Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысының аграршыларымен кәсіпкерлік туралы жаңа заңды талқылады

Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Рудный қаласында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған «Лидер – 2010» ЖШС-де болды, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Егемен Қазақстан
25.05.2018 3575
2

Сүт зауытының цехтарын аралау барысында «Лидер – 2010» ЖШС директоры Александр Лигай өндірістің технологиялық ерекшеліктері туралы айтып, сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығаруға арналған жабдықпен, осында шығарылатын өнімдер сұрыптамасымен таныстырды.

Бүгінгі таңда кәсіпорын орта есеппен тәулігіне 30 тоннаға жуық сүт өңдейді, алайда таяу келешекте 50 тоннаға дейін өңдейтін болады. Мұнда шығарылатын өнім сұрыптамасы 20-дан астам өнім түрін қамтиды, келешекте өндіріс желісін кеңейту көзделген.

Әңгімелесудің басты тақырыбы — Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы заңға қол қоюына байланысты кеше күшіне енген бизнеске арналған жаңалықтар мен өзгерістер болды. Сондай-ақ, Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев құжатқа қол қойылғаннан кейін бизнеске, оның ішінде АӨК салаларында өсімнің жаңа мүмкіндіктері ашылатынын мәлімдеді. Қабылданған заң бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы ырықтандыруға бағытталған және мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30%-ке қысқартуды көздейді. Олардың ішінде аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу саласындағы бақылау. Осылайша, 14 кодекске және 109 заңға енгізілген 1000-ға жуық түзетулер бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасап, елімізде кәсіпкерлік қызметті нығайтуға жаңа маңызды ынталандыру шарасы болады.

АӨК дамыту мәселелерін талқылау барысында өңірде Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу қарқыны қаралды. Агроөнеркәсіп кешені саласында бес жыл ішінде кемінде 2,5 есеге еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын ұлғайту міндеттері қойылған.

Мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалып жатыр. Соңғы бес жылда саланы тікелей мемлекеттік қолдау көлемі үш есеге артып, шамамен 260 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығы, қой шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін және жылқыларды, сондай-ақ кебекті экспорттауға Қытай нарығы ашық. БАӘ-ға ірі және ұсақ қара мал жеткізуге қойылған кедергілер жойылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2017 жылы 2,9%-ке артып, 4,1 трлн тг құрады. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің 4,1%-ке өскені байқалады. Азық-түлік өнімдері өндірісіне және ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың өсімі шамамен 30% құрады.

Премьер-Министр Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру көлемі бойынша жетекші аймақ екенін атап өтті. Өндірілетін азық-түлік өнімдерінің үштен бірі экспортталады. Индустриялық-аграрлық ерекшеліктерін ескере отырып, өңір АӨК саласын цифрландыру бойынша пилоттық өңір ретінде анықталған. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өткен жылдағы негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетеді.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы қабылданған заңды ескере отырып, фермерлерге берілетін мүмкіндіктер туралы толығырақ айтып берді.

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, ШОБ бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспорттың жаңа нарықтарына шығу мәселелері бойынша «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндады.
Мәселелерді талқылау барысында жергілікті аграршылар кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңға қолдау білдіретіндерін айтты.

«Біз Елбасының тарихи шешімін қолдаймыз. Қабылданған заң бізге бизнесті кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер береді», — деді облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қарқын» ЖШС құрылтайшысы С. Бұқанов.

Бұдан өзге, «Алтынсарин» ЖШС директоры Б. Князев, «АФ Диевская» ЖШС директоры О. Даниленко, «ПКФ Қайрат» ЖШС директоры Т. Өтепов пікір білдірді. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері цифрландыру, жеңілдетілген ЖЖМ-мен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару мәселелерін көтерді. Қозғалған мәселелерге қатысты ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев пен «Зерде» ҰАКХ» АҚ басқарма төрағасы Р. Еңсебаев тиісті түсініктеме беріп өтті.

Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аграрлық сектордың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып Мемлекет басшысының алға қойған барлық тапсырмалары таяу мерзімде іске асырылуы қажет екенін атап өтті. Агробизнес алға қойылған міндеттерді орындау процесіне тартылып, идеялар мен нақты шешімдерді ұсынуы керек.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, кездесу барысында айтылған сұрақтар мен ұсыныстарды қарастыруы қажет.

Премьер-Министрдің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеевке АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленіп жатқан етті және сүтті мал шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту, суармалы жерлер және т.б. салалардағы салалық бағдарламаларды егжей-тегжейлі талқылау мақсатында өңірдің аграршыларымен кездесу өткізу тапсырылды. Пайдалы кеңестер ескерілуі керек.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АШМ цифрландыру бағыты бойынша міндеттерді орындауға басымдық беру керектігін атап өтті. Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиевке АӨК саласында бөлініп жатқан барлық субсидияларды цифрландыру бойынша басталған жұмысты аяқтау тапсырылды. Сонымен бірге, аграрлық бизнес өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескеру қажет.

2018 жылдың қаңтар–сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерін (қызметтерін) жалпы шығару Қостанай облысы бойынша 37,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдері —  37,3 млрд тг. НКИ — 105,6% құрайды. Облыста барлығы 5433 агроқұрылым жұмыс істейді, оның ішінде: 1 — ӨК, 3 — АҚ, 432 — ЖШС, 4997 — шаруа қожалығы.

Осы жылдың басынан бері облыстың өңдеуші кәсіпорындары 64 млрд теңге сомасына тауарлық өнімдер шығарған, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі (55,8 млрд. теңге) көрсеткіштен 15%-ке жоғары. Азық-түлік өнімдері бойынша нақты көлем индексі 118,7% құрады. 2018 жылы құны 12,6 млрд теңге болатын, 560 жұмыс орнын ашумен 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу