Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Егемен Қазақстан
23.05.2018 386
2

Соңғы қоңырау мерекесі ұмыт бола бастаған сырлы сезімдерді еске түсіреді. Еске түсер тағы бір жайт бар. Қазақ мектептерінде, аралас мектептерде мектеп вальсіне арналған ана тіліміздегі ән неге орындалмайды? Соңғы қоңырау салтанаттарына талай куә болып жүрміз. Бәрі жарасымды болып келе жатқанда орыс тілінде ойналатын әуендер көңілді нілдей бұзады. В.Толкунова, С.Ротару және басқа да Ресей эстрадасының жұлдыздары орындайтын «Последний звонок», «Школьные дни», «Школьный вальс» сияқты әндер қазақ мектептеріндегі білім мерекелерінен қалмай келе жатқалы қашан?!. Мәселен, «Когда уйдем со школьного двора, под звуки нестареющего вальса, учитель нас проводит до угла, и вновь – назад, и вновь ему с утра – встречай, учи и снова расставайся, когда уйдем со школьного двора», деп келетін орыс тіліндегі ән мәтіні әбден сіңісті болды. Ұстаздың да, ата-ананың да, оқушының да жарғақ құлағына жақын, ұлттық сана-сезім селт етпейді. 

Әрине музыкада шекара жоқ. Бірақ Қазақстан бойынша аталып өтетін білім мерекесінде рухымызға жақын, ішкі болмысымыздан қайнап шыққан шығарма шырқалса, ұлттық тәрбиенің тағы бір түрі болмай ма?! Мектептің міндеті – біліммен бірге ұлт дәнегін егу ғой. Мың болғыр А.Затаевич жарықтықтың қоржынын толтырған қазақ даласынан соңғы қоңырау үніндей сыңғырлаған ән табылады. 

Қазір ғаламторға жүгінген заман. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге дағдылану еңбек етуді ғана емес, жадымызды да жоғалтып жатыр. «Мектеп вальсі» туралы ән іздегенде мектеп әкімшілігі мен ұжымы ғаламтордың «ғаламатын» пайдаланбақ болатыны жасырын емес. Алайда интернет мектеп туралы вальс пен романстардың түр-түрін ұсынғанымен, бұл шығармалар кейбір ағайындарымыз сынды орыс тілінде шүлдірлей жөнеледі. Ұстаздар мен оқушылар әрі-бері іздеп ғаламтордан қазақ тіліндегі «Мектеп вальсі» табылмаған соң амал жоқ, бөгде тілдегі әндерді қояды. Музыка пәнінен сабақ жүргізетін мұғалімдер халық әндері мен композиторларының мұрасынан бөлек, ел арасындағы ән-жырға да қанық болса, мұндай қысылтаяңнан жол тауып кетуге болады. Ондай деңгей қайда?.. Көпшілік мектептерде Әбілахат Еспаевтың әйгілі «Ұстазым» әні айтылады. Жүрекке жылы тиетін ән. Ал шырқ үйіріле билейтін «Мектеп вальсіне» келгенде тосылып қаламыз. Құдай-ау, осындайда ақын Айжарық Абылқасымовтың себездеп құйған ақ жауындай «Мектеп бітірушілер вальсі» (әнін жазған Қайрат Жанбауов) шығармасы қалайша еске түспейді? Бұл ән Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының мектептерінде жиі айтылады. Әсіресе тағдырлы ақынның өзі тұратын Қабанбай мен сол ауылға жақын Қарабұлақ және Барлық-Арасан елді мекендеріндегі орта мектептердің жергілікті дәстүрлі мектеп вальсіне айналған. 

Әннің алғашқы шумағының өзі адамды тез елітіп ала жөнеледі: «Мектептің қоңырауы, соңғы рет сылдыр етті, қоштасар келді уақыт, жүрегім дір-дір етті». Бұдан әрі қарай қайырмасы да қайырыла соққан толқындай жан-дүниеңізді жалқы сәт жан-жаққа жетелейді: «Тебіренді таныс көңіл, белгісіз жол басталып, сен алғаш вальске бұл – шақырдың сәл жасқанып. Жап-жақын болсақ та енді, сен маған қара тынбай. О, вальс, шаршат мені, есімде қалатындай!» Ал екінші шумағы балалықпен де, мектеппен де қоштасу сырындай төгіледі: «Ұстазым күлімдеген, шынымен қаласың ба, балалық бүгінменен бұлдырап барасың ба? Сағынып тұрғандаймын, сендерді көп күн көрмей, мен әйтеу армандаймын, мектептен кеткім келмей...».

Тербелген әні соңғы қоңырауға сұранып-ақ тұр. Сөзі жаттауға оңай әрі бүгінгі көп күлді-бадаммен салыстыруға келмейтін мазмұнды. Музыкалық әрлеуден өткізіп, тұнық дауысты талантты әншілер орындаса, әннің де, әншінің де бағын ашады.

Жалпы, еліміздегі мыңдаған мектеп­тердегі «Соңғы қоңырау» мерекелік шарасының ұлттық нақыштағы әндерін бір ізге түсіріп бекітуді «тамыз мәслихаты», «Жыл мұғалімі» сияқты педагогтерге арналған келелі басқосуларда ән-күй саба­ғының ұстаздары мен тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл мәселені жергілікті жерде ұйымдастыруды қалалық, аудандық білім және ішкі саясат бөлімдеріне жүктесе, алынбайтын асу болмас. Жыл сайын жүз мың­даған түлектің жүрегінен орын алса, есті ән де ғұмыр сүреді, ұлттық музыка қазынасы да ұмытылмайды, республика мектептері де риясыз қабылдайды. Бұл үшін қоржындағы жақсы әндерді заманауи әрлеумен жазып, ғаламторға салу жеткілікті.

Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Маржан (18.06.2018 20:48:18)

Осы əнді "мектеп бітірушілер вальсін" маған жібере аласыз ба?

Пікір қосу