Еуропада атойлаған қазақ

2011 жыл. Жазы айы. Гер­ма­нияның Гейдельберг қаласының түстігінде орналасқан Хан­д­шусхайм шаһарында регбиден жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Ұзындығы тай шаптырым жасыл алаңда қы­зылды-жасылды киінген екі топ регбишілер ортадағы жал­ғыз сопақша допқа таласып, қызыл қырғынды салуда. 

Егемен Қазақстан
25.05.2018 6120
2

Бір сәт топтанып тұра қалып, күйек кезінде күйге түскен қошқарлар сияқты сүзіссе, одан қалды сопақ допты көз ілеспес жылдамдықпен ойыншылар бір-біріне лақтырып, допқа қолы жеткені жарды сүзген бұқадай ентелеп өлермендікпен алға ұмтылады кеп.  Әсіресе жасылдар сапында түбіт мұрты жаңа тебіндеген қара торы жігіттің атойлап шабуы сұмдық. Қолына ілінген со­пақ допты қолтықтай-құ­шақ­тап, екпіндей ұмылған ол қарсы кездескен жалпақ сарыны жер қап­тырып, кеуделей соққан тағы біреуді оң қапталға аудара лақтырып, сеңгір биіктен жем­ге шүйілген бала қырандай зу­лаған күйі ақ сызықтан асып жығылды. Голл!!! Жас жігіттің әбжіл жылдамдығы мен түз бүр­кіттей қарымына риза болған төрт қаптал толы көрермен тік тұ­рып қол соқты. Өз кезегінде түбіт мұрт қара торы да қарап қал­ған жоқ, жаппай қошемет көр­сеткен жалпақ жұртқа қолын көтеріп, бас иіп мезірет жасады. 
Қарт құрлықтың төрінде, өз­дерін ақсүйек санайтын неміс­тер­дің елінде, жан беріп, жан алысқан регбишілер ортасында атой­лап жүрген бұл жігіттің есі­мі – Бөкейхан Әли. Ұлты – қазақ. 

* * *

Әңгімені әріден бастасақ Бөкей­хан 1993 жылы 12 нау­рыз күні Германияның Баден-Вюр­­темберг штатындағы Гей­дель­берг қаласында туыпты. Әке­сінің аты – Әли Сүрер. Әле­кең­мен телефон арқылы ха­бар­ласқанымызда, өзінің 1960 жылы Түркияның Салаһи қала­­сында туғанын айтты. 1969 жы­лы Әлидің ата-анасы жұ­мыс бабымен Алманияның Гей­дельберг қаласына көшіп келген екен. Содан бері бұл әу­лет тү­гел­дей осында тұрып жатыр. 1981 жылы Әли Сүрер мен Са­дия Құр­манбайқызы екеуі ша­ңырақ көтеріп, 1993 жылы егіз пер­зентті болған екен. Соның бірі Ра­бия атты қыз да, екіншісі бүгін­гі біздің кейіпкеріміз Бөкей­хан. Одан кейін де бұл отба­сына 1997 жылы Тәңір Құбы­лай және Шағатай атты егіз ұл сый­лапты. Отбасының қыс­қаша тарихы осы.  

* * *

Біздің кейіпкеріміз Бөкейхан алты жасында мектепке барып 1999-2003 жылдары Гей­дельберг қаласындағы Эммерц­гурнд бас­тауыш дәргейінде бі­лім алған. Одан соң 2003-2010 жылдары Гельмгольц гим­назиясын тәмам­даған. 2010-2013 жылдары өзі ту­ған қа­ладағы халықаралық жоғары заң оқу орнында оқып, 2014 жылы Мангейма универ­ситетінің ұжымдық құқықтану факуль­тетіне түсіпті. Қазіргі таңда осында білім алып жүр. 

Ендігі сөз жас жігіттің спорт­тық жолына үңілсек, Бөкейхан 2001 жылы сегіз жасында рег­биді бастапты. 2004 жылы Ба­ден-Вюртемберг штатының жас­өспірімдер, кейін жастар құрамасы сапына қабылданып, 2011 жылға дейін осында тұрақ­ты өнер көрсеткен. 

Осы аралықта мақала басында сипаттап өткеніміздей, жастар арасында Германия чемпионы атанып, ұлттық құрама қатарына қабылданып, Францияның Тар­бе қаласында өткен Еуропа чемпионатында өнер көрсетіпті. Сөйтіп бір жылдың ішінде  Бө­кейхан Әлиұлы болашағы зор жас регбишіге бұйыратын «ТВ Pforzheim» кубогын иеленіп, оның командасы Бундеслигада күміс жүлдеге қол жеткізеді. 

Келесі 2012 жылы жасындай жанып, қырандай түлеп көзге түскен жас жігітті Түркияның ұлттық құрамасы аттай қалап, қатарына қосқан.  2013-14 мау­сым ойындарында түркиялық регбишілер еуропалық ұлттар кубогының үшінші дивизонында өнер көрсетіп, бір топқа түскен Словакия құрамасын 31:5, әзербайжандықтарды 53:3 есе­бімен тізе бүктірсе, Таллин қаласында Эстонияны 49:5 есебімен жеңді. Осы сайыстарда біздің бала мамандар тарапынан «үздік ойыншы» ретінде бірауыздан мойындалды.  

Қазіргі таңда Шахин Көмүр­­кіс басқарып отырған түрік регбишілері даму үстінде. Соңғы жылдары халықаралық дебютіне қатысқанымен IRB құрамына іліге алмады. Бірақ соған қара­мастан түркиялықтарды Еуро­па регби федерациясының мүше­сі ретінде қабылдады. Осы­ның арқасында команда дәл бүгін халықаралық регби – 15 жо­ға­ры деңгейлі матчтарда өнер көр­сетуде.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу