Құр тоқпақ

Кеше тағы бірі ұсталды. Жемқордың. Қаптаған коррупционер... азаяр емес. Осыдан кейін ұлықтың пейілі өзгермей, тәбеті тартылмай, қоғам жақсармайды деген ойға келесің амал жоқ.

Егемен Қазақстан
29.05.2018 130
2

Заңсыздық белең алған кезде, жемқорлықтың айдарынан жел есе түседі-ау. Мың жерден «Қазынадан ұрлаған – күнәһардың көкесі» деп обал-сауап туралы әңгіме қозғап, елдік мүдде туралы айтқанымызбен, айтқан сайын күнәһарлар қатары көбейіп келе жатыр ма қалай?

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде былтырғы жылдың қорытын­дысы бойынша, Қазақстан 31 балл жинап, әлемдегі 180 мемлекеттің ішінде рейтингтегі 122-орынды Әзербайжан, Джибути, Либерия, Малави, Мали, Молдова және Непал сынды мемлекеттермен бөліскен көрінеді. Рейтинг бойынша ең жоғары нәтижені 89, 88 балл жинаған Жаңа Зеландия мен Дания мемлекеттері көрсеткен. Яғни аталған елдер жемқорлық атаулыдан мейлінше ада мемлекет саналады. 14, 12, 9 балл жина­ған Сирия, Оңтүстік Судан, Сомали сияқты мемлекеттер рейтингтің төменгі жағында тұр. Мемлекеттері 66 балл жинаған Батыс Еуропа ең жақсы нәтиже көрсеткен аймаққа жатады. Орташа есеппен 32 балл жинаған Сахараның оңтүстік бөлігінде орналасқан Африка мемлекеттері мен орташа есеппен 34 балл жинаған Шығыс Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің де жағдайы мәз емес.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Кеңес Одағында «нетрудовой доход» деген ұғым пайда болды. Басқалай айтқанда, маңдай терімен таппаған кіріс. Осы әдіс қызметтегі талай басшыны ауыздықтап ұстаған еді. Айлығынан басқа, көлденең табыс қайдан келді деген сауалға жа­уап іздететін әрекет парақорлықты тежеуге септігін тигізген-ді. Осы тәсіл қазіргі кезде Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте пайдаланылады екен. Егерде лауазымды тұлғаның иелігінде қай қаржысына келгенін дәлелдей алмайтын меншігі болса, онда ол тұлғаны жауапкершілікке тартуға және сол активтерді тәркілеуге себеп болады екен. Осы заңды Қазақстанда қолданар ма еді? Талай шенеуніктің баға жетпес байлықты қаншалықты адал еңбекпен тапқандығы анықталар еді де, жауапқа тартылар еді.

Жемқорлықты ауыздықтау кез келген басшының қолынан келе бермейтіні әлемге аян. Бұл тұрғыда «сингапурлық экономикалық ғажайыптың» авторы Ли Куан Ю-дің жөні бөлек. Ол «үшінші әлем» елін алдыңғы қатарлы экономикасы бар және сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен деңгейдегі мемлекетке айналдырды.

Ли Куан Ю 1959 жылы маусымда «Халық­тық қимыл» партиясымен бірге сайлауда жеңіске жетіп, премьер-министр лауазымын иеленді. Билікке келісімен партия әлеу­меттік, құқықтық және экономикалық салалар­да тәртіп орнатуға белсене кірісті. Ли Куан Ю-дің реформа жүргізуде қаншалықты табан­ды болғандығын оның айтқандары дәлел­дейді: «Сыбайлас жемқорлықты жеңгің келсе, өз достарың мен туыстарыңды темір тордың арғы жағына тоғытуға дайын бол». Содан бастап елге заңның билігі жүрді. Заң­ның алдында барлығы да бірдей – орта буын­дағы шенеунік те, Парламент мүшесі де.

Жаңа үкіметтің пікірінше, лауазымды тұлғалар арасындағы қылмыстарға қарсы күрес барысында қалыптасқан билік-ақша-коррупция қатынасын түбірінен жою керек болды. Осы мақсат үшін Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағдарлама жасап, ол бірқатар шараларды қамтыды. Олардың ішінде төменгі буындағы шенеуніктердің жоғарыдағы шенеуніктердің бақылауының ашықтығын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық байланысты болдырмас үшін шенеуніктер ротациясын жүзеге асыру; аяқасты инспекциялар жүргізу – бюрократиялық кедергі­лерді болдырмау мақсатында азаматтар мен ұйымдардың өзара бірлескен қимыл ресім­дерін жетілдіру. Сондай-ақ Ли Куан Ю пар­тиясы сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық дау-дамайларды батыл жазатын тәуелсіз және объективті бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыруға қамқорлық жасады. Осылайша мемлекеттің түбіне жететін сыбайлас жемқорлықты ауыздықтады.

Қазақтың «Ұр тоқпақ» ертегісі оқырман­ның есінде болар. Сол ұр тоқпағыңыз ішкен-жеге­нін құстырады ғой қазан мен есекті ұрла­ған балаларға. Ертедегі, сонау өркениетке иек артпаған замандағы тоқпақтың құдіреті қандай еді десеңші! Ал цифрлы технология заманындағы тоқпағы бар болғыр «искусственный» ма, әлде жасанды интеллектінің әлсіздігі ме, әйтеуір баяғы бабаларымыздың нағыз табиғи тоқпағының соққысына жетпей жатыр-ау. Сондықтан ғой, жасанды тоқ­пақ­таған жасқанбаған жандардың қазына қар­жысын ұрлап-жырлап, шетел асып кетіп жатқаны. Қысқасы, қазіргінің тоқпақ деген аты ғана, құр тоқпақ?!

Құр тоқпақ коррупцияға тұсау салады деп айту қиын ғой, өйткені кезінде қиыр­дағы ауыл-аймақтан басталған парақорлық бүгінде Астанадағы керенау кеңселердің қожа­йын­дарына келіп жетті. Коррупцияға байланысты істі болған бұрын-соңды үкімет басқарғандар мен лауазымды тұлғалардың тағдыр-талайы осыған саяды. Бүгінгілердің де ертең солардың күйін кешпесіне кім кепіл? Жемқорлық жайлаған елдің болашағы бұлыңғыр екені айқайлап айтпаса да түсінікті... Олай болса, табиғи, соққысы күшті тоқпақ керек қоғамға! Әйтпесе құр тоқпақ жетеді қазақтың түбіне!

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу