Биязы жүн мен бағланның бабы қашан келеді?

«Мал өсірсең қой өсір табысы оның көл-көсір» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Елімізде қой өсіру әуел бастан мал шаруашылығының ең тиімді түрі болғаны белгілі. Өкінішке қарай, Шопан ата төлінің еті мен жүнін тиімді кәдеге жарату әлі күнге жолға қойылмаған. 

Егемен Қазақстан
25.05.2018 1108
2

Өткен ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда қой саны 34-36 миллионға жетті, олардан жылына 100-105 мың тонна жүн өндірілді. Жүннің 60-65%-ы жоғары сапалы, бағасы қымбат биязы жүн еді. Биязы жүн әлемнің 12 еліне экспортталды. Ал қазір елімізде жыл сайын 37-40 мың тонна жүн өндіріледі, оның 15 тоннасы биязы жүн екен. Биязы жүнді қойлардың ең көп өсіретін өңірлер – Алматы, Жамбыл облыстары. 

Елімізде жүннен иірілген жіпке деген жыл сайынғы сұ­раныс 200 тоннадан асады. Өкінішке қарай, осы сұ­р­а­ныстың бар-жоғы 5%-ын қам­титын жуылған биязы және жартылай биязы жүн өңделеді. Елімізде ішкі нарықта оған сұраныс уақыт өткен сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен ішкі сұраныстың 9%-ы ғана өте­леді, яғни экспортқа то­лық тәуелдіміз деген сөз. Жыл сайын импорттық өнім­дерге деген тәуелділік көлемі де ұлғайып барады, қазір ол экс­порттан 10 есе асып тү­се­ді. Экономикалық тұр­ғы­да тәуелсіз болу үшін өзі­міз­ді кем дегенде 30 пайыз тауармен қамтамасыз етуіміз керек. Елімізде жеңіл өнер­кәсіп­тің барлық секторын дамы­туға нарықтың толық мүм­кін­діктері бар бола тұра, оған қол жеткізе алар емеспіз. Бұл саланың әлеуметтік маңы­зы өте жоғары, халықты жұмыс­пен қамту үшін осы саланы да­мыту ерекше мәнге ие. Мәсе­­лен, Үндістан, Қытай, Түр­­кия­да жеңіл өнеркәсіп сала­­сында халықтың 21 %-ы жұ­мыс істейді. 

Күні бүгінгідей есімде, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде Гонконгтен келген бір алпауыт бизнесмен Павлодар облысының Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында өндірілген бар­лық биязы жүнді (100 тонна ша­ма­сында) сатып алып, оны Ая­гөздегі фабрикада жуды­рып, алып кетті. Сол бизнес­мен­нің Шанхайда мал жүнін өн­деу­мен айналысып, табысқа кене­ліп жүргеніне күмәнім жоқ. 

Биязы жүннің бағасы әлем­­дік нарықта сапасына бай­­ланысты әр килосы 4-15 дол­­ларға бағаланады, ал біздің елі­міз­де 1 доллар, тіпті одан да ар­зан. Сапалы жүннен алынатын мата да жоғары сапалы, одан тігілген киім жылы, сәнді, гигиеналық талаптарға сай келеді. Қазіргі кезеңде әлем нарығында жүннің жіңішкелік өлшемі жоғарылаған сайын бағасы да өседі. Сондықтан әлемде жіңішкелігі жоғары жүн беретін мал тұқымын өсіруге көп көңіл бөлінеді. Ватикан және Жапонияның императорлық үйі жіңішкелігі 14-16 мкм жүн алу үшін ауст­ра­лиялық фермерлерге алдын ала 10 жыл бұрын тапсырыс береді екен. Мұндай шикізаттың 1 килосы 140-200 доллар тұрады. 

Аустралияда биязы жүнді қойлардың жүн талшығының жіңішкелігі негізінен 18-21 мкм шамасында. Тез жетілгіш, жүн жіңішкелілігі 18-21 мкм бо­латын етті-жүнді бағыттағы қой тұқымдары өсіріледі. Олар до­не және аустралиялық етті ме­ринос, бұл екі тұқымның еті де, жүні де жоғары баға­ла­на­­ды. Қошқарлардың орта­ша тірі­лей салмағы 130 кг болса, саулықтары – 80-90 кило ша­ма­сында. Он апталық қозы­­лардың салмағы орташа 50,0 килоға жетеді екен. Жо­ғары еттік сипаттарымен бірге әрқайсының орташа таза жүн түсімі 4-5 кг. Біздің елде осындай тұқ­ымдарды пайдалану ар­қы­лы ет-жүн өнімін өсіруге және сапасын жақсартуға болады. 

Жүргізілген ғылыми-зерт­теу жұмыстары осы тұқымдар­дың қошқарларынан алынған будандардың тірілей салмағы 4-5 кг, таза жүн өнімі 0,3-0,5 килоға артқанын көрсетті. 4 айлық тоқтылардың тірілей салмағы 34-36 кг, яғни 4-6 кг артық болды. Олардан 17-19 кг қозы еті алынады. Дамыған еуропалық елдер­де негізінен бағлан етін пайдаланаты­нын ескерсек, мұндай жас тоқ­ты­лардың етін экспортқа да шыға­руға болады. Жүнінің жі­ңіш­келілігі 18-21 мкм – қазіргі әлемдегі сұранысқа сәйкес келеді. 

Негізінен биязы жүннің бағасын сапасына байланыс­ты реттеу керек. Ол үшін жүн­ді сертификаттап, оны өң­дей­тін фабрикаға өткізу мә­селесін шешу қажет. Бізде өн­дірілетін биязы жүннің баға­сын әлемдегі нарықтағы дең­гейд­ің 50-60% жеткізсек те бұл табысты кәсіпке айналар еді. 

Оны жүзеге асыру үшін бірнеше мәселе шешілуге тиіс. Мәселен, еліміздегі табиғи жайылымдарды дұрыс пайдалану. Мысал үшін айта кетер болсақ, Алматы облысы Қаратал асыл тұқымды зауы­тында қойдың қоректік қажет­тілігінің 90 пайызы тек табиғи жайылымды пайдала­ну арқылы шешіледі. Бұл өз кезегінде ет, жүн өндіру­дің өзін­дік бағасының төмен­деуі­не, жүннен алынған мата­лар­дың бәсекеге лайық болуына оң әсерін тигізері сөзсіз. 
Қой малы табиғи жайы­лым­ның сапасына да оң әсер етеді. Шопан ата түлігі еш­қан­дай мал ауызға алмайтын арамшөптерді, жалпы 500-ден астам шөп түрін талға­май­ды екен. Тіпті қарақұр­ты­ңызды жеп қояды, қарақұрт көп жайылымда қой семіре түседі. Табиғи жайылымдарды қой түлігін дұрыс пайдалану арқылы көптеген арам­шөп­терден арылуға болады, бұл өз кезегінде табиғи жайы­лым­ның жақсаруына әсер етеді. 

Мелекетімізде биязы жүн өндірісін субсидиялау туралы заң қабылданысымен Алматы облысында «Биязы жүн тұқы­мын өсіру» ассоциация­сы құрылған болатын. Алай­да, субсидиялауға сапасы төмен­деу жүндер де қосыл­ды, жүн сапасын зертханада тексеру жұмысы тоқтап қал­ды. Осындай білімсіз ше­шім қабылдау арқылы биязы жүн шаруашылығына көп зиян келді. Ет мәселесін ше­шу мақсатында биязы жүн­ді қой­ларды жарты­лай биязы, бия­зылау тұқымдармен шағы­лыс­тыру өріс алды. Қазір еш­қан­дай ғылыми зерттеусіз жүр­гізілген жұмыстардың салдарынан көптеген биязы жүнді қой шаруа­шылықтарында тө­мен­гі сапалы будандар өсірілуде. 

Жоғары сапалы биязы жүн өндірудің экономикалық тұр­ғыдан тиімділігін арттыру үшін алдымен сапасы­на қарай оның бағасын әлем­дегі на­рықтың бағасына сәйкес­тен­діру керек. Сондай-ақ өз елі­мізге қажетті мөлшерде жүн өңдеу жұмысын жандан­дыру ләзім. Алматыдағы Қар­ғалы фабрикасы мен Жам­был облысындағы жүн фабрикаларын дұрыс жолға қойсақ бұл мәселені түбегейлі шешуге болады. 

Биязы жүн шаруашылығы өте жақсы дамыған Аустра­лия­да сапалы жүн өндіру, оны өңдеу, сату мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бұл елде жүн өндірушілер корпорация­сы (АҚШ) фермерлердің тиім­ді жұмыс істеуіне қолдау көр­се­теді. АҚШ нарыққа шыға­тын жүнді өндіру, аукционда сату және жүнді сату ережесіне өзгеріс енгізу, сатып алушыға сату немесе жүн өңдеуге жібе­ру мәселелерін рет­теуге атса­лысады. Олар қыр­қыл­ған және сатылған жүннің мөл­шеріне байланыс­ты 8 пайыз салық жинайды, салықтың 6 пайызын ғылыми-зерттеу жұмысына жұмсайды. Міне, қалай тиімді жұмыс істеу керектігінің керемет мысалы.

Отандық ғалымдар мен шаруа­шылық мамандары бі­рігіп жұмыс жүргізу нәти­жесінде 1 биязы жүнді тұқым, 3 тұқымішілік типтер шығарды. Олар жайылымда бағуға бейімделген, жүн сапасы жоғары, ірі сал­мақты, тез жетілгіш, нарық­тық экономиканың сұраны­сы­на сәйкес өнім беретін қой тұқымдары. Көп жылғы жұ­мыс­тар нәтижесінде елі­мізде асыл тұқымды қой зауыт­­тары, шаруашылықтар құ­ры­л­ды. Олар асыл тұқым­ды мал өсіру, оларды басқа ша­руа­шылықтарда пайдалану арқылы қой өнімдерін арт­тыруға көп әсер етті. Кейінірек осындай шаруашылықтар­дың жұмысы пайдаланылмай текке қалды, себебі тиісті заңнаманың аясында «асыл тұқымды мал шаруашылығы» деген мәртебесі алынып тас­талды. Ал қой шаруашылығы өте жақсы дамыған Аустралия, Жаңа Зеландия сынды мемлекеттерде асыл тұқымды қой шаруашылықтары 100­150 жыл бойы сақталып, осы саланың дамыуына негіз­гі себепші болып отыр. Мыса­лы, «Коллинсвилл» шаруа­шы­лығы – 1889 жылдан, Sims Uardry – 1865 жылдан, Boonoke 1860 жылдан бері пайдалы жұмыс жүргізуде. Олар 100­150 жыл өз мәртебесін сақтап, қой шаруашылығын дамыту бағытында әлемге танымал болды. Ал Қазақстанның ауыл шаруашылығында «асыл тұқымды мал шаруа­шы­лық­тарының» орнына «асыл тұқымды мал» деген мәртебе қабылданды. Бұл тәжірибе қой түлігі негізгі шаруашылыққа жатпайтын еуропалық елдерге ғана тән, себебі оларда әр шаруашылықта қой ба­сы 50­-60-тың төңірегінде. Біз­дің елде қой басы әр шаруа­­шылықта 600-ден 10 мың­ға дейін жетеді, тіпті одан да көп. Аус­тралияда әр шаруа­шы­лық­та қой саны мыңдап саналады. 

Елімізде 2009 жылы қой шаруа­шы­лығы палатасы құ­рылған-ды. Әрине палата осы саланы дамытуға бағыттаған жұмыс жүргізсе, онда құптар­лық жағдай. Алайда оның бағ­дар­ламасы елімізде осы сала­да атқарылып жатқан жұмыс­тарды қайталауға көбірек ұқсайды. Мәселен, палатаға қабылданған шаруашылықтар әр мал үшін 2500 теңге субсидия алады, субсидиядан палатаға әр бас қойдан 200 теңге төленуі керек. 
Палатаға мүше болу үшін әр мал үшін 5­6 парақ қағаз тол­тырасыз, шаруашылықта мың қой болса 5­6 000 парақ қағаз жазасыз. Онда әр мал­дың карточкасына тегін, әр жылғы өнімін, тұқымдарының көр­сет­кіштерін, тағы басқаларын көр­сету керек. Мыңдаған мал ұс­тайтын шаруашылықтар қан­ша қағаз толтыратынын есеп­тей беріңіз. Мұның бәрі мате­риа­лдық шығын, көп уақыт алады әрі адам күшін қажет етеді. 

Қорыта айтқанда, «асыл тұқым­ды мал зауыты, шаруа­шылығы» мәртебесін әлі де сақтап қалу керек. Себебі мұндай шаруашылықтарда ең жақсы мал тұқымдары өсі­ріледі. Керек жағдайда әлем­­дегі жақсы генотиптегі мал­дарды осындай шаруашы­лық­тарда пайдалану арқылы асыл тұқымды малдардың өнім­­ділігін арттыруға болады. Қолда барды жоғалтып ал­май, оны дамытып халық игі­лі­гіне пайдалансақ, биязы жүн­ді қой өсірудің эконо­ми­каға тиімді болатыны анық. 

Алтынбек НАРТБАЕВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қой шаруашылығы ҒЗИ бас ғылыми қызметкері 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Нұрислам күміс алды

23.10.2018

Жекелей инвестиция тарту тапсырылды

23.10.2018

Ел чемпионатында Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды

23.10.2018

Әлем чемпионатында қазақстандық Нұрислам Санаев күміс жүлдегер атанды

23.10.2018

Студенттерге медиацияны меңгеру маңызды

23.10.2018

Орталық Азиядағы инвестицияның 70%-і Қазақстанға тиесілі

23.10.2018

Буэнос-Айрестегі (Аргентина) үшінші жасөспірімдер Олимпиадасынан спортшыларымыз оралды

23.10.2018

АҚШ колледждерінің бірінде робот сабақ бере бастады

23.10.2018

Қарағанды – IT кеңістіктің бастау алаңы

23.10.2018

Аграрлық сектордың әлеуеті қайтсе артады?

23.10.2018

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

23.10.2018

Қазақстан қоржынында – 10 медаль

23.10.2018

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

23.10.2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

23.10.2018

Хәлің қалай, халық театры?

23.10.2018

Севильдік шаштараз шаш қимайды...

23.10.2018

Петропавлда сұйытылған газ жетіспейді

23.10.2018

Залесский: «Қазақ даласының өмірі»

23.10.2018

Жаңа құжат туризм секторына серпін бере ме?

23.10.2018

Жолдау-2018: Мамандар бастамаға қолдау көрсетуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу