Цифрландыру Павлодар өңірінде қалай өрістеуде?

2022 жылға қарай облыстағы мемлекеттік қызметтердің 85 пайызын электронды фор­матқа ауыстыру жоспар­лан­ған. «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы аясында қолға алынған жұмыстың барысына көз жүгіртіп көрейік. 

Егемен Қазақстан
23.05.2018 1334
2

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің айтуынша, қазір облысымызда «Цифрландыру кеңсесі» жұмыс жасайды. Таяу жылдары тұрғындар түрлі мемлекеттік қызметтерді онлайн тұтынатын деңгейге жетуі керек. Сол үшін қазірден бастап мемлекеттік ор­ган­дардың ұсынатын қызметін авто­маттандыру бағытындағы жұмыс­тар жасалуда. 

– Цифрландыру саясатын жүзе­ге асыруға өңірдегі барлық бас­қар­малардың, қала, аудан әкім­дері­нің белсене қатысуы талап етіледі. Об­лыс­тық ІІД жергілікті полиция қыз­меті әрбір аудан үшін квадрокоп­тер сатып алады. Ұшатын ап­парат жо­ғалған малды іздеуге, қа­­рақ­­шы­­лар­ды қолға түсіруге, су тас­­­қы­­­нын алдын ала бақылауға, бас­қа да жағдайға кө­мектеседі,– дейді Ұлан Жазылбек.

Облыстық индустриялық-ин­нова­циялық даму басқармасы­ның хабарлауынша, өңірде жоба­лық ке­ңес құрылып, 4 бағыт бо­йынша жұмыс жүргізетін болады. Мы­­салы, «Экономика салаларын тех­­­но­­­логиялық жаңарту және цифр­­ла­ндыру» бағыты бойынша «Қазақ­­стан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Май­қайы­ңалтын» АҚ, «Каустик» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС цифр­лы жобаға қатысады. Өнім кө­лемі мен сапасын арттыруға жаңа тех­но­ло­гиялар ғана мүмкіндік бере ала­ды. Цифрландыруға бағытталған құ­рал­дарды қолданысқа енгізу үшін өндіріс орындарында биыл 17 шара өтеді. 

Жоғарыда облыс әкімінің орын­басары айтып өткендей, цифр­лан­дыруға өңірдегі барлық басқар­малардың, қала, аудан әкімдік­терінің белсене қатысуы талап етіледі. Облыс әкімі аппаратының бас­шысы Расул Оразғұловтың айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы бойынша өңірде «Мем­лекеттік қызметтердің есеп­терін цифрландыру сервисі» әзір­леніпті. Жергілікті атқарушы орган­дары реестр бойынша 191 мемле­ке­ттік қызмет көрсетеді. Қазір элект­рон­ды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 38 пайызды құрайды. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қам­туд­ы үйлестіру және әлеуметтік бағ­дарламалардың сапасын арттыру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» жо­басы жүзеге асырылады. Бұл ретте көр­сетілетін барлық мемле­кет­тік қызмет түрі автоматты жүйеге көшірілмек. Қалалар мен аудан­дар­дағы жұмыспен қамту орталықтары электронды еңбек биржасына қосылды. 

– Біз қағаз құжат айналымын қысқарту үшін жұмыс істеп жатыр­мыз. Ол үшін облыстың мем­ле­кеттік органдарында технологиялық инфрақұрылым – мем­лекет­тік мекемелердің бірыңғай муль­ти­сервистік орталығы қызмет көрсете­ді. Яғни 136 жергілікті атқарушы органда 2 мыңнан астам желілік ақпараттық жүйелер қолданылады, – дейді Р.Оразғұлов. 

Бір айтар кетерлігі, облыстағы 40-қа жуық ауыл, 23 мектеп жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылмаған. Сол себепті облыс әкімдігі кең жолақты интернетке қосу үшін ауылдарда автономды стансалар құруды ұсынып отыр. 

Екіншіден, ауылдықтар спутник­тік телеарналарды жиі көреді, үйінің төбесінде «тәрелке» қосып алған, кейбірі «Отау ТВ» жүйесіне қосылған. Өкінішке қарай, ауылдық жерлерге іссапарға барғанда куә болып жүрген бір мәселе – ауыл халқы өзге елдің телеарналарына байлаулы. Бұл жайт та назардан тыс қалып келеді. Ауылдықтар цифрлы телетаратылым жүйесі ең алдымен шалғайдағы ауылдардың мүддесіне сай болғанын күтуде. 

Биыл облыстағы ауруханалар, емханалар жалпы медициналық ақпараттандыру жүйесіне тіркеледі. Р.Оразғұлов атап өткендей, өткен жылы өңір жұртшылығына 3,8 мил­лионға жуық көрсетілген мем­лекет­тік қызметтің 3,2 миллионы ме­ди­цина саласына қатысты екен. Де­нсаулық сақтау саласы қызмет­керлері 1 миллион 200 мың қызметті электронды түр­де көрсеткен. Биыл аурухана, ем­хан­алар­ға тағы да 321 дана компью­тер сатып алу жоспарланып отыр. Өзіміз көріп жүргендей, емха­на­лардағы дәрігерлер де компью­тер­дің құлағында ойнауға машық­танып қалған. Қалай болғанда да цифр­ландыру бағдарламасы қабыл­д­анбай тұрып-ақ елімізге IT-техноло­гия­лардың жаңалықтары келді ғой. Қазір онлайн сервистер, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай түрлері бізге де жетіп, халықтың жұ­мысы біршама жеңілдеген. 

Әрине жаңа технологиялар өндіріске келуі үшін жергілікті жоғары оқу орындары бәсекеге қабі­летті, жоғары білікті маман­дар дайындауға мән беруі қажет. Олардың алдында IT-мек­теп­тер, технопарктер ашу мін­деті тұр. Мысалы, Павлодар мемле­кет­­­­­тік педагогикалық универси­те­­тін­­­де IT HUB зертхана ашылды. Соның арқасында студенттер сабақ үстінде және бос уақы­тын­­да 3D-модельдеумен, түр­лі қол­­дан­балы ақпараттық бағдар­ла­ма­лар­мен шұғыл­дана алады. Алда­ғы уақыт­та IT HUB базасында кәсіп­орын­­дардың жұмысын ақпараттық тех­нологияларға көшіру жобасы же­тіл­дірілмек. Университеттің про­рек­торы, ғалым Александр Сви­­дер­ский жобалар Елбасының экономи­ка­ны цифрландыру бойынша тапсыр­малары үдесінен шығады деп отыр. 

Бұл университетте жасалған жобалар оқу орнының стартап орталығындағы шағын қалыптағы өндірістер үшін қажет. Өндірістерге арналған инновациялық жобалар жасалса, облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында бірлескен ғылыми орталық пайда болуы мүмкін. Университетте робот-техника зертханасы жұмыс істеп тұр. Кітапхана да цифрландыру жүйесіне өтуде. Өңір жастары жобаларын жетіл­діру үшін ІТ орталығында білім алады. Облыс орталығындағы «Жас­тар бастамаларын дамыту ор­та­­лығында» жастардың ақпарат­тық-технологиялық білім­дерін жетіл­діруге бағытталған кабинет те бар. 

Облыс орталығындағы №37 мектепте қазір турникеттер, мектеп асханасы мен кітапханасында смарт-жүйе, «Teacher office» жұмыс жасап тұр. Мектеп директоры Ләйлә Жүсіпованың айтуынша, «Teacher office» бөлмесінде мұғалімдер «Күнделік», «Bilim land» жобаларына сай кітаптарға тапсырыс береді. Кітапханашы автоматты жүйе арқылы қабылдайды. Ал «Смарт Павлодар» қосымшасы арқылы ата-аналар ас мәзірін онлайн режімде көреді. Асханаға келген оқушы құрылғыға саусағын тигізсе монитордан тапсырыс тізімі шыға келеді. Төлем автоматты түрде төлем картасынан алынады. 

Әрине «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының мақсаты цифр­лы технологияны терең меңгеруге, цифр­лы сауатты болуға бағытталған. Оны меңгерудің халық үшін игілігі көп екені де түсінікті. Павлодар өңірінде осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы, сондай-ақ шешімін табуға тиіс мәселелердің шет жағасы осындай.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан» 

 

Павлодар облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу