Аймақтар • 18 Мамыр, 2018

Ақтөбеде «Музейдегі түн - 2018» акциясы өтті

605 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше сағат 19.00-24.00 аралығында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану, облыстық Өнер, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді.

Ақтөбеде «Музейдегі түн - 2018» акциясы өтті

Биылғы «Музейдегі түн - 2018» акциясы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасын қолдау мақсатында жүзеге асырылған.

 «Музейдегі түн - 2018» акциясы мерекелік шараға сай жабдықталған облыстық Өнер музейі ғимаратында және сыртқы алаңында өткізіліп, қала тұрғындары мен қонақтарын музейлік құндылықтармен таныстыру, көпшіліктің музей жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздеді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шебердің қолы ортақ» облыс қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан сатылым көрмесін, «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы барысында қала және облыс тұрғындары тапсырған жәдігерлердің, қалалық техникалық шығармашылық орталығының балалары дайындаған ғарыш, ұшақ және кеме макеттерінің көрмелерін ұсынылды және   «Жұлдызды бала» шоу-бағдарламасында талантты балалардың өнерлері көрсетілді.  

«Қазақстанның жас дизайнері» атанған Аяна Мұратованың киім үлгілерінен балалар дефилесі, «Табиғат әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық ойындар ұйымдастырылған бұл кеште –қазақ ертегілері мен заманауи мультфильмдердің кейіпкерлері де ортадан табылды. Келушілер ойын-сауық орталығы арқылы қазақтың ұлттық ойындарына (асық, арқан тартыс т.б.) қатысып, қалалық жас туристер стансасының көрмесін тамашалай алады. Сонымен қатар, «Ашық аспан астындағы обсерватория» телескопы арқылы жұлдыздар мен аспан денелерін бақылап, ғарыш кеңістігін бақылап, астрономия бойынша ғылыми-танымдық кітаптар көрмесін және космонавтика жөнінде бейнефильмдерді де көре алды.

Облыстық өнер музейі интерактивті көрме, скочтан жасалған мүсіндер инсталляциясын, жанды дауыстағы әндер, Үлкен форматтағы бейнелеу өнері шебер-класын, «Бәріміз сурет саламыз...» акциясын, музей алаңында Ақтөбе облысына танымал шеберлердің көрме-жәрмеңкесін және фотоаймақ ұйымдастырды.

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі «Әлемді бейнеле» балалар арасында сурет салу байқауы, «Соғыс жаңғырығы» Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артефактардан көрмесі, «Далалық почта», «Жауынгерлік кухня» және «Соғыс тарихындағы сандар» инсталляциялары оздырылып, караоке арқылы «Әскери патриоттық әндер», «Әлия. Мәншүк. Хиуаз» қаһарман қыздары туралы кинолента көрсетілді. Әрі фотосессия жасап, ұйымдастырушылар келушілерге ұмытылмастай мәдени кеш сыйлады.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе 

 

Соңғы жаңалықтар