Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

- 1496028442_user.jpeg -
Егемен Қазақстан
24.05.2018 2076
2

Ұрпағына ұмытылмастай ұлы мұралар қалдырған ұлттың ұпайы қа­шанда түгел. Бұл жағынан біздің қа­зақ ешкімнен кем емес. Бірақ сол іліп алар­лықтай інжу-маржандарымызды төрт­күл дүниеге танытуға келгенде кеже­ге­міздің кейін тарта беретінін мойын­дауға тиіспіз.

Атақ-даңқы ат тұяғы жеткен жердің бәріне аңыз болып тараған арғы аталарымыз артында Алатаудай алтынға айырбасталмас­тай баға жетпес байлық қалдырды. Әттең, сол асыл қазынаның басым бөлігін әртүрлі себептерге байланысты сақтай алмадық. Талай құндылықтарымызды құм жұтқан қалаларымызбен бірге құрдымға жібердік. Осылайша орта ғасырларда оқу-білімнің ордасы болған Отырар кітап­ханасынан айы­рылдық. Көзге түсер көрнекті жәді­гер­леріміздің көбісі ен даламызды еркін кезген келімсек жиһангездердің қанжығасында кетті. Одан қалғандары озбыр мінезді отар­шылар­дың оңай олжасына айналды.

Тәубе! Тәуелсіздік таңы атысымен-ақ талан-таражға түскен тарихымыздың кем-кетігін түгендей бастадық. Соның арқасында құйсаң толмас құт-берекеміздің, төксең ортаймас ырыс-несібеміздің белгісіндей қасиетті Тайқазан араға ұзақ уақыт салып киелі Түркістанға қайта оралды. Ел­басының «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан іргелі ізденістер мен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде шетелдік мұрағаттарда шаң басып жатқан құнды құжаттарымыздың көшірмелері елге жеткізілді. Бүгінде «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан істер де ауқымды.

Ал, енді өз елінің өткен-кеткені туралы кеңірек білгісі келетін адамдардың ең алдымен баратын жері әрине, музейлер. Өйткені музей –тарихпен тілдесу мүйісі. Осында қойылған орасан мол экспонаттар арқылы арғы ғасырларға ойша сапар шегуге болады. Археологиялық қазбалар кезінде қорғандар қойнауынан аршылып алынған артефактілер бағзыдағы бабаларымыздың бақуатты тірлік кешкенін айғақтайды. Үстіндегі киімі, ас ішер аяғы, тіпті астына мінген атына дейін алтынмен апталып, күміспен күп­телгенін көргенде көңілің көкке өрлеп, рухың көтеріледі.

Елдігіміздің ерен нышанындай «Алтын адам» шартарапты шарлап, қазақтың қара жаяу қаймана еместігін күллі әлемге әйгіледі. Жан-жақтан анталаған жауына қарсы қасқая шапқан баһадүрлеріміздің өшпес ерліктерін өнеге етіп баяндайтын деректер мен дәйектерге қаныққан өскелең өрендердің бойында қаршадайынан отаншылдық сезімі оянады. Сондықтан жеткіншектерімізді жетелеп мұражайларға жиі апарғанымыз жөн. Өйткені ол жерден көрген-білгендері көкейлеріне қонып, көшелі азамат болып қалыптасуларына септігін тигізеді. Санаға түскен сәуле жан дүниелеріне жарығын шашады.

Анау жылдары аяғымыз жетіп Санкт-Петербургтегі Эрмитажды, Париждегі Луврды, Версальді, Лондондағы Ұлттық галереяны, Тауэрді, Британ музейін аралағанымыз бар. Бала-шағаңмен барған соң, әрине біраз қаржының басына су құйылды. Бірақ көрген қызығымыз одан да көп. Леонардо да Винчидің атақты «Джокондасынан» таяқ тастамда тұрып түн жарымда алыстағы Астанаға телефон шалып, шырт ұйқыдан оянған досыңмен әдемі әсеріңмен бөлісіп әңгіме-дүкен құрудың өзі неге тұрады?!

Петергофтағы немесе Версальдағы патша сарайының сән-салтанатына тамсана таңдай қаққан тамаша сәттерді ұмыту сірә, мүмкін бе?!

Анау Америкадағы мақтаулы «Метро­поли­теніңізді» көргеніміз жоқ. Көргендер ауыздарының суы құрып айтады. Қайдан білейік, шынымен солай шығар...

Қытайдың Учжэнь провинциясындағы су үстінде қоныс тепкен, қабырғасы бұдан 1300 жыл бұрын қаланған Сичжа кентінің көнеліктер көмкерген көшелерінде жүргенімізде барын бағалай білген жұрттардан үйренер үрдістеріміз көп екен-ау, солардан неге үлгі алмаймыз деген ой мазамызды май ішкендей қылғанын несіне жасырайық.

Шіркін!!!

Біздің музейлерімізге де әлемнің әр түкпірінен ағылып туристер келіп-кетіп жатса...

Ұлықтауға лайық ұлттық құндылықтары­мыз көрерменнің көзін арбап, көңілін баурап, талайғы тарихымызға табындырса...

Ұлан-ғайыр даламыздағы ұшан-теңіз мәдени-рухани және материалдық ескерт­кіштерімізді тамашалауға ынтыққан, этно­графиялық ерекшеліктерімізді елеп-ескерген елгезек қауымның қарасы күн санап артса...

...Сөйтіп жатжерліктер егемендік алып еңсесін тіктеген, Есіл жағасында самаладай Астананы салып айды аспанға бір-ақ шығарған Қазақстан табыстарының тамыры тереңде екенін түсінсе қандай ғанибет...

Қиял-ғажайып ертегілерге елтіп өскен елдің баласы емеспіз бе, арманның ақиқатқа айналарына сенейік, ағайын!

Талғат БАТЫРХАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу