Кино • 20 Мамыр, 2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды.

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған. Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. "Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", - деді ол.

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында өрбіген. Ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, сонымен қатар Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын.