар сайысы өтті

Суретті түсірген автор

Олардың ішінде атап айтсақ, «Ақшың» сауда орта­лығының атқарушы дирек­торы Ерлан Жа­қыпов, Артиллериялық диви­зия­ның әскери қызметшісі Ермек Теңізбаев, №42 ор­­та мек­тептің мұғалімі Аман Қоныс­беков, Р.Бай­се­йітов атын­дағы қар­жы-экономикалық кол­лед­­жінің ұстазы Самат Кәріп­жа­нов, «Нұрдәулет» балалар бақ­­шасының тәрбиешісі Ернұр Ақ­паров, Семейдегі об­лыстық тарихи-өлкетану музейінің экс­кур­совод же­тек­шісі Ми­рас Құ­­са­йы­нов, Шақаман ауыл­дық округінің бас маманы Да­нияр Айдарбаев, Абай­дың мем­лекеттік қо­рық му­зейінің ғы­лы­ми қыз­мет­кері Мейіржан Нұр­ла­нов­тар бар. 

– Біз сайысқа түрлі ма­ман­­дықта қызмет істеп жүр­ген сай­дың тасындай өр жігіттерімізді ша­қы­рып отырмыз, – деді Се­мей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мінің басшысы Наз­ерке Ақ­қожина. – Алаштың ізба­сарлары тек өздерінің ғана мамандықтары емес, басқа да таланттары бар екен­діктерін халық алдын­да көрсете біліп, келер ұр­пақ­қа үлгі-өнеге болсын деген мақсатты ұстандық. 

Нар жігіттер әуелі өлең­­­­­мен өзін таныстырудан сынға түс­ті. Сол кезден бас­тап Ерлан Жа­­қыпов ал­ды­ға оза шабатын­ды­­ғын бір­ден көрсетті. Кең да­уысы, сахнада өзін-өзі ұс­тау мә­дениетімен ерекшеленіп, сайысқа қатысып отыр­ған­­дардан бірден алға шық­­ты. Жеті қазынаның бі­ріне жататын ер қаруын қол­дануда тағы да Ерлан Жақыповтың бәсі жоға­ры болды. Ең мерген ретінде таныл­ған Ерлан Жақыпов бірден 44 ұпай жинады. Одан кейін 41 ұпай­ды Ме­йір­жан Нұрланов, 38 ұпай­ды Самат Кәріпжанов еншіледі. 

Ұлттық киім киіп шық­қан кезде де сайысқа қаты­сушылардың талғамы кеңі­нен бағаланды. Гир тасын көтеру, ән салып, ұлт­тық нақышта би билеу, салт-дәстүр­лерді, тарихты жатқа айтып бе­ріп, түсіндіруден «Алаштың нар жігіті» бас бәйгесін Ерлан Жа­қы­пов иеленіп, беліне жеңіс­тің белбеуін тақты. 

Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист

СЕМЕЙ