25 Мамыр, 2018

Қазақстанның ұйымға қатысуы – Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерінің бірі

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстанның ұйымға қатысуы – Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерінің бірі

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қа­зақстан, Қырғызстан, Ре­сей, Тәжікстан қауіпсіздік кеңес­тері­­нің хатшылары, сондай-ақ Ұйым­ның Бас хатшысы Юрий Хача­туров қатысты.

Басқосуға қатысушылар ха­лы­қ­­аралық ахуалдың өзекті мәсе­ле­лері бойынша пікір алмасып, осы ұйымға мүше мемлекеттердің қауіп­сіздігі үшін маңызды болып саналатын заманауи сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерді қарастырды.

Нұрлан Ермекбаев отырыс бары­сында ҰҚШҰ-ға мүше елдер­де бүгінгі халықаралық ахуал­дың даму үрдісі туралы ор­тақ тү­сіністік бар екеніне назар аударып, қалыптасып отыр­ған жағдай туын­даған проб­ле­маларға қатысты жан-жақты әрі жүйелі талдау жүр­гізуді және сын-тегеурін­дердің алдын алу мен қатерлерді жою үшін ше­шім­дер қабылдауды талап ететінін айтты.

Тараптар ұлтаралық шиеленіс ошақтарын реттеудің ықтимал жолдары туралы пікір алмасты.

Жиын қорытындысы бо­йынша ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құзыретті органдардың ынтымақтастығын нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, ха­лықаралық терроризмге, заңсыз есірткі айналымына, заңсыз миг­рацияға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның арнайы мақсаттағы Жедел әрекет етуші ұжымдық күш құрылымдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар көзделген.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев делега­циялар басшыларын қабыл­дап, Қазақстанның ҰҚШҰ-ға қа­тысуын ұлттық қауіпсіз­дікті қам­тамасыз ететін маңыз­ды тетік­тердің бірі ретінде қарасты­ра­тынын атап өткен болатын.

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төра­ға­лық етуіне байланысты биыл­ғы екінші жарты жылдықта Ас­танада мемлекет басшылары деңгейінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізу жоспарланып отыр.