Парламент • 22 Мамыр, 2018

Сенат Төрағасы БАӘ Ұлттық Федералдық Мәжілісінің депутатымен кездесті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық Федералдық Мәжілісінің депутаты, Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің төрағасы Ахмед бен Мұхаммед әл-Джарванды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Сенат Төрағасы БАӘ Ұлттық Федералдық Мәжілісінің депутатымен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастығының жоғары қарқынына тоқтала келіп, оған мемлекеттер басшыларының арасындағы өзара сенімді қатынастар тікелей ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Сенат Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының съезін шақыру туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының іске асуы жөнінде мейманға әңгіме­леп берді. «Діни көшбасшы­лар, мемлекет басшылары мен ірі халықаралық ұйымдар­дың жетекшілері, танымал саясат­кер­лер қатысатын бұл форум жаһан­дық мәселелерді шешу жол­дарын іздестіретін, толеранттық пен өзара түсіністік қағидаларын нығайтатын ерекше алаң болып отыр», деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Ахмед бен Мұхаммед әл-Джар­­­ван әлемдік діндер өкіл­дері­­­нің арасындағы өзара түсі­­ніс­­тікті нығайтуды, аймақ­тық жә­не халықаралық тұрақты­­лық­қа жәрдемдесуді мақсат ете­тін Жа­һандық толерант­­тық және бей­­бітшілік кеңесінің жұмысы бас­­талғаны туралы хабардар етті.

Парламент жоғарғы пала­та­сының басшысы дінаралық үнқатысу саласындағы Қазақ­стан бастамасымен үйлесетін Ке­ңестің құрылуына қолдау біл­дірді. Қ.Тоқаевтың пікірін­ше, Съезд Хатшылығы мен Жаһандық Кеңес дінаралық үнқатысуды, өзара толе­рант­­-
тықты, бейбітшілік пен қауіп­­сіз­дікті ілгерілету және нығай­ту мақ­­сатында әріптестік қаты­­нас­­тарды орнықтыра алады. Әмірлік парламентшісі ұсыныстың келешегі зор екенін айта отырып, келісетінін жеткізді.

Қ. Тоқаев Ахмед бен Мұхам­мед әл-Джарванды қазан айында Қазақстан Астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне келіп қатысуға шақырды.