Футбол • 24 Мамыр, 2018

Эмери «Арсеналды» жаттықтырады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 «Арсенал» клубын 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер қызметінен кеткен соң, оның орнына команданың бас жаттықтырушысы болып испаниялық маман Унаи Эмери тағайындалды. Бұл туралы «канонирлердің» ресми  сайты хабарлады.

Эмери «Арсеналды» жаттықтырады

 «Унаидың «Арсеналға» келгеніне қуаныштымыз. Ол – нағыз жеңімпаз. Біз оның командаға керек жаттықтырушы екенін білеміз. Ал ол өз кезегінде жанкүйерлерді, команда өкілдерін және «Арсенал» клубына қатысы бар жандарды жеңісімен қуантады деп сенемін», дейді клуб қожайыны Стэн Кронке.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің жазуынша, 46 жастағы маман «Арсеналмен» «2+1» жүйесімен келісімшартқа қол қойып, жылына 5 миллион фунт жалақы алатын болып келіскен. Унаи Эмери өткен маусымда ПСЖ клубымен Франция чемпионы мен кубогын иеленген. Алайда команданың Чемпиондар лигасындағы нәтижесі басшылықтың көңілінен шықпаған. Сол үшін ол командадан кетуге мәжбүр болған.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»