Байырғы БАҚ пен блогерлер бәсекесі бәсеңдемейді

Егемен Қазақстан
25.05.2018 957

Қоршаған ортаны қорғау – басты идея

Еуразиялық медиа-форумды қо­ры­тындылайтын үшін­ші күннің алғашқы жиыны қор­шаған ортаның эволюция­сы тақырыбына арналды. Мәжіліс спикерлерінің арасында Климат­тың өзгеруі жөніндегі үкімет­аралық топтың вице-төрағасы, Нобель сыйлығының лауреты (2007) Мохан Мунасингтің қатысуы көпшіліктің бірден қызығушылығын туғызды. Бір­ден байқалғанындай, белсенді азамат сауалдарға ең көп жауап берушілер қатарынан көрінді, мәжілістің салмағын көтерді.

Көптеген сұрақтарға жауап беруден кәсібінің сай кел­мей­тінін алға салып бас тартқан Францияның бұрынғы көлік министрі, қазіргі Ұлттық жина­лыс­тың депутаты Тьерри Мариани (Франция) еді. Алай­да, мәжіліс барысында экс-министрдің: «Екі жылдан соң Франция пластикалық пакетті мүлдем пайдаланбайтын болады», деп айтқан сөзі форумға қаты­су­шылардың есінде ұмы­тыл­­мастай сақталып қалды. Өкі­ніш­ке қарай, франциялық депу­таттың бұл жаңалығына орай Астананың қазіргі таңда плас­тикалық пакеттерден бас тартып, қағаз қапшықтарды пайдаланып жатқаны туралы бұл сессияда айтатын адам болмады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы әңгімеде мұхит айдынына дейін жеткен пластикалық қалдықтардың көптігі қоғамды алаңдатып отырғаны туралы да ой қозғалды. Оған Арал теңізінің тағдыры қосылды. Бұл туралы мәжіліс модераторы, HIS Markit компаниясының аға директоры, ТМД елдеріндегі энергетика мәселелері бойынша уәкілетті өкілі Кристофер де Вер Уокер (Ұлыбритания) әңгіме қозғады. Дәл осы тұста әлемдегі ауыз су тапшылығы болашақта халықтар арасындағы шиеленісті ушықтырып, үлкен жанжалға алып келуі мүмкін бе деген сауал туды.

Біріккен Ұлттар Ұйымында он бес жылдай тер төккен Мохан Мунасинг ауыз су тапшылығы ешқандай да соғыс өртін тұтан­дыр­майтынын кесіп айтты. Бірақ, ауыз су тапшылығы мен тазалығы бүгінгі күннің басты проблемасы күйінде қалары дау­сыз. Кедейшілік пен жоқшылық қыспағындағы елдерде ауыз су тазалығы мен тапшылығы әлі де проблема болып қала бермек. Ғылым жетістігі есебінен Африка аймағы кәдімгі ауа құра­мын суға айналдыратын ерек­ше қондырғыларды кеңінен пайдалана бастады.

Қазақстандағы аймақтық жасыл жобалар департаментінің директоры Алмат Қабыкенов әріптес спикерлерінің түйткілді ойын Қазақстандағы нақты техно­логиялық жаңалық-жетіс­тіктермен жалғастырды. Ең алдымен Қазақстандағы су тазалығы мен жасыл экономикалық жоба­лар туралы жергілікті халық­тың хабардар екенін алға тарта сөй­леген спикер  күні кеше Аста­нада болашақтың энер­гети­­калық қуатының айнасын­дай болған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айту­ды ұмытпады. Қазіргі таң­да Қазақстанның әкімшілік-аумақ­тық дәрежедегі барлық өңірінде ауыз су құбырларына ең озық су тазалағыш сүзгі қондырғылары қойылған. 

Қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтау керектігі туралы пікір айтушылар жаһандық проблеманың түйінін шешуді бүгін қолға алмаса, ертең кеш болатынын тағы да қайталап айтты. БАҚ өкілдеріне қайталай құлаққағыс етті. Ойлары түйіскен ресейлік «Гринпис Россия» бағдарламасы зерттеу және сараптау департаментінің  директоры Иван Блоков пен үндістандық сарапшы Девиндер Шарма «Бүгінгі проблема идеяның жоқтығында емес, идеяның жүзеге асуының кешеуілдеуінде», деді. Ортақ планетаның болашағы мен жасыл экономиканың дамуы туралы үшінші күнгі саны жағынан өткен бесінші мәжіліс осындай қорытындыға келді.

Блог саласының өсуі шынымен қауіпті ме?

Еуразиялық медиа-форумның үшінші күнінде талқыланған, журналистердің жанына жақын тақырып «Медиа эволюциясы: блог саласының өсуі қауіп пе әлде өрлеу ме?» болды.

Ақпарат айдынында дәстүрлі журналистиканы дәстүрліге жатпайтын блогерлер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер ығыстырып барады. Осындай жағдайда кәсіби журналистер түр секілді жоғалып кетудің алдында тұр деп қауіптенуге бола ма? Осындай жағдайда тілдесуге шебер мамандар ұсынып келген жария ақпараттың келешегі бар ма?  Блогерлер мен әлеуметтік медиа қоғамдық пікір қалыптастыруда басымдыққа ие бола ала ма? Бұл жағдайға кәсіби БАҚ пен үкіметтер қалай қарайды? Қыс­қасы, көтеріліп отырған тақы­рып­қа қатысты сауалдар легі жет­кілікті. «Цукерберг дәуірінде» жаһанда жаңа ақпарат көздері мен әрқилы пікірлер ағыны күрт молайды. Аяқ астынан пайда болған әрі тәуелсіз жаңа дауыстар аудиторияның назарын баспасөз бен хабар таратудың үйреншікті арнасынан өзіне аударып, ықпал ету үшін толассыз күрес басталды.

Бұл сессияның тізгінін бел­гілі Ресей журналисі әрі танымал қоғам қайраткері Максим Шевченко қолға алды. Алғашқы сауал дәстүрлі журналистика мен блогосфераның айырмашылығын ажыратуға құрылды. Әрине, кәсіп­қой журналистика мен жаңа ақпарат көздерінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін әркім мойындайды. Оның үстіне, блогерлердің көпшілігі кәсіби этикаға бағына бермейтіндігін де жоққа шығармаған жөн. Алайда кәсіпқой деп есептелмейтін кейбір блогерлердің парақша­ларына жазылатындар саны миллиондап саналады. Кейбір блогерлер кәсіпқой болып алған. Ендігі жерде әлеуметтік желі­лердің авторлары көбейген сайын, олардың сапасы туралы да сөз қозғала бастады. Сон­дық­тан да біз мәліметтермен жұмыс істеуіміз керек. Контент, мә­тіндер, мәлімдемелер, айтыл­ған сөздер мен олардың таралуы реттеліп, бақыланып отырғаны жөн, деп есептейді ЕҚЫҰ-ның БАҚ мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир (Аустрия).

Өз кезегінде журналист жаз­ғанына, айтқанына, көрсет­кені­не жауап береді, яғни жауап­кершілік арқалайды. Бірақ осы орайда блогердің артықшылығы, бұл әрекеті өзін жалықтырса, қоя салуға қақысы бар. Ал дәс­түрлі журналистика – жүрісін тоқтатпайтын машина. Ал бло­герлердің қызметін бақылайтын тәуелсіз реттеуші мекемелер керек-ақ, дейді спикерлер. 

Десек те, жарнамаға бөлінетін қаражаттың 80 пайызы блог сала­сына құйылып жатыр. Сон­дықтан да байырғы БАҚ, дәс­түрлі телевизия табыстың басым бөлігін әкете бастаған бұл саланы жақтыра қоймасы аян. Ал барлығы медиатұтынушы болып табылатын жастарға блог саласының материалдарды берудегі еркіндігі, жеделділігі ұнайды. Бір жағынан блогерлер бас редакторға да, басқа құрыл­тайшыларға да тәуелді емес. Барғысы келсе, барады, жазғысы келсе, жазады. Ал кәсіпқой журналистерге мұндай үрдіс сай келмейді.

Соңғы ХХ ғасырдағы «еркін махаббаттан» бастап қазіргі заманғы біржыныстылар некесіне дейінгі қоғамның моральдық эволюциясы мәселелерін қаузай­тын «Құндылықтар эволюция­сы» тақырыбындағы мәжіліс қазақ­стандық журналист Владимир Рерихтің модера­торлығымен өткізілді...

...Пікірталастың ең қызған тұсында алдыңғы мәжілістің модераторы ресейлік қоғам қайрат­кері Максим Шевченко (Ресей) залдан суырылып сөз сұрады. 

– Қасиетті Рамазан айында ислам мемлекетінің үлкен қаласында батыстық моральдың жыныстық әңгімесін бүге-ші­гесін ақтарып, қызыл езу болу бізге қаншалықты қажет? Он­дай моральдың Алматы үшін де, адамзаттың негізгі бөлігі – мил­лиардтан астам мұсылман үшін де маңызды емес, – деді ол.

Сұңғыла журналист һәм блогер, ресейлік қоғам қайраткері Максим Шевченконың айтқан бұл сөзі форумдағы ақырғы мәжілістің қорытындысы іспетті болды. Оған спикерлер де дау айта алмады.

* * *

Еуразиялық медиа-форумның 15 жылдығына арналған деректі фильмнен соң ЕАМФ Ұйым­дастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қорытынды сөз сөйледі.

– Құрметті ханымдар мен мырзалар! Қымбатты достар! Міне, біздің кезекті форумымыз аяқталып келеді. Бұл – он бесінші мерейтойлық басқосуымыз.

Осы үш күн қазіргі медианың көкейкесті мәселелерін қызықты  пікірталас арқылы талқылауымен есте қалады. Біз қағидалар туралы айттық. Біз этика жөнінде әңгіме қозғадық. Біз әлемге түбегейлі өзгеріс әкеліп жатқан ұғымдар мен технологиялар туралы сөз қозғадық. Менің ойымша, мұнымен форумға қатысу­шылар да келіседі деп ойлай­мын, ең маңызды жетістік – болған тақылаулар емес, біздің әрбіріміз жасаған тұжырым-түйінде. 
Осы жолғы басқосу қазіргі заман мен ондағы бұқаралық ақпарат құралдарының,  mass media-ның рөліне жаңаша қарауға ықпал етті. Соңғы күндері маған «Он бесінші форумның ерекшелігі неде?» деген сауал жиі қойылды. Бұған жауап сан-салалы. Біз саясаткерлер мен журналистер қауымы алдында тұрған ең өткір сауалдарға жауап табуға тырыстық. Біз соңғы он бес жылда бұқаралық ақпарат құралдары бастан кешкен өзгерістерді бағалауға, ой елегінен өткізуге тырыстық. Өзгерістер түбегейлі. Форумдағы пікірталас осы тұжырымды дәлелдеп берді, деді Д.Назарбаева.

Сондай-ақ ол он бесінші мерей­тойлық медиа-форум біз­д­ің басты жетістігіміз, біздің басты құндылығымыз – сіздер, форумға қатысушылар, спикерлер мен модераторлар екенін паш еткенін атап көрсетті. Осы орайда мен сенімді серік­тері­мізді, Еуразиялық медиа-фо­рум­ның тұрақты да белсенді қаты­су­шыларын ризашылықпен атап өткім келеді. Бұл кісілер көп­тен бері біздің ең жақын дос­тарымызға айналды. Олар уақы­тының тығыздығына қарама­с­тан, жыл сайын көктемде елі­мізге келеді. Бай тәжірибесін, білімін, бүгінгі медиаға қатысты көзқарастарын ортаға салады. Сол арқылы медиа-форумның өркендеуі мен беделінің артуы­на үлес қосады. Олардың арасында Гюнтер Кнабе, Михаил Шевченко, Баcил Жәсим, Кирилл Танаев, Гүлнар Иқсанова сияқты танымал тұлғалар бар.

Мен штабтың барлық қызмет­керлері мен ерікті көмек­ші­лерімізге алғысымды білдіремін, деп жалғады сөзін Д.Назарбаева. Біздің тұрақты модераторымыз Риз Хан және Сью Филипс, Гарри Нанда, Стивен Соммервиль, Тим Арлот және басқалар зор қошемет пен құрметке ие. Бұған қоса, Қазақстандағы әріптес­терім мен достарымды, БАҚ, мем­лекеттік және қоғамдық құры­лымдардың өкілдерін айрық­ша атап өткім келеді. Олар он бес форум бойы бізге қолдау көрсетіп, ең жақын одақтасымыз бен көмекшілерімізге айналды. Әсіресе, Сыртқы істер министр­лігін, қазіргі министр Қайрат Әбдірахмановты, бұрын­ғы министрлер – Ерлан Ыдырысов, Ержан Қазыхановты ерекше атап өткім келеді.

Біздің пікірлестеріміз, адал достарымыз – Еуразиялық медиа-форумның көпжылғы серік­тестері туралы айтпай кетуге болмайды. Ұйымдастыру комитеті атынан әріптестеріміз Имран Ахмадқа (CNN), Сергей Становкинге (BBC), Виталий Игнатенко мен Михаил Гусманға (Итар-ТАСС) және басқаларға терең ризашылығымды білдіре­мін! Еуразиялық медиа-форум қоғамдық коммерциялық емес ұйым болғандықтан, ЕАМФ демеушілердің белсен­ді қолдауынсыз өмір сүре ал­майтыны белгілі. Сондық­тан демеушілерге ыстық ілтипаты­мызды, терең ризашылығымызды жеткізгім келеді.
Сіздерге көп рахмет! Құрметті достар!

Осымен 15-ші мерейтойлық Еуразиялық медиа-форум жабық деп жарияланды. Форум делегаттары мен қонақтары мерекелік фотосессиядан соң «Келесі жылы Алматыда кездескенше!» деп аттанды.

Талғат СҮЙІНБАЙ,  
Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

22.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Толеранттылық - бұл төзімділік емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу