Қазақстан • 18 Мамыр, 2018

Қазақстанда алғаш рет балалар үйлерінің веложарысы өтеді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы демалыс күндері, яғни 19-20 мамырда Қазақстандағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы алғашқы веложарыс өткізіледі.

Қазақстанда алғаш рет балалар үйлерінің веложарысы өтеді

Қазақстанның 8 өңірінің балалар үйі тәрбиеленушілері Алматыда «Чемпионның жолы» атауымен елімізде алғаш рет өткізілетін веложарыста бас қосады. 

Бұл жарыста 14-16 жас аралығындағы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тұратын, жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар күш-жігерін сынауға мүмкіндік алады.

Биыл жеңімпаз команда Тур де Франс сынды әлемдегі ең беделді үш велододаның қатарына кіретін «Испания Вуэльтасы» гранд-турының бірнеше кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Жеңімпаз командаға естен кетпестей қуаныш сыйлайтын веложарысты ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған «BAURZHAN Foundation» жеке қоры мен «Олимп» спорттық-рекреациялық орталығы» чемпинатқа қатысушылардың трассада өз күштерін көрсетіп және оны дәлелдеуге үлкен мүмкіндік бермек. Тұлғалық болмыс, моральдық және командалық рухтың нығаюына, балаларды салауатты өмір салтына дағдыландыруға бағытталған бастама әрі балалардың өзіне, болашағына деген сенімінің нығаюына жол ашады. Ал әлемдегі үздік «Испания Вуэльтасы» гранд-турын өз көзімен көріп, кумирлерімен кездесу-балалар үшін  өмірлеріндегі естен кетпес сәтке айналары сөзсіз.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ