Нәтижесінде үшінші орын үшін ағалы-інілі балуандар боз кілемде жолықты, алайда ол екеуі де белдесуден бас тартты. Сөйтіп Целиноград ауданынан келген Бекбол Нұрланұлы Ерейментауда тұратын өз бауыры Ербол Нұрланұлына жолын берді.
Ақкөл ауданының тумасы Қайрат Махтин екінші орынды місе тұтса, Мереке Тұрашев (Көкшетау) турнир жеңімпазы атанды. Сөйтіп ол «Ақмола барысы» турниріне тігілген жеңіл автокөлік кілтіне ие болды.
Бірінші және екінші орын алған балуандар шілде айында Астанада өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайтын болады.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы