Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Асқар Мамин жұмыс сапарымен өңірлерді аралады

506 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша  жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Асқар Мамин жұмыс сапарымен өңірлерді аралады

Екінші категориялы магис­траль Бейнеу ауылынан бас­талып, Өзбекстан шекарасына дейін  85 шақырымға созылған.

А.Мамин Бейнеу-Ақ­жі­гіт автокөлік жолын өңір­лік ма­ңыздылығы бар инфра­құ­рыл­ымдық нысан ретінде атап өтті. 

«Бұл маңызды жоба Ақ­тау мен Құрық теңіз портта­ры арқылы Орталық Азия ел­дерінен Кавказ, Түркия және Еуропаға транзиттік автокөлік ағынын қалыптастыруға ықпал етеді», деген А.Мамин жолдың құрылысын сапалы жүргізіп, оны белгіленген уақытта аяқ­тауды тапсырды.

Сондай-ақ бірінші вице-пре­мьер Құрық портында паром кешенінің екінші кезегі құ­ры­лысының барысымен танысты.

А.Маминге Шығыс жә­не Батыс суларының құрылы­сы, «Кедендік ресімдеу ай­ма­­ғы» нысаны порт дамуы­ның екінші кезеңі­нің жағалау­дағы гидротехникалық құры­лым­дары туралы ақпарат берілді. Со­нымен қатар «Құрық-Құрық порты» автокөлік тас жолын қайта құру және паром кешенін пайдалануға беру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабардар етті. 

Қазіргі уақытта екінші кешен сынақ режімінде іске қо­сылады. Жоба жүзеге асы­рыл­ғаннан бастап 476 кеме қаты­насы жүргізілді, 2 110 мың тонна жүк өңделді, оның ішін­де биылғы жылы 156 кеме қаты­насы жүргізіліп, 634 мың тоннадан астам жүк өңделді.

Сол күні бірінші вице-пре­мьер XV өңіраралық ынты­мақ­тас­тық форумына дайындық ая­сында Солтүстік Қазақстан об­лы­сына жұмыс сапарымен барды.

А.Мамин Петропавл қала­сының халықаралық әуе­жай­ында тұрақ орындарын қалпына кел­тіру, «Әуежайға кіреберіс жол» автокөлік жолын күрделі жөн­деу жұмыстарымен таныс­ты.

Сондай-ақ Премьер-Ми­нис­трдің бірінші орынбасары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Петропавл-Ресей Фе­де­рациясының шекарасы» учас­кесіндегі жол өтпесін қайта қал­пына келтіру барысын өз көзімен көрді.

Өңірде А.Мамин оқушылар сарайының, «Жас Өркен» жаңа шағын ауданының, «Hilton» сауда-қонақ үй кешенінің, «Қы­зылжар» қонақ үйінің құры­лысы барысымен танысты. Бар­лық нысандар 2018 жылдың қыр­күйек айында пайдалануға беріледі.

А.Мамин Петропавлда Қазақ­стан мен Ресейдің XV өңір­аралық ынтымақтастық форумы­на дайындық жұмыс­тарын жоғары ұйымдасты­ру­шылық деңгейде өткізуді тап­сырды.