Медицина • 24 Мамыр, 2018

Ибалылық – игі қасиет

789 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әйел сенің серігің, өмірлік жарың және сонымен бірге шексіз қуанышың. Демек бақытың. Өйткені ол саған перзент сыйлап бақытты етеді, қуанышқа бөлейді. Қысқасы, өміріңнің өзегі.

Ибалылық – игі қасиет

Оның имандылығы мен инабат­тығына тең келетін ешнәрсе жоқ. Жан сұлулығы мен тән сұлулығы да биік. Әйел ол өмірдегі ең қымбат, асыл жандар. Осы әйелдер бірінші кезекте бауырындағы баласымен қымбат, нәзік, инабаттылығымен сүйкімді, сүйікті.

Дұрыс-ақ. Енді осы әйелдер тура­лы ислам діні не дейді? Сондай-а­қ бүгінгі әйел ше? Оқып, қарап отыр­­саң ислам діні де әйелдерді жо­ғары дәрежеге көтере білген, қадір тұтқан. Бірақ, мына бір мәсе­ле естен шықпауға тиіс. Қанд­ай бір әйел болмасын исламды, діні мен иманын түрлі ғибадаттар мен фарздарды және сонымен бірге харамдарды да үйренуі тиіс, ол – фарз. Бұл жерде әкесі не болмаса күйеуі бұл айтылған ілімдерді олар­ға үйрете білуі керек. Олай етпеген жағдайда олар үлкен күнә­ға түседі. Алдында жоғарыда айтыл­ған міндеттерді үйретіп, түсін­діріп, үзбей айтып отыратын адам­дары бола тұрып оны тыңдап, жү­зеге асырмаған болса, онда әйел­дің өздеріне де өте қиындық орнайды.

Мұсылман әйелі үшін сауда-сат­тық жасап, олардың білім-ғы­лыммен айналысуына, өнер­кә­сіп пен ауылшаруашылық жұ­­мыс­тарымен шұғылданып, ақша табуына еш уақытта тыйым са­лынған емес және ол харам тірлікке жат­қызылмаған да. Бі­рақ не істесе де тек адал істеу керек. Біреудің ақы­сын жеп пайда та­будың, ерсі, иман­дылық пен адал­дыққа қарсы іс-әре­кет етудің жолына түспеуге тиіс.

Ислам мен әйелдің ара қаты­насы туралы айта келіп мына бір мәселені есте мықтап ұстағанды жөн көреміз. Хадис шарифте: «Бір әйел бес уақыт намазын оқып, рамазан айында оразасын тұ­тып, намысын қорғап, күйеуіне мойынсұнатын болса, онда ол қа­лаған есігінен жәннатқа кіреді» деп жазылған.

Әрине әйелдердің бәрі бірдей емес, кейбіреулерінің дүниеқор, байлық пен атақ-даңқ, мансапқор болып келетіні де шындық. Бір бас қосқан шағын ғана отырыста күйеуі де, өзі де ғылым докторы, жасы 70-тен асқан Бақыт деген жең­­геміздің: «Біз кезінде күндіз күні­мен жоғары оқу орнында оқып, ал одан соң түннің бір уағына дейін жалданып жұмыс істеп күн көрдік. Күйеуім үшінші курсқа келгенше пойыз жолға барып жүк түсірді. Кейін жедел жәрдем бөлімдерінде фельдшерлік жұмыс істеді. Жиырма жыл пәтер­ден пәтер ауыстырып, жү­гі­ріп жүрдік. Байлық пен мансапты аңсап көрмеппіз. Жоғары оқу орнында оқып білім алсақ та бүгінгі күннің жастары сияқты ашық-шашық жүр­медік. Аллаға шүкір, сол тәубе, сабыр мен шыдам­ды­лығымыздың арқасында біз келе-келе жоғары лауазымды қызметті де атқардық, еңбек етіп, еліміздің бүгінгідей өсіп, жетілуіне өзіндік үлесімізді де қостық. Қазір ешкімнен кем емеспіз. Ал бүгінгінің жастары ше? Қиналып жұмыс істегісі келмейді. Тағыда сөйтіп отырып қымбат көлік, зәулім үйлерде тұрғысы келеді. Бағасы биік әшекейлерге әуес. Ол болмайды. Бірінші еңбек ету керек», деген сөзі бізді шексіз риза­шылыққа бөледі.

Оқып отырсаңыз Құран кәрімде былай деп жазылған: «Жақсы әйелдер Аллаға мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орын­дайды. Күйеулері жоқ кез­де олардың намысын және мал-мүлкін Алланың көмегімен қор­ғайды». Әйелдер осы сөздің мән-мағынасына зер салып, оны бұл­жытпай орындап отыруға тиіс. Өйткені күйеуінің ақысына мән беріп, іс атқарған әрбір әйел сауапқа кенеліп отырады екен. Сауап дегеніміз – о дүниеге бар­ған­­д­ағы өз жағдайымызды өзіміз­дің жақсартуымыз.

Рас, кейбір әйелдер күйеуіне қатты сөйлеп, бетіне келіп, оның табысы аз екенін бетіне басып «Се­нен не қызық, не артық­шы­лық көріп отырмын. Сен мені қандай асыл дүниелеріңмен қарқ қылып отыр­сың», деп бай­балам салып жа­тады. Бұл иман­дылыққа үш қай­наса сорпасы қосылмайтын өте ерсі жағ­дай. Артық кетушілік. Бұлай айтып күйеуінің кішкентай да болса оған жасап отырған жағдайын менсінбеушілік, түсінбеушілікке бар­мау керек. Осы тұста әрбір әйел соншалықты діндар болып кет­песе де мұсылманшылық пен имандылықтан қол үзбес үшін, хадис шарифте айтылған мына бір сөзге мән бере білуі керек. Онда: «Егер күйеулеріне Күфрани нигмет етпегенде, намаз оқыған әйелдер дереу жаннатқа кіретін еді» делінген.

Осы айтылғандарды мүлтіксіз орындаумен бірге әрбір әйел күйеуіне жасаған жақсылықтарын міндет етіп, ренжітпеуі керек. Орындай алмайтын нәрсені күйеуі­нен талап етіп, сұрамау керек. Керісінше, күйеуіне ризашылық танытып, оны әркез қуантып отыруға тиіс. Сондықтан да «Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сен­дердің мойныңдағы менің ақым секілді. Олай болса күйеуінің ақы­сын орындамаған әйел Алла Таға­ланың ақысын орындамаған болады» деп жазылған хадис шарифте.

Сонымен бірге әрбір әйел баласы өзінің ашық-шашық киінуіне жол берместен мұсылмандыққа тән көрегендік танытып, өзінің ис­лам алдындағы тазалығын таны­тып жүруі керек. Бұл сауапқа сауап қосатын имандылық.

Серікбай ТҰРЖАН,

Бәйдібек ауданының құрметті азаматы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар