Қазақстан • 18 Мамыр, 2018

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2018 жылғы 19-21 мамыр демалыс күндер ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпалын тигізеді. Осыған байланысты жылы және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан ауа түсіп, +30…+35 градусқа дейін температураның жоғарылауын тудырады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында сенбі және жексенбі күндері түнде суық сақталады. Алайда жексенбіде күндіз +25+30 градусқа дейін температураның күрт көтерілуі күтіледі", - делінген хабарламада.