Аймақтар • 28 Мамыр, 2018

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде  жазғы демалыста «Экология», «Құрылыс» және «Шығармашылық» бағыттары бойынша  2700 студент еңбек етпек. 

Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағының ХIV маусымы басталды

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Облыстық штабқа мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 69 миллион теңге бөлінген. Жыл сайын  «Жасыл елдіктердің» қатары көбеюуде. Еңбекақылары 35-80 мың теңге. «Жасыл ел» облыстық штабының командирі Зауыр Советтің  айтуынша,  облыс  орталығындағы мемлекеттік педагогикалық университеттің «Марғұлан орталығымен» бірге жастар сакралды орындардың аумағын тазалап, қоршаумен айналысады. Яғни, Екібастұздың Әулиекөл, Өлеңті, Ақбидайық, Баянауылдың Торайғыр өзені мен Кемпіртас ескерткіші, Май ауданының Кемертұз ауылына аттанады.

Өткен жылы жұмысын бастаған су астындағы отряд жұмысы биыл да жалғасады. Тағы бір бастама- 1000 ағаш көшетін отырғызбақ. Бұған дейін  студенттер саябақта, аулаларда 100 ағаш екті. Қала ішінде шағын  сенбілік өткізіп,  300 қап қоқыс шығарды. Облыс әкімдігі «Жасыл елдіктерге» өңір экологтарымен бірлесе жұмыс жасауды  тапсырды.  Жастарды жұмыспен қамту бойынша өңірдегі құрылыс компанияларымен де келісімшарттар жасалған. 

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар