Бағдарламалар • 19 Мамыр, 2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы атап өткен бес мегатренд Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 алаңдарында кеңінен талқыланып жатыр.

 

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

Біз үшін аталған бес мегатрендтің Қазақстанда қалай дамитыны басты мәселе, деді «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев.

«Мәселен, мегатрендтердің бірі — жаһандық еңбек нарығын алайық, ол жұмыс күші өте мобильді деп қарастырады. Бүгінде біз әртүрлі елдерде, корпорациялар мен ірі компаниялардың арасында таланттар үшін, білікті жұмыс күші үшін өте қатал бәсекелестік бар екенін байқаймыз.

Мысалы, бүкіл әлемнің ең үздік бағдарламашыларын, АT-саласының ең шығармашыл адамдарын өзіне тартатын Кремний алқабының феноменін көріп отырмыз. Озық дамыған елдердің өзі қандай саясат жүргізуге тырысса да, оларға Кремний алқабымен бәсекелесуге тура келеді», — деп түсіндірді Р. Ошақбаев.

Тиісінше, Қазақстанда да ақылдылардың жылыстауы мәселесі орын алуда. Біздің мықты даярланған, білікті мамандарымыз өзге елдерден аса тиімті ұсыныстар алуы мүмкін.

«Сол себепті де білікті мамандардың елімізде қалып, мансапқа жетіп, Қазақстанның дамуына үлес қосуы үшін оларды қалай қызықтыруға болатыны туралы сұрақ туындайды. Таланттарды қалай өсіру керек, оларды елде қалай ұстап қалу қажет, оларды қалай тартуға болады? Бұл – Елбасы назар аудартып отырған өзекті мәселелер», — деді сарапшы.