Парламент • 28 Мамыр, 2018

Балалар туризмін дамыту өзекті

1652 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдер туризмі мен өлке­тануды дамыту біздің мемле­кетімізде өте өзекті әрі ол Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қам­тылған идея­мен үйлесім табады. 

Балалар туризмін дамыту өзекті

Қазақстанда балалар мен жас­­­­­­өс­пірім­дер арасындағы ту­ризм,­ өл­кетану қызметі саласын­да жинақ­­талған тә­жірибе аз емес. Жас­өс­пірімдердің ту­рис­тік орта­лықтары ха­лықаралық қаты­настар аясында іш­кі және сыртқы туризмді да­мы­туда. 

Алайда балалар туризмін дамы­туға арнаулы туристік өкілдер спек­трінің шектеулі болуы балалар ту­ризмі ин­фрақұрылымының дамымауы, заңдық база жетіспеушілігі және балалар туризмін дамытудағы бірыңғай стандарттар қызметінің жеткіліксіздігі сияқты факторлар кедергі болуда. Осыны ескеретін болсақ, бүгінгі таңда балалар және жасөспірімдер туризмі мен өлкетану республикалық орталығын құру қажеттілігі туындап отыр. Аталған мәселе бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген болатын, дегенмен бүгінге дейін нақты шешімін тап­пай келеді. 

Республикалық орталықтың жа­нынан елордада республикалық жарыстар мен фестивальдардың, соны­мен қатар жас туристердің экскур­сиялық топтарын қабыл­дайтын ар­найы тур­базалардың болғаны жақ­­сы болар еді. Мұндай құрылым мысалы, «Туған өлкеден – Астанаға дейін» атты республикалық турис­тік-экскурсиялық марафонды өте нәтижелі өткізуге ықпалын тигізе­тіні сөзсіз. Ал туристік-өлкетану ба­­ғы­­тындағы қосымша білім бе­ру бағ­дарламасын жүзеге асы­рушы білім беру ұйымдарының бас­шы­ларының Республикалық үйлес­тіру кеңесінің басшылық деңгейін Премьер-Министрдің орынбасары дең­гейіне көтерсе, құба-құп болар еді.

Сондай-ақ барлық оқу орын­да­рындағы, тіпті ең шалғай қыстақтар­дағы барлық балаларды өзінің ық­па­­лы­мен қамтитын облыстық, қала­лық, аудандық орталықтар немесе ба­лалар туризмі стансалар желісін қалыптастыру бойынша шаралар қабылдаған жөн. Республика бо­йынша мұндай стансаларды құру барысында, оларды жалға алынатын емес, меншікті үй-жайлармен, жыл бойына созылған туристік кешендермен немесе маусымдық туристік базалармен қамтамасыз еткен дұрыс. Әрине олар қажетті туристік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет.
Біздің ойымызша, жоғарыда айтыл­ған шараларды қабылдау қоғам­дық сананы жаңғыртуға бағыт­талған міндет­терді толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сон­дықтан біз Премьер-Министр Б.Сағын­таев­тың атына депутаттық сауал жолдап, аталған мәселені шешу  жолдарын қарастыруды ұсындық. 

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ,
Сенат депутаты