Өнер • 28 Мамыр, 2018

Биылғы «Бозторғай» байқауына 800-ден аса бала қатысады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы «Бозторғай» байқауына 800-ден аса дарындыбала қатысады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ХХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауына арналған баспасөз мәжілісінде айтылды.

Биылғы «Бозторғай» байқауына 800-ден аса бала қатысады

Баспасөз мәжілісіне КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Төлегенова, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеңес Дүйсекеев, Ресей мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, Витебскдегі Славян базарының Ресейдегі штабының директоры Николай Кривенко, «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова қатысты.

Қарлығаш Әбдікәрімованың айтуынша, дәстүрлі «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсы Алматыда осымен жиырмасыншы рет өтпек. Өткен жылдардағыдай, конкурс Алматы қаласының Орталық Демалыс Саябағында бар сән-салтанатымен өтеді.

Биылғы байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Белоруссия, Украина, Армения, Грузия, Азербайжан, Литва, Латвия, Болгария, Италия, Чехияның елдерінің өнерлі өрендері келмек. Конкурсқа 800 – ден аса бала қатысады,-деп хабарлады байқау директоры.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».  

АЛМАТЫ