Талас Омарбек - тәуелсіздік түлеткен тарихшы

Қазақ қоғамындағы тарихшы, оның орны жөнінде ойланатын уақыт жеткен сияқты. Соңғы ширек ғасырға жуық мезгілдегі қоғамдық ойдағы дүрбелең осындай ойға жетелейді. 

Егемен Қазақстан
25.05.2018 1146

Кеңестік кезеңде тарих сая­саттың қолжаулығына айналды, ал тарихшы биліктің тапсы­рысын орындайтын итаршы дәре­жесіне түсірілді. Мұндай жағ­дайда, әрине, тарих таным құралы ретіндегі өзіне тиесілі бе­делінен айрылды. Осы ретте өткен ғасырдың 60-70-ші жыл­дарындағы кеңестік қоғамға қа­тысты мынадай бір жағдай еске орала бе­реді. Бұл кеңестік сая­си жүйе қайшылықтарының ша­рықтау шегіне жеткен шағы еді. Қоғам өз өмірінің терең қой­науында болып жатқан тек­то­ни­калық өзгерістерді мүм­кін болғанша тура түсінуге мұқ­таждық танытты. Дәлірек айт­қанда, қоғамдағы дағдарыстық жағ­дайды түсінуге деген сұраныс ең өзекті мәселеге айналды. Бұл сұранысқа лайықты жауапты, басқа да ғылым салалары сияқты, тарихтану да бере алатын. Бірақ оған ондай мүмкіндік сол тұстағы саяси жүйе жағдайында жоқтың қасында еді.

Ол міндетті белгілі дәрежеде, таным құралы ретінде философия атқарды. Философия адамзат тарихының түрлі аумалы-төкпелі кезеңдерінде атқарған міндетін осы мезгілде де атқаруға күш салды. Ол ұлт тарихының тылсым құпияларын түсінуге бас­тайтын жолды көрсетті, бі­рақ түсіндіре алған жоқ. Осы жыл­дардағы еліміздегі философия мектебінің әлемдік жә­не отандық философияның озық әдіс-құралдарын игеруге бай­ланысты алғашқы сәтті қа­дам­дарына қоғам тарапынан туындаған зор мүдделілік соның көрінісі еді. Өкінішке қарай, қазақстандық философия алғашқы нәтижелі әрекетін ұлттық тарихты игеруге, яғни елдің алыс-жа­қын кезеңдерде жүріп өткен жолын қорытуға байланысты қыз­метін жалғастыруға келгенде ір­кіліп қалды. Отандық тарихи тә­жірибені игеру – бұл тәуелсіз ойлау мәдениетіне бастайтын жалқы жол. Ал «тәуелсіздік философиясы» қоғамдағы қозғалыстың аяқ тірейтін бедеріне айналмай ұлттың ілгері жылжуының өзі кү­мәнді.

1991 жылдан бергі уақытта жағдай түбегейлі өзгерді. Қоғам­дық ойға жеткен еркіндік, таным құралы ретінде тарих ғылымына да келді. Иншалла, қазақ тарихшысы «өзім туралы өзім айтамын» дейтіндей жағдайға жетті. Осы арада сәл шегініс жасап, бүгінгі қазақ қоғамының ата тарихына байланысты сұранысына, талғам-тілегіне тоқталуға тура келеді. Яғни бүгінгі қазақ ата та­рихынан нені білгісі келеді? Отан тарихын зерттеуді кәсібіне айналдырған жұмыр басты пенде үшін «адамзат көшінде біз кімбіз, қайда барамыз?» деген сауал негізгі көтерген жүгі болса керек. Осы сауалға ұлт тарихынан нанымды жауап іздеу арқылы ғана зерттеуші тарих ғылымының кеңестік кезеңде түсіріп алған беделін қайтаруы мүмкін. Бұл ретте тарихшыларымыз, философ  Ф.Ницшенің мына пікірін ес­ке сақтағаны абзал: «Тарих жүгін жі­герлі тұлғалар ғана еңсере алады, әлсіздерді ол жаншып тастайды». 

Кеңестік кезеңде қазақ қоға­мының экономикалық өмі­рі орталықтан басқарылды. Орта­лық қазақ қоғамының ертең­гі мүддесіне қатысты ішкі сұра­ныстарымен есептесуді өзіне мін­дет санаған емес. Қазақ жері мет­рополия индустриясының ши­кізат көзіне айналуға тиіс бол­ды. Одақ тарағаннан кейінгі уақытта моноқала атанған 24 елді мекен кәдімгі отарлық тонау­шылықтың нақты куәсі еді. Тәуел­сіз Қазақ мемлекеті бүгінгі таңда бұл кеңестік кешегісінен қалған «мұ­раны» енді өз күшімен шешуге мәжбүр.

Ал кезінде (1928 ж.) Кеңес­тік орталықтың бұл өктем отар­шылдық ұстанымына мәскеу­лік басылым арқылы ашық қарсы­лық көрсеткен Смағұл Сәдуа­қасұлы сияқты ұлы тұлғалар про­летариат диктатурасының «интер­националдық» саясатын түсіне алмаған «национал» ретінде қызметінен босатылып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Өндіріс саласындағы осы­ екі­жүзді қитұрқы саясат ғылым­да, мәселен, гуманитарлық сала­да да жүргізілді. Таптық мето­дологияға сүйенген тарих­нама, әдебиеттану қоғам­дағы үдерістер мен оқи­ға­лар­ды баяндауда көптеген бұр­ма­лаушылықтарға ұрын­ды. Тап­тық көзқарасты ұлыдер­жавалық ұс­таным толықтырды. Ғылымда қалыптасқан бұл қай­шылықты жағдай жеке зерттеуші-тұлғалар тарапынан қарсылық тудырды. Тарихи шындықты қорғау жолына түскен ғалымдар (Е.Бек­маханов, Е.Ысмайылов, Б.Сү­лейменов ж.б.) ұзақ мерзімге абақ­тыға жабылды.

Міне, осы билік тарапынан­ өмірде және ғылымда ақиқат­қа жасалынған шексіз көп қия­нат­тарды ресми идеология ұмыт­­тыруға, жеті қат жер ас­ты­­­на жауып тастауға аз күш жұ­м­саған жоқ. Бірақ халық, қоғам кеше ғана өз өмірінде орын ал­­ған әділетсіздікті ұмытқан жоқ-тын, ертелі-кеш, әйтеуір оның ашылатынына сенді. Сол сәт тәуелсіздікпен бірге жет­ті. Биліктің қылмысын терең қой­науында бүгіп жатқан архив қорлары ашыла бастады. Бұл айтулы процесс әлемдік тарихнамада «архив революциясы» аталды. Саясаттағы қайта құрумен бірге келген осы тарихи кезеңде қоғам тарихшы деген көне кәсіптің бар екен­дігін есіне алды. Яғни сөз кезегі тарихшылар әулетіне тиді. Зерттеуші-тарихшылар өздерінің тарихи миссиясын орындауға кірісті. Тарихи шындық ендігі уақытта ғылыми журналдар мен монографиялық зерттеулерден күнделікті басылым беттеріне шықты. Қазақ тарихнамасында Талас Омарбеков есімінің қоғам назарын өзіне аударғаны осы жылдарға тұспа-тұс келді.

Талас Омарбековті зерттеуші-ғалым ретінде оқырман қауымға мәшһүр еткен өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы кеңестік реформалар және оларға қоғам тарапынан көрсетілген қарсылық тақырыбы еді. Тәкең 20-30-шы жылдардағы кеңес­тік реформа тарихын, ал мен Алаш қозғалысы тарихын зерт­теуді сол кездегі Партия тари­хы институтында 80-ші жыл­дардың соңында бірге бастадық. Бұл тақырыптар, әрине одан бұ­рын да тарихшылар назарын­да болған. Менің айтпағым, олар­дың заман сұранысына байланыс­ты жаңа көзқарас, жігерлі ұста­ным тұрғысынан зерттелуі еді. Сол кездегі партия тарихы­ архиві, қа­зіргі Президент Әкім­­шілігінің архиві өте бай, мұ­рағат­­тары мұқият реттелген ғы­­­лыми орталық. Бұрын жа­бық, зерттеушілердің қарауына ен­ді ғана беріле бастаған аса маңызды құжаттық материалдарды бірге ашып, өзара талқыға салып, соларға сүйеніп, жары­са мақалалар жазып, газет-жур­налдарға жариялап жүрдік. Ол да бір қызығы мол қайталанбас ке­зең еді.

Сол кезде 1989-1990 жж. бірге жұмыс жасап жүріп байқағаным, Тәкең­нің зерттеуші ретіндегі ерен еңбекқорлығы, тарих шын­­дығына деген адалдығы еді.­ Екеуміздің Партия тарихы­ инс­титутындағы қызметіміз сая­си репрессия құрбандарын ақ­тау ісімен бір мезгілде жүрді. Парт­ияның Орталық Комитеті тара­пынан беделді комиссия құрылған. Құрамында Орталық Комитеттің бөлім меңгерушілері, облыстық комитеттердің идео­логия жөніндегі хатшылары, ака­демиялық ғалымдар бар комиссияны сол кездегі Ақмола облыс­тық партия комитетінің бі­рінші хатшысы А.Г. Браун бас­қарды. Тәкең 20-30-шы жыл­дары партиялық және кеңес­тік басшылықта болған қай­рат­керлердің, ал мен Алаш қай­раткерлерінің қызметі мен сая­си ұстанымына байланысты материалдар даярлап, комиссия отырыстарына қатысып жүрдік. Міне, осы ұлт қайраткерлерінің күрес жолын зерттеу арқылы біз қоғамдағы тарихи процестерді мүмкін болғанша тереңірек тү­сінуге күш салдық.

Т.Омарбекұлының осы мез­гіл­де тыңға түрен салған еңбегі бұ­рын­ғы кеңестік тарихнаманың боль­шевиктер билігінің өт­кен ғасыр­дың 20-30-шы жылдар­дағы мемлекеттік астық және ет да­йын­дау, меншік иелерін мен­ші­гінен айыру, ауқатты шаруаларды тап ретінде жою, күштеп ұжымдастыру және еріксіз жаппай отырықшыландыру саясатына байланысты қалыптасқан біржақты, жалған тұжырымдарын елге ұғынықты тілде әшкерелеуі болды. 

Бүгінгі күн биігінен қарағанда шынайы зерттеушінің міндеті де осы болуға тиіс-тін. Яғни бұр­малауға ұшыраған тарихи шын­дықты қоғамға жеткізу, кезінде елге, қоғамға, оның бүтін бір әлеу­меттік топтарына зорлықшыл би­лік тарапынан жасалған қиянат­тың бетін ашып көрсету еді. Бұл, әрине мүләйімсуді, фак­тілердің орнын ауыстырып ой­нау­­ды көтермейтін ауыр миссия болатын. Т.Омарбекұлы зерттеуші маман ретінде өзіне ар­тыл­ған осы жүкті қара нардай көтеріп, сыннан абыроймен өтті. «Зобалаң» «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті», «ХХ ғасыр­дағы Қазақстан тарихының өзек­ті мәселелері» сияқты іргелі зерт­теулерін жариялады. Осы және бас­қа еңбектерінде тарихшы 1929-1931 жж. қазақ даласында орын алған кеңестік билікке қар­сы халық көтерілістерінің то­лық­тай негізді де орынды қоз­ғалыс болғандығын нақты де­рек­намалық негізде баяндап, осы көтеріліске саналы түрде қа­ты­насқан халық өкілдерін халық қаһармандары ретінде мойындап, отан тарихынан оларға тиесілі ор­нын беруді, оларды ел жадын­да мәңгі сақтаудың басқа да ша­раларын қарастыруды ұсын­ды. Тарихшының бұл еңбегі ке­ше­гі ел мүддесі жолында мерт болған азаматтардың артында жоқтаушысы бар дегенді білдіретін еңбек еді.

Тарих ғылымында қайта құру басталғанда (өткен ғасырдың 80-90 жж.) ең өзекті мәселе, әрине сол мезгілге дейінгі архив қор­ларындағы жабық құжаттық мате­риалдардың қолжетімділігі болды. Сол уақытқа дейін тарих­намада үстемдік құрып кел­ген методологиялық әдіс-құрал­дар­дан аяқ тартуға мүмкіндік беретін жалғыз жол осы жаңа тарихи деректерді игеру арқылы жүретін еді. Бұл тұрғыдан бұрынғы коммунистік идеологияның же­ңіліс табуы отандық тарихшылар үшін қараңғы түнектен жарыққа шыққанмен теңестіруге болатын өзгеріс-тін. Өйткені идеологиялық бұғаудан құ­тыл­ған тарихшы бұрыннан бел­гілі фактілерді жаңа таным тұр­ғысынан зерделеп, ал енді ашылған тың фактілерге еркін түсінік беру мүмкіндігіне ие болды. Т.Омарбекұлының жо­ғарыда аталған монографиялық зерттеулері осы арнада және ру­хани қанаттану жағдайында жазылғандығымен ерекшеленеді.

Тәкеңнің ұлы Шыңғыс Омар­бековпен авторлық бірлестікте жаз­ған еңбегі «Қазақстан тарихы­на және тарихнамасына ұлттық көз­қарас» деп аталады. Осы еңбе­гінде Т.Омарбекұлы өтпелі ке­зең­нің зерттеушісі ретінде «Та­рихымызды қалай жазамыз?» деген мәселеге тоқталып, «Тарихты жа­зуға талаптанушылар тарихымызды кімнің көзімен, яғни қандай көзқараспен жазамыз? – деген сауалға беретін өздерінің жауаптарын да айқындап алға­ны жөн. Бұл – тарихымызды жазу­дың аса маңызды алғашқы мәсе­лесі»,  деген  орынды пікір біл­діріп, осы ретте: «Қазақтың тарихын қа­зақтың өзі  ана тілінде  және шынайылық ұстаным тұр­ғысынан жазғаны жөн. Осы ға­сырға дейін біздің тарихымызды басқалар жазып келді. Кеңестік кезеңде та­рихымызды жазу ісін қолға ал­­ған зиялыларымызды  оны «ұлы орыс» халқының не­месе Мәскеудің ұстанымы тұр­ғысынан жазуға мәжбүр болды. Әлі күнге дейін көп томдық тарихымызды алғаш орысша жазып, соңы­нан қазақшаға аударып келе жат­қанымызды кімнен жасыра ала­мыз?» – деп бар шындықты жайып салады. Біз де бұл пікірге қо­сыламыз.

Міне, бұл пікір-пайымнан өз кәсібіне адал, осы уақытқа де­йін отандық тарихнамада орын алып келген бұрмалаушылықтар мен ағаттықтарды жою ісіне өз үле­сін қосып, осындай азаматтық ұстанымын жариялаған еңбектері ар­қылы дәлелдеп келе жатқан тарихшы бейнесін көреміз.

2005 жыл тарихшы шығар­машылығына бетбұрыс ала кел­ген кезең болды. Кәсіпкер-ға­лым Хайролла Ғабжәлеловпен шығар­машылық бірлікте «Алаш»­ аталған тарихи-зерттеу орта­лығын ұйымдастырып, орталыққа пікірлес әріптестерін жинап, қа­зақ ұлтының шаңырағын кө­те­ріс­кен ру-тайпалардың та­ри­хын жазуға бет бұрды. Та­рих­шы­ның осы бағыттағы ізде­ніс­терінің нәтижесінде «Қазақ мем­лекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны» және «Қа­зақ хандары» сияқты жа­ңа кітаптары жарық көрді. Оның басшылығымен орталық қыз­меткерлері жиырма кітаптан асатын ру-тайпалар тарихын жарыққа шығарды. Өкінішке қарай,  осы көп томдық басылымды терең де кәсіби талдауға алған мақалалар жарық көре қойған жоқ. Ондай жұмыс болашақта атқарылар деген үміттеміз. Де­ген­мен, осы еңбек арқылы атқа­рылған мынадай жұмысқа көңіл аудармау мүмкін емес.
Адамзат тарихының терең қойнауынан бастау алатын қазақ тарихы бұл елдікке ұмтылыс, ұлт­­қа бірігу, ұйысу тарихы. Осы ұзақ та азапты жолдағы ру-­тайпалар тарихының терең қат­парларына мүмкін болғанша жан-жақты, ғылыми талдау жасамай толыққанды ел тарихын бажайлап түсіну мүмкін емес. Міне, осы ру-тайпалардың жү­ріп өткен күрделі тарихынан байқалатын тарихи шындық мынау: кезінде түрлі себептермен шығыстағы Керулен өзені бойы (Моңғол қыраты) мен Қытай қабырғасынан ығысып, бүгінгі киелі қазақ жеріне келіп ұлтқа бірігіп, мемлекеттігін құр­ған кө­не ру-тайпалардың көш бас­таушыларының шешімі тарихи тұрғыдан алғанда өзін ақтаған кемеңгерлік болғандығын уақыт көрсетіп берді. Сол үшін де сол ата-бабаларымызға мың да бір алғыс! Олай болса, осы атамекен жері­мізді, қасиетті атажұртта тамыр жайып, қалыптасқан ел­дігімізді сақтау және заман сұра­нысына сай көркейту бүгінгі және ертеңгі ұрпақтардың ең биік мұ­раты. 

Т.Омарбекұлы кезінде архив қорынан алып 1929-1933 жж. би­лік­ке қарсы халық наразылығын қол­дап, қолдарына қару алып көте­ріліске  шыққан ауыл адам­дарының тізімін жария етті. Кейін­нен осы тізімде аты аталған аза­маттардың тағдыр-талайына қатысты елден көптеген хат-хабар алды. Бұл, әрине зерттеушінің қара­пайым халықтан алған алғы­сы еді. Тәуелсіздік кезінде өз елі­нің тарихын жазу ісіне белсенді түр­де атсалысқан тарихшыға елі­нің алғысынан үлкен бақыттың бо­луы да мүмкін емес. 

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ,
академик

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

22.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Толеранттылық - бұл төзімділік емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу