Қамбар ата түлігіне қолдау керек

Кең-байтақ қазақ даласында қазір 2 млн 395 мың бас жылқы жосып жүр. Бұл Статистика комитетінің 2018 жылдың басында берген мәліметі. Соңғы бір жылдың өзінде Қамбар ата түлігі 135,8 мың басқа көбейді дейді сарапшылар.

Егемен Қазақстан
31.05.2018 24434
2

Бірақ бұл көңіл жұбататын көр­сеткіш емес. Елімізде жыл­қы шаруашылығы бойынша түйіні шешілмеген мәселе же­тер­лік. Жақында Орал қала­сын­­да өткен «Ет және сүт өні­­мі бағытындағы жергілікті жыл­қы тұқымдарының қа­зір­гі жағ­дайы және оның бола­шақ­та­ғы даму перспективасы» ат­­ты ғылыми конференцияд­а осы саланың сан түрлі мәсе­ле­лері сөз болды.

Ең алдымен бұл конферен­ция ауыл шаруашылығы ғы­лымдарының кандидаты, белгілі зоотехник-селекционер Серікбай Рзабаевтың 80 жасқа толуына орай өт­кі­­зілгенін айта кетейік. Се­рік­­бай Сағитжанұлы – 207 ғы­лыми еңбектің авторы. Оған қоса 11 патенттің, селек­ция­лық жетістік бойынша 15 ав­тор­лық куәліктің иегері. Елі­міз­де жаңадан шығарылған «Кө­шім» және «Мұғалжар» тұ­қым­ды жылқылардың бас­тау­шы авторы, «Жем» ішкі тұ­қым­аралық түрінің бас авторы. Ғалымның «Мұғалжар жыл­қы тұқымы» атты моног­ра­фиясы өте құнды ең­бек екен­­дігін мамандар бір­ауыз­дан мойындайды. Бүгінде елі­­міздің Ет және сүт өнімі ба­­ғытындағы жергілікті жыл­қы тұқымдарының рес­пуб­ли­­ка­лық палатасы кеңе­сі­нің төр­ағасы қызметін атқарып жүр­ген ағамыздың берері әлі де көп.

– Қазақстанның жылқы өнім­дерін экспортқа шыға­ру­ға әлеуеті жетеді. Бірақ бұл салада мәселе де аз емес. Мем­лекет өнімді жылқы ша­руа­шылығын дамытуды назарына алып, қолдау жа­сап жатқан жоқ. Бүгінгі жи­ында ғалымдар мен бизнес өкілдері кездескеніне қуа­ныштымын, екі тарап бірі­гуі қажет деп санаймын. Са­ла­да мәселе көп, білім де, ма­мандар да жетпейді, технологияны да соңғы үлгіде дей алмаймыз. Әлем ІТ тех­нологияға өткенде біз әлі өн­діріс пен селекцияның ескі тәсіл­дерін қолданып келеміз. Мем­лекеттің мүмкіндігін тал­қылай бермей, нақты не істей алатынымызды анықтап барып биліктен көмек сұрау керек. Ол тек қаржылай емес, нор­мативтік заңдар, стандарттар, өнімге қойылатын талап, өңд­еу мен оған алынған шара­лар жағынан болса. Барлық тех­нология гендік деңгейге ауысқанда бізге де соған ілесу қажет. Технология мен ма­мандарсыз ештеңе тынды­ра ал­маймыз. Елімізде жыл­қы ша­руашылығын зерттейтін маман­дарды әзірлеу жүйе­сі де жоқ. Сондықтан адами ресурсты дамыту қа­жет. Қазіргі білім беру жүйе­сі өндіріске қарай бет бұ­­ру­да. Нарықтың жыл сайын өзгеретіні сияқты, жыл са-
й­ын қажет мамандарды да-
й­ын­дауға мүмкіндік бар. Біз­дің агротехникалық универ­си­тет сала мамандарымен, ша­­руалармен ынтымақтаса жұ­­мыс жасауға әзір, – дей­ді Жәңгір хан атындағы Ба­тыс Қазақстан аграрлық-тех­ни­калық университетінің рек­то­ры, профессор Асқар Нә­ме­тов.

«Ауылшаруашылық ке­ше­нін дамыту – еліміздің эко­номикалық саясатының ба­­сым бағыты. Президент Н.На­зарбаев «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жа­ңа мүм­кіндіктері» атты Жол­дау­ында мемлекет бизнес­пен бірге халықаралық на­рықта стратегиялық тетік­тер­ді тауып, отандық өнімді ілге­рі­летуі керектігін атап өт­ті. Қазақстандық ауыл­ша­руа­шылық өнімдерінің ең бас­­ты ерекшелігі – сапасы мен экологиялық тазалығы. Бү­­кіл әлемге «Қазақстанда жа­­салған» табиғи азық-тү­лік брендін танытуымыз керек. Жылқы еті мен сүті­нен жа-
с­алған дәстүрлі қазақ­стан­дық өнімдер әлемдік нарықта ұлт­тық брендтің бірі бола ала­ды» дейді профессор Қ.Бо­зымов.

Расында жылқы етінің диеталық құндылығы мен сапасы басқа етке қарағанда жоғары, өзіндік құны төмен, сондай-ақ шетелдің сұранысы да артып тұр. Қазақ жылқысы жыл бойы далада еркін жайы-
лады, жылқы өсіру үшін айтарлықтай еңбек ресурсы, құнарлы жем қажет емес.

Қазақстанда 2,4 млн жыл­қы бар дедік. Батыс Қазақстан об­лысындағы қылқұйрық саны 170 мыңдай екен. Оның 6 пайызы ғана асыл тұқымды. Кө­шім және қа­зақ­тың жабы­сын өсіретін 20 шаруа қожалығы бар. Жыл өткен сайын жылқының саны көбейіп келеді.

– Алайда жылқы шаруа­шы­лығын дамытуға қатысты ке­шенді жұмысты тез қолға ал­масақ, 5-7 жылдан кейін рес­публикада оның саны аза-
йып, өнімділігі төмендеуі әбден мүм­кін! – дейді профессор Қ.Бозымов.

Ең бастысы, бүгінде мемлекет жылқы шаруашылығын да­мытуға, асыл тұқымды ана­лық басты өсіруге субсидия бермейді. Селекциялық-асыл­дандыру жұмыстарын жүр­гізу үшін де жеткілікті кө­мек жоқ. Бұл асыл тұқымды жыл­қы өсірумен айналысатын кә­сіп­орындарда селекциялық-асыл­дандыру жұмысын баяулатты.

Судсидия мөлшері аз бол­ған­дықтан, кәсіпорындар шы­ғу тегі мен сапасы бел­гісіз айғырларды қол­да­­нуға неме­се әртүрлі тұқым­дағы ай­ғыр­лар­ды сатып алуға мәж­бүр. Кей­бір шаруа­шы­лықтар жыл­қы­ның зауыттық түрлерін ба­қы­лаусыз әкелумен айналысады және оларды жергілікті биемен будандастырады. Мұның бәрі жылқы ішінде ауру таралуына, төл басы төмендеуіне, төлдердің індетіне, әлсіз де өнімділігі төмен құлын туылуына әсер етеді. Бара-бара өндірілетін ет көлемі азайып, сәйкесінше жылқыны бағу құны артады. Мал басын ұстау бағасы артса, айғырлардың зауыттық тұқымдарын пайдалану (желісті жылқы, ауыр жүк таситын және т.б.) қоспа тұ­қымдардың екінші және үшінші ұрпағының тебінде ба­ғылу қабілетін жоғалтады. Ал бордақы жылқыдан сапалы қазы мен қарта алу үшін ке­мінде 4-5 ай құнарлы жеммен азықтануы тиіс.

Бүгінде жайылымдық те­бін­ді жылқы шаруа­шы­лы­ғына қаражат бөлінбейді. Ос­ыған орай қазіргі таңда зоовет­мамандары мен тә­жі­р­ибелі жылқышылар же­тіс­­пеушілігі байқалады. Се­лек­­­циялық-асылдандыру жұ­­мысын жүргізу үшін де қа­ра­жат бөлінбеген соң жы­л­­қы өсірумен айналыса­тын ша­руашылықтар се­лек­­ция­лық-асылдандыру жұ­мыс­тарының келешек жоспарын құрып, ғылыми жағынан қолдағаны үшін ғалымдарға ақша төлей алмай отыр. Нә­ти­жесінде асыл тұқымды жыл­­қы өсірумен айналысатын кей­­бір кәсіпорындар ғылыми қол­­даусыз қалып келеді. Ал ғы­лымнан ажыраған асыл тұ­қымды шаруашылық – тамырынан үзілген өсімдік сияқты, көп кешікпей қурай­ты­ны анық.

Әрине ауызды қу шөппен сүр­те беруге де болмайды. Қа­зақстанда көп жылғы се­лек­­ц­иялық жұмыстың жағым­ды үлгілері, қол жеткен нә­ти­желер де баршылық. Оның ең бастысы – жеке жыл­қы шаруашылықтарының арқа­сын­да сақталған тұқым­дық жа­­нуарлар. Мұн­дай ша­руа­­шы­­лықтар еліміздің Ақ­төбе, Ба­тыс Қазақстан, Ал­маты, Пав­ло­дар және Қара­ғанды облыс­та­рында сақ­талған. Тіпті асыл тұ­қымды жыл­қы өсі­румен айналыса­тын ауыл­ша­руашылық кәсіп­орын­дары мен селекционер ға­лым­дар бірлесіп, ет және сүт өні­мі бағытындағы жергілікті жыл­қы тұқымдарын субсидия­лау түріндегі мем­ле­кеттің қолдауынсыз-ақ селек­ция­лық жұмыста белгілі же­тіс­тіктерге жетті.

Мысалы, «Қазақ мал ша­руа­шылығы және мал азы­ғы өндірісі ҒЗИ» ЖШС ға­лымдары селекциялық-асыл­дан­дыру жұмысын жүргізу барысында 2013 жылы Павлодар облысында жабы типіндегі жылқының өкілі саналатын Памир, Браслет, Задор жаңа зауыттық желілері салынды. Сондай-ақ 2015 жылы осы Павлодар облысында Әсем, Зонтик, Зов, жабы типті қа­зақы жылқының Бестау зауыт­тық тұрпаты құрылды.

Ал «Ақтөбе ауыл­ша­руа­шы­лық тәжірибе стансасы» жылқы шаруашылығы бөл­імі облыстағы «Әсем-Наз» ӨК-де қазақтың жабы жыл­қысының зауыт­тық түрін құ­­ру бойын­ша жұмыс жүр­гі­зі­ліп, 2017 жылы патентке өті­нім берді. Осылайша Ақ­тө­бе таралымындағы қа­зақ­тың жабы жылқысы рес­пуб­ли­кадағы қазақ жыл­қы­ла­ры­ның ішіндегі бағалы генофонд болып табылады.

2017 жылы жылқының мұғалжар тұқымдық айғыр­ла­рының Палуанторы, Бау және Бекзат зауыттық желілеріне, сон­дай-ақ өнімділігі жоғары «Мұғалжар-Ақтөбе» ішкі тү­рі­не патент алу үшін өтінім бе­рілді.

Тұқымдық төлдің негізгі репродукторлары – «Көктас» АҚ, Ақтөбе қаласы «Мұғалжар жылқысы» ЖШС, Ақтөбе облысы Алға ауданының «Жан­сая» шаруа қожалығы және Те­мір ауданының «Жан-Қа­нат-С» шаруа қожалығы.

Осы шаруашылықтарда «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе стансасы» жылқы ша­руашылығы бөлімінің се­лек­ционер ғалымдары ал­да­ғы 10 жылға құрылған се­лек­­ция­лық-асылдандыру жұ­м­ыс­та­ры­ның келешек жоспарына сәйкес тұқымдарды же­тілдіріп келеді. Бұл шаруа­шы­­лықтар рес­пуб­ликаның өзге аймақтарына жыл са-
йын «Мұғалжар» тұқымының ірік­теп алынған 150-170 бас тұқ­ымдық төлін сатады. Та­бын­ды жылқы шаруа­шы­лы­­ғы­мен айналысатын ша­руа­шылықтарда сатып алын­ған «Мұғалжар» тұқым­ды ай­ғыр­­лардан бір жылда 700 кг қосымша ет өнімін алады.

Жылқы шаруашылығының сан-салалы мәселелерін тал­қы­лаған конференция соңы­нда ғалымдар Қазақ­стан­да ет жә­не сүт өнімі бағы­тын­дағы жер­гілікті жыл­қы тұ­қ­ым­да­ры­ның генофонд­ын же­тіл­­ді­ру бойынша бірқатар нақ­ты шараларды қолға алу қажет деген шешім қабылдады.

Елбасы биылғы Жол­дау­ын­да аграрлық ғылым­ның мән-маңызын атап өтті. Әсі­ресе бұл істе аграрлық уни­вер­­ситеттердің рөлі жоғары екен­дігін баса көрсетті. Уни­вер­ситеттер мен ғылым, жер­гі­лікті атқарушы билік пен ша­руашылық нысандары өзара байланысын ке­ңей­­ту қажет. Бұл орайда жа­ңа тех­нология мен ғылым же­тіс­тіктерін пайдаға асырып жатқан шаруа қожалықтары биік жетістіктерге жетуде. Орал қаласында өткен халық­ар­а­­­лық конференциядан түйген түйінді ой осындай.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

Оралдықтар 19 қаңтарда суық суға шомылады

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу