Білім • 25 Мамыр, 2018

Кітаптар электронды нұсқаға көшіріледі

588 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кітап­ха­нада жайлы ақпараттық орта қалыптастыру: жаңаша мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы басшылығы, жер­гілікті мәслихаттағы фракция мүшелері және аумақ­тық кітапхана жетекшілері мен қызметкерлері қа­тысты. 

Кітаптар электронды нұсқаға көшіріледі

Семинарға қатысушылар кітапханадағы ІТ-орта­лықтың жұмысымен танысып, жаңа тех­но­логияның соңғы мүмкіндіктерін саралады. Қазір ақпараттық тех­нологияның заманы. Кітапханашылардың жұмысы бая­ғыдай оқуға алған кітаптарды тізімге алып, қол қой­дырып алумен бітпейді.

Заман көшіне ілесіп, қарқыннан қалмау үшін жа­ңаша жұмыс жасау жүйесі ұсынылып отыр. ІТ-орта­лықта коворкинг, әңгімелесу, демалыс аймағы, ж­е­келеген жұмыс жасауға арналған орындар, 2 конферен­ц-зал, 3D студия және технолабораториялар жұмыс жасайды. Работты техникаға арналған арнайы орындар да бар. Жиналғандар алдында сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев:

– Жалпы IT-парктер «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­масын жүзеге асыру аясында ашылып жатыр. Қазір IT-мамандарға сұраныс артып отырғандықтан, бұл парк жұмысының бір мақсаты Қызылордаға IT-маман­дарды шоғырландыру болып отыр. Оларды цифр­ландыру жөніндегі нақты жобаларға жұмылдырып, жұмыс жасауға мүмкіндік береміз, – деді.

Семинарда облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елбасының партия қызметін жаң­ғыр­ту жөніндегі тапсырмасы бойынша қолға алынған жаңа партиялық жобаларды таныстырды.

– Биылдан бастап партияның бастамасымен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның кі­тап­ханалары» атты жаңа жоба қолға алынды, – деді ол. – Жоба аясында еліміздегі кітапханалар заманауи бі­лім орталығы ретінде қайта құрылып, кітап қорының электронды нұсқалары дайындалатын болады.

Ибадулла Құттықожаев ақпараттық технологиялар арқылы барлық мектептердегі және университеттердегі кітапханаларды бірыңғай онлайн кітапханаға қосу, интернетке қол жеткізу, қазіргі заманғы кітаптарды оқу мен сату үшін ашық кеңістіктер жасалып жатқандығын айтты.

Бұдан соң Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова сөз алып, бірыңғай онлайн-кітапхана жүйесін қалыптастыру, кітап қорларын электронды фор­матқа көшіру бағытында облыста қолға алынған жұмыстарды атап өтті. 
Кітап қорларын электронды форматқа көшіру құн­ды жәдігерлерді сақтап қалумен қатар, бүгінгі заман оқыр­­мандары үшін өте ыңғайлы. Жаңа технологияның ти­імді жақтарын ой елегінен өткізген семинарға қаты­су­шылар өздерін толғандырған сұрақтарға мейілінше жауап алды.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы