Солтүстіктен ескен жылы леп

Өткен жылы наурыз айының орта шенінде Мем­ле­кет басшысы төрт облы­с­тың әкімдерін тиісті мәсли­хат­тар депутаттарының келі­сі­мімен тағайындағанда әлеу­мет­тік желілердегі парақ­ша­ларымның біріне: «Жаңа­дан тағайындалған төрт әкім­нің төртеуі де қоғамдық-сая­си жұмыста шыңдалған, жұрт­шы­лықпен жұмыс істей біле­тін, өңірде де, орталықта да жеткілікті тәжірибе жинақ­та­ған белгілі азаматтар екен. Мұны жақсылықтың нышаны ретінде қабылдаған жөн сияқты», деп жазған екен­мін. Сол сөзімді бекер айтпағаныма, әсіресе өзім туып-өскен Қызылжар өңірін­дегі жаңалықтарды қалт жіб­ер­мей қадағалап және жер­гілікті тұрғындардың пі­кір­­­лерін де біле жүріп көз жет­кізгендеймін.

Егемен Қазақстан
21.05.2018 30618
2

Солтүстік Қазақстан облы­сының әкімі болып тағайын­далғанына дейін бірнеше жыл «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары болып, саяси жұмыстан мол тәжірибе жинақтаған Құмар Ақсақалов өзінің жаңа қызметін та­қап қал­ған Наурыз мейрамын жа­ңаша өткізуден бастады. Ол, ең алдымен, мерекелік шараларды өт­кізуге байланыс­ты облыс орта­лы­­ғының кейбір көше­ле­рін жауып тастап, автокөлік жү­р­гізу­шілерінің наразылығын ту­ғы­зуды тоқтатуды тапсырды. Сон­­дай-ақ ұлыстың ұлы күнін ша­һар­дың көп пәтерлі үйлерінің аул­а­ларында да кеңінен атап өтуді ұсынды.

Бұл ұсынысты пәтер иелері кооперативтері қолдап, ара­лас-құраласы сирексіп кеткен тұрғындарды ашық аспан астында жайылған дастарқан басында тоғыстырып, мәре-сәре қылды. «Бұ­рын Наурыз мейрамында тігілген киiз үйлердiң есігін іштен жауып алынып, көп­балалы аналарға, ардагер­лерге, мүгедектерге ас бері­летін. Енді мұны мейрам қар­са­ңында еңбек ұжым­дарында ұйым­дас­тырған жөн ғой деп ойлаймын. Себебі киiз үй­лердің есігі ке­лу­шілердің бәрі­не ашық болуға ти­iсті. Олардың iшi ұлт­тық нақышта бе­зен­дiрiлiп, хал­қы­мыздың салт-дәс­түр­лерi көр­се­тіліп, насихатталуы ке­рек», – дейді облыс басшысы.

Теріскей өңірдің ең өзекті мәсе­лесі – демографиялық жағдай­дың күр­­делілігі. 2003-2013 жылдар ара­лы­­ғында бала туудың кемуінің, сондай-ақ сыртқы және ішкі көші-қонның толастамауының салдарынан облыс тұрғындарының саны 670 мыңнан 570 мыңға дейін, яғни 100 мыңға азайып қалған. Одан кейінгі кезеңде бұл теріс үрдіс сәл баяулағанымен, тоқтала қоймай, тұрғындар саны 558,6 мың адамға дейін құлдыраған. Қаншама ауылдың түтіні өшіп, ата-бабаларымыз қас жаулардан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, кейінгі ұрпақтарына мирас етіп қалдырған қасиетті жеріміздің қыруар бөлігі иесіз құлазып қалды десеңізші?! Өкінішке қарай, еліміз­дің тәуелсіздігі жылдарында шет елдер­ден Қызылжар өңіріне кө­шіп келген ағайындардың тең жар­тысына жуығы кейін қысы қатты, жазы қысқа өлкені жер­сінбей, оңтүстік облыстарға қай­тадан қоныс аударып кеткен. Сон­дықтан да ендігі үміт – Елбасы тапсырмасына сәйкес Үкімет қол­ға алған бастама – жұмыс күші артық өңірлердің еңбеккерлерін жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бағдарламасы бо­йын­ша ұсынылып отырған қолайлы мүмкіндіктерді мүлт жібермеу.

Соны жете ескерген облыс әкімінің қолдауымен былтыр оңтүстік өңірлерден 188 отбасы көшіп келіп, солтүстікқазақстандықтардың қатары 802 адамға толықты. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғыдан бір жарым еседей артық. Солтүстік Қазақста­н облысы аталмыш әлеу­мет­тік бағдарламаны іске асыруда өзге өңірлерге өнеге көрсетіп келеді десек, артық айтқандық емес. Мұн­да үстіміздегі жылы осы игі істің ауқымы барынша ке­ңейтіліп, жұмыс күші артық өңір­лердегі 700 отбасыны көшіріп әке­лу немесе 3 мыңнан астам адамды қоныстандыру көз­де­ліп отыр.

Өңір басшысы бұған дейін оқушылар саны жетіспегендіктен, бастауыш мектептері жабылып, құ­рып кету қаупі төнген шағын ауылдарға қоныстандырылған күнгейлік ағайындардың арасында тұрақты жұмыс таппай қиналып жүргендер барлығын білген соң іле көшіп келушілерді алдағы уақытта тек жұмыс күші жетіспейтін әрі тұрмыс үшін маңызды әлеуметтік нысандары бар ірі елді мекендерге ғана орналастыру жөнінде тапсырма берді. Осыған орай биыл Үкімет бекіткен квотаға сәйкес Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан көшіп келетін еңбеккерлерді қоныстандыру үшін 224 елді мекен таңдап алынды. Оның 106-сы – экономикалық өсімнің жоға­ры әлеуетіне, 118-і орташа әлеует­ке ие. Оларда 828 тұрғын үй мен 1282 жұмыс орны жаңа иелерін күтіп, бос тұр. Бұған қоса, облыс әкімі жер алып, бау-бақша өсір­гісі келетін қоныс аудару­шыларға барынша қолдау көрсе­туді тапсырды. Қызылжар топы­рағы, әсіресе картоп пен көкөніс өсі­руге қолайлы екендігін білген кейбір оң­түстіктен көшіп келген аға­йын­дар қазірдің өзінде қапы­сыз қимылдап, табыс көзін тауып жүр.

Облыс басшылығы Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мем­лекеттік университеті мен бес колледжде «Серпiн-2050» әлеу­меттік бағд­арламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келіп, бiлiм алып жүрген 1114 студентке де үлкен үміт артып отыр. Жуырда олармен кездесу өткізіп, биыл оқу бітіретін түлектердi жұмысқа орналастыру жайлы әңгіме қозғады. «Біз биыл­дан бастап «Менторлық» жобасын қолға аламыз. «Серпiндiк» бір түлекке менің өзім ментор боламын. Оған ақыл-кеңес берiп, жұмысқа орналасуын бақылауымда ұстаймын», – дей келіп, облыс бас­шысы осы жиынға қатысып отыр­ған мемле­кеттiк органдардың бас­шы­лары мен кәсіпкерлерді де «Сер­пiн-2050» бағдарламасының ал­ғаш­қы 319 түлегіне менторлар, яғ­ни қамқоршы тәлімгерлер болуға ша­қырды.

«Серпіндіктердің» араларында Қызылжар жерінде шаңырақ көтер­ген жастар да бар екен. Он­дай жас отбасылар осында қал­ғылары кел­се, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалатын болады. Бұл ретте облыс әкімі: «Қазір біздің өңірдегі ауыл мек­теп­те­ріне, ауруxаналарға, фель­д­шер­лік пункттер­­­ге мамандар қажет. Ауыл­дар­ға барып, үйленіп, сәбилі бол­са­ңыздар, онда біз сіздерге тегін үй салып береміз. Әрине, ол қыз­мет­тік бас-
пана болады. Бірақ, кейін жеке­ше­­лендіріп алуларыңызға да бо­латын шығар деп ойлаймыз. Тұрғын үйді жергілікті кәсіп­керлер салып береді. Сіздерге арнал­ған осындай жаңа бас-
тама­мыз бар», – деп мәлімдеді.

Тағы бір айта кететін жайт, өт­кен жылдың соңында Петропавл қала­сында жаңажылдық шыршаларды орнатуға және облыс орталығын мере­келік безендіруге қалалық бюд­­жет­тен бір теңге де қаражат бөлін­бей, бұдан үнем­делетін қыруар ақ­ша­ны ша­һар кө­ше­лерін одан әрі көр­­кейту жұмыс­тарына жұмсау тап­­сы­рылды. Қала басшыларына был­тыр орнатылған шыршалар мен әртүрлі әшекейлерді қайтадан пайдалану ұсынылды.

Өйткені Петропавлды жаңа­жыл­дық безендіруге кейінгі жыл­дары қаланың бұрынғы және бүгін­гі әкімдерінің «талғам­паз­дық­тары» мен «мырзалық­тары­ның» қан­шалықты екендігіне байланысты
8 миллион теңгеден 24 миллион тең­ге­ге дейін қаржы шығындалып келген екен...

Петропавл тұрғындарын ай­рық­­­ша риза қылған бір игілікті іс былтыр облыс орталығында рес­пуб­ликалық бюджет қар­жысы есебінен бірден екі қазақ мектебінің құрылысын бас­тауға қол жеткізілуі. Бұл – елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан өңірде ана тіліміздің өрісін кеңейту ниетінен туындаған үлкен қамқорлық. Өйткені тәу­ел­­сіз­дік жылдарында облыс орта­лы­ғында жаңадан 5 қазақ мектебі ашылғанымен, уақыт өте келе олар­дың өзі жеткіліксіз болып, оқу­шы­лар­ды екі-үш ауысымда оқы­ту­ға ту­ра келген. Ал кейінгі он жыл­да Пет­ропавлда бірде-бір мек­теп са­лын­баған.

Қызылжар өңірінің мәдени өмі­рінде де облыс әкімі ұйытқы бо­лып, елді елең еткізген жақсы жа­ңа­лықтар жетерлік. Солардың бірі – үстіміздегі жылы облыс ор­та­­лығының жаңа «Жас Өркен» ша­ғын ­ауданында Сәбит Мұқа­нов атындағы қазақ сазды-драма­лық театрының 500 орындық жаңа ғи­маратының құрылысы баста­ла­тындығы. Өйткені Петропавлдың шет жағында орналасқан бұрынғы энергетиктердің Мәдениет үйінің ғимаратында 2000 жылы ашылған аталмыш театрдың 200 орындық көрермендер залы тарлық етуде.

Тарих-данадан тағылым алып, өткен мен бүгіннің сабақ­тас­ты­ғын қамтамасыз ету, ұлт­тық құн­дылықтарымызды қастерлеу ісінде му­зей­лердің рөлі айрықша екен­дігі мәлім. Осыған жете мән берген өңір басшысының ұсы­нысымен облыс­тағы барлық музей келушілерге тегін қызмет етуге көшірілді. Соның арқасында облыс орталығындағы му­зейлерге келушілердің қатары бұ­рын­ғы жылдардағымен салыс­тыр­ғанда 20 пайызға артты. Бұған қоса, ауыл мектептерінде үстіміздегі жы­лы 70 музей ашылған.

Қызылжарда былтыр тұңғыш рет өткізілген тағы бір тамаша іс-шара – «Гауһар тас» оркестр­лер мен ұлттық аспаптар ансам­бльдерінің рес­публикалық фес­тивалі. Биыл екінші жыл қа­тарынан өткізілген өнер бәйге­сінде еліміздің түкпір-түк­пірі­нен келген оркестрлер солтүс­тік­қ­азақстандықтарға бірнеше күн бойы өнер көрсетті. Сондай-ақ облыс әкімінің қолдауымен елге әйгілі жерлес әнші-компо­зиторлардың әндерінің жинақ­тарын дайындау қолға алынды. Әуелі атақты Ақан сері, Бір­жан сал, Үкілі Ыбырай баба­ла­ры­мыз­дың әндерінің дискілері шығарылды.

Үстіміздегі жыл – Қызылжар өңірі үшін мерейтойлар жылы. Сегіз серінің екі ғасырлық то­йы, Мағжан Жұмабаевтың 125 жыл­дығы, Ақан серінің 175 жылдығы, Қожаберген жыраудың 355 жыл­дығы сияқты мерейтойларға ұлас­­пақшы. Облыс бас­шылығы олар­дың бәрін де лайық­ты атап өтуді жоспарлап отыр.

Әрине, солардың ішінде түркі дүние­сінің жарық жұлдызы – Мағ­жанның орны бөлек. Соны ескер­ген облыс басшылығы ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының басшы­лы­ғымен ақылдаса келе, ақиық ақынның мерейтойын ұйымға кiре­тiн ел­дерде атап өту туралы шешiм қа­былданған. Түркi әлемiнде 2018 жыл «Мағжан Жұмабаев жы­лы» болып жарияланып, ол түркi әлемiнiң мәдени астанасы атал­ған Кастамону және Анкара қала­ларында ақпан айында бастау алды. Оған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы қатысып оралды.

Ұлы ақынның туған күнi – маусымның 25-іне қ­арай Петро­павл­­да «Мағ­жан көктемi» V рес­пуб­лика­лық өнер фестивалi, респуб­ли­к­алық ғылыми-прак­тика­лық кон­фе­ренция, жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылары арасында рес­публикалық «Мағжан оқуы» өткi­зiл­мекші.

«Бiз, ең алдымен, Мағжан Жұма­ба­евтың шығармашылығына ба­са көңiл бөлуiмiз қажет. Осы мақ­­сат­пен ұлы ақынның бұрын жа­­­рия­­ланбаған өлеңдері енген кіта­­бын шығармақшымыз», – дедi Құ­­мар Ақсақалов жуырда Аста­на­­дағы ор­талық коммуникациялар қыз­ме­тінде болған баспасөз мә­с­ли­хатында.

Қызылжарда осындай оң өзге­ріс­тер бар. Әдетте іргелес жатқан Сібір­­дің салқыны сезіліп тұратын сол­түс­тік өңірден бүгінде жан жадыратар жылы леп есе бастаған сияқты...

Кәрібай МҰСЫРМАН,

Қазақстанның құрметті журналисі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу