Кәсіпкерлерге қысастық жасалып отыр

Мәжілістегі «Ақ жол» ҚДП фрак­циясының депутаттары мемлекеттік сатып алуларда кәсіп­керлерге жасалатын қы­сас­тықтар туралы талай рет айт­ты. 

Егемен Қазақстан
28.05.2018 3072

Бірақ бұл мәселе бәрібір то­лық шешілер емес, көптеген ме­моргандар өздерінің жаб­дық­­тау­шы­ларының мүддесін қорғап, заңнаманың нормаларын бұзуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы «Өс­ке­мен қаласының қаржы бөлі­­мі» МК өздерінің жаб­дық­­тау­­шысын конкурс­та жең­гізудің жаңа жолын тап­қан. Бағасы 9 млрд тең­геден ар­тық тұратын тапсырысты (трансформаторлық қосалқы стансалар құры­лысы) айрықша тәртіпті қол­дану арқылы мем­лекеттік сатып алулардың элек­трондық порталы арқылы өт­кізген. Осы орайда олар айрықша тәртіпті қолдану – ұлттық қа­уіпсіздік пен құқық қорғау органдары немесе қыз­мет­тік ақпараттарды шекті кө­лем­де ғана тарататын мем­лекеттік құпияға қатысы бар қыз­меттердің құрылысын салуға ғана қатысты екенін ес­кер­меген. Тіпті айрықша жағ­­­дай­лар мемлекеттік сату­дың веб-порталына салын­байтындығы туралы 2015 жыл­дың 31 жел­тоқсанында қабыл­данған Үкіметтің Қаулысын да көзге ілмеген.

Кәсіпкерлердің шағымына бай­ланысты «Ақ жол» ҚДП Қар­жы министрлігіне қай­ы­рылған еді, оның ішкі аудит қызметі тексеріп, айрықша тәр­тіпті қолданудың заң бұзу­шы­лық екенін анықтады. 

Осындай жағдай ОҚО Шар­дара аудандық әкім­дігінде де орын алған. Онда Шардара су қой­масының жаға­лауындағы ғима­рат­ты балалардың са­уық­­тыру лагеріне жалға алу үшін өткізілген тендерде жет­кі­зушіге қойы­латын та­лап­­тардың ара­сында қыз­мет­керлердің саны 37-ден (неге нақ 37?) кем болмауы, олардың жатын орын­да­рының болуы, асхана 100 балаға және 37 қызметкерге арналуы және т.б. талаптар қо­йылған. Қызметкерлердің бәрі­нің лагерьде жатып-тұруын мін­деттеудің қандай қажеттігі бол­ғанын ешкім де түсінбейді. Сонымен бір­ге өрт сөндіру мен электр жаб­дықтарының сапасы емес, мо­делінің қандай болуы тиіс екені талап етілген. Ал осы конкурста жеңімпаз болған ұйымға ұсынылуға тиісті сома сатып алудың жоспарында 5,3 млн теңге болса, енді оның неліктен 4,5 млн. теңгеге аза­йып қалғаны да түсініксіз. 

Бас прокурор Қайрат Қо­жам­жаров пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың атына жол­данған депутаттық сауалымызды аталған мәселеге қатысты ар­найы тексеріс жүргі­зіп, тиісті ша­ралар қол­дану сұралып отыр. 

Кеңес АБСАТИРОВ, 
Мәжіліс депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

22.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Толеранттылық - бұл төзімділік емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу