Театр • 29 Мамыр, 2018

Семейде Шығыс Қазақстан Балет мектебінің би кеші өтті

863 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы театрда Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Камилия Исмаилованың басқаруындағы  Шығыс Қазақстан Балет мектебінің есеп беру концерті өтті.

Семейде Шығыс Қазақстан Балет мектебінің би кеші өтті

Фото: автор

Концерт Астананың 20 жылдығына арналды. Бағдарлама үш бөлімнен құралған, «Қазақ ұлттық биі», «Заман би» және «Щелкунчик» балеті.  Екі сағат ішінде көрермендер сиқырлы би әлемін тамашалап үлгерді. Соның ішінде Петр Чайковскидің «Ұйқыдағы сұлу» атты классикалық балеттің вариациясы, Адольф Аданның «Жизелі», Цезарь Пунидің «Конек-горбуногы», Людвиг Минкустың  «Баядеркасы», Рикардо Дригоның «Корсары» мектептің тәрбиеленушілерінің орындауымен сахнаны ерекше гүлге бөледі. Ал замануи би бөлімінен көзге түскендердің ішінен Гулливер мен лилипуттар, «Чикаго» мюзиклындағы кабаре бишілері, африкандық сафарлар, «Вверх тормашками» биімен тіл алмайтын балалар, мысықтар мен өрмекшілер және кірпілерді атауға болады.

-«Щелкунчик» балетін сахналап отырмыз,-деді балет мектебінің директоры Камилия Исмаилова,-бұл ертегі  осыдан 126 жыл бұрын алғаш рет сахналанған. Семей қаласында бүкіл әлемге әйгілі және әртүрлі елдерде қойылған ертегі қайта жаңғырып отыр дей аламыз. Балалардың жазғы  демалыс кезінде де ерекше тамашалайтын балет қойылымы.

Би кеші ата-аналардың да, оқушылардың да және мектеп ұжымының да көңілдеріне керемет қуаныш қалдырды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Семей