Семейдегі интернат тәрбиеленушілері «Отанымыз – Кеңес Одағы, астанамыз – Мәскеу» деп жазылған оқулықтармен оқып жатыр

«Имя Ленина снова и снова,

Повторяет великий народ,

И как самое близкое слова

Имя Ленина в сердце живёт».

Егемен Қазақстан
25.05.2018 2563
Суреттер республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Қобланбек Қожиннің фейсбуктегі парақшасынан алынды

Сенесіз бе, сенбейсіз бе, Семейдегі есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері әлі күнге дейін, еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жылға жуықтаса да осындай шумақтарды оқып, жаттауға мәжбүр болып келеді. Мұны жақында облысымызға жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері анықтады. «Менің сөзіме сенбессіздер бәлкім. Бірақ шындығы осы, балаларымыз «Отанымыз - КСРО, елдің басты қаласы – Мәскеу» деп жазылған оқулықпен оқып жатыр», - деген-ді республикалық арнайы мониторингтік топтың төрайымы Айгүл Соловьёва Өскеменде өткен жиында.

Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Қобланбек Қожин өзінің фейсбуктегі парақшасында осы жәйтке қатысты интернат тәрбиеленушілерінің ата-аналардың бірінен шағым түскенін жазыпты.

«Наша Родина – Советский Союз», «Везде и во всем имя Ленина с нами» - Семейдегі есту қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттың балаларының оқитыны – осы. Олар Совет заманындағы, 1983 жылы шыққан оқулықтармен оқуға мәжбүр. Өйткені, жаңа оқулықтар жоқ. Өкінішке қарай біз әзірге мүмкіндігі шектеулі балаларға не қазақ, не орыс тілінде заман талабына сай бірде-бір оқулық шығара алмадық», - деп пікірін білдіріпті республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Рақым Ошақбаев өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Шынымен, оқулық жетпей жатыр ма? Бұл тарапта қандай түйткілдер бар? Мәселенің анық-қанығына көз жеткізейік деп облыстық білім басқармасына хабарласқанымызда ондағылар Білім министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен мекемедегі сабақтар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытылатынын, ал 1987 жылы шыққан «Развитие речи» оқулығын педагогтар орыс тілі мен оқу сабағына қосымша жаттығу ретінде пайдаланылатынын жеткізді.

«Мектепке дейінгі даярлық тобындағы сабақ жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сыныптарға арналған оқулықтары (2000-2016 жылдары шыққан) негізінде жүргізіледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан 5-7 сыныптарда орыс тілі, химия, биология, алгебра, геометрия пәндері 2017 жылы шыққан жалпы білім беретін оқулықтармен оқытылып жатыр», - делінген облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмәділованың Білім және ғылым министрлігінің жалпы және орта білім департаментіне берген жауабында.

Түйін

Облыстық білім басқармасы Білім министрлігіне берген жауабында идеологиялық тұрғыдан әбден ескірген, бүгінгі заман талабына мүлде сәйкес келмейтін оқулықтардың алдағы уақытта интернаттың оқу бағдарламасынан алынатыны-алынбайтыны жайында сөз қозғамапты. Әлде «қосымша ретінде» одан әрі оқытыла бере ме? Дегенмен де Білім министрлігі аталған жәйтке жіті назар аударып, тиісті шешім қабылдайды деп үміт етеміз.  ​​​​​​Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

16.08.2018

Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді

16.08.2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

16.08.2018

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

16.08.2018

Мәулен Әшімбаев Астанада партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

16.08.2018

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме ашылды (ФОТО)

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

16.08.2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

16.08.2018

Абай ауылы алған асулар

16.08.2018

Ажал аузынан аман қалған

16.08.2018

«Қазақфильмнің» жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі видеосервисіне шықты

16.08.2018

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

16.08.2018

Қостанайда Қытай тракторлары құрастырылады

16.08.2018

Головкин мен «Канело» 26 тамыз күні Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу