«Қазақстан Барысы» қандай күрес?

«Қазақстан Барысы» турнирі биыл тоғызыншы рет өткелі отыр. Жоба жаман емес. Егер жоба елдің көңілінен шықпаса, жарысты тамашалауға он мыңдаған адам ағылып бармас еді. Демек, бұл сайыс спорт сүйер қауым тамашалауға тұрарлық дүние деген сөз. Жарысты басынан бастап үзбей көріп келе жатқан адам ретінде айтарым, көрермендердің төрешілер ісіне көңілі толмайды. Өкінішке қарай, бұл әрекет әркез қайталануда.

 
Егемен Қазақстан
31.05.2018 5406
2

Неге олай? Осы мәселеге ар­найы тоқталып, талдау жасап көргенді жөн санап отырмыз. Әңгімені әріден бастасақ әуелі, «байырғы қазақ күресі қандай болған?» деген сұрақ туындайды. Шын мәнінде, байырғы қа­зақ күресі қандай болғанын тап басып ешкім айтып бере ал­майды. Өйткені қазақша кү­рес апайтөс қазақ даласының әр өңірінде әр түрлі сипатта дамы­ған. Сондықтан оның бірізді жүйелеген тәртібі де жоқ.

Өткен Кеңес дәуірінде бұл кү­рес қағажу көрді. Негізгі себеп, бұл сайыс кәсіби спорт түріне жатпағандықтан, тек ауыл-аудан аралық тойлар мен ұлттық спорт түрлері дейтін шектеулі, қаражат аз бөлінетін бөлімнің ішін­де күлді-көміс өмір сүріп келді. Сондықтан да бұл спорт түрі­нің маңына олимпиадалық сайыс түрлерінен шеттеп қалған немесе кәсіби бапкерліктің сынына толмай, бәсекелестікке жарамаған, тек күнкөріс қамын күйттеп жүрген адамдар жиналды.

 

Бұған кім кінәлі? Біріншіден, ұлттық құндылықтарымызға мән беріп, бағалай алмаған қоғам, мына өзіміз кінәліміз. Екіншіден, қазіргі таңда кәсібиі бар, былайғы олимпиадалық емес жекпе-жек түрлері бар барлық спорттың ішінде ең аз қаржы бөлінетіні осы қазақша күрес түрі. Ен­де­ше, қырып алар қаржысы жоқ жерде, кім жүреді? Үкімет толық­сытып қаржы бөлмеген соң, қа­зақша күресетіндер ауыл-аудан­ның тойын жағалап күн көруге мәжбүр. Қайта осындай қара та­қырда жатқан күресті өз қаржы­сымен сүйреп, бүгінге жеткіз­ген азаматтарға алғыс айтумыз керек.

Әрі қарай тарқатар болсақ, осылай ауыл-аудан жағалап, кең жайлауда шашылып жат­қан қазақ күресіне төтеден «Қазақ­стан Барысы» дейтін жоба келіп қо­сылды. Сөйтіп, «Қазақша кү­рес» пен «Қазақстан Барысы» бір мақсатқа мін­гесіп қалды.

«Қазақстан Барысы» деге­німіз – бір қарағанда қазақша кү­рес болғанымен бұл мүлдем бас­қа тың дүние. Тіпті күрес-шоу десе де болады. Бұның арғы тегінде моңғолдың ұлттық күресінің мирастық бейне-фор­масы жатыр. Моңғолдың ұлттық күресінің жүйесі қалыптас­қа­нына 2000 жыл. Осы жүйе-форманы қазақшалап, қалпақ пен кестелі шалбар кигізіп халыққа ұсына қойған Арман Шораевқа мың алғыс.

Сонымен бір көлікке мінгес­кен екі күрес түрі соңғы кезде бір қазанға сыймайтын түрі бар. Әрбіріне жеке-жеке көлік, жеке-жеке жайылым керек. Мұның солай болғаны да дұрыс. Өйткені, «Қазақстан Барысы» ғаламдық күрес-шоу нұсқалы жоба ретінде, оған халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар тартылуы керек еді. Сондықтан мамандарды алдын ала дайындап алу керек еді.

Осы іс ә дегенде қолға алын­бағандықтан, өте жоғары дең­гейдегі шоу-жобаны іске асы­руға манағы ауылдың тойында төрешілік жасап жүрген төреші-бапкерлер тартылды. Олар шын мәнінде шоу-күресті түсінбеді, үлкен аренаға ауылдық тойды жүр­гізетін психологиямен шы­ғып кетті. Онымен қоймай ауыл­дың тойында істейтін қалауын мұнда да істеді.

Осындай келеңсіздіктен үне­мі төрешілер тарапынан дау-да­май туындап жүр. Осыдан құты­лу үшін, соңғы жылдары «Қа­зақ­стан Барысы» өз төрешілері мен бапкерлерін бөлек дайын­дауға көшті. Нақтырақ айтқан­да, «шіріген алмадан» құтыл­мақшы. Бұл да оп-оңай шаруа емес. «Шірік алмадан» қанша құтылғанмен оның шірік иісі кетпейді.

Десе де, 2016 жылы аталмыш жобаны Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың келіп тамашалауы шоудың қаншалықты маңызға ие болғанын білдірсе керек. Демек бұл жоба ары қарай дами береді деген сөз.

Екінші бір ескерер дүние: жобаның тағы бір жаңалығы «Әлем Барысы» мен «Еуразия Барысына» қарап отырып, ойланған едік, осы жобаларды атқарған кезде кілемге шетелдік төрешілерді де шығару керек. Сонда күрестің әділдігі мен танымалдығы артады. Қазақ­ша күрес бір қарағанда жапон­дықтардың дзюдо күресінің партері жоқ түрі болғандықтан, бұған төрелік ету кәсіби дзюдо бапкерлері үшін түкте қиын емес.

Үшінші бір ескерер дүние «Еуразия Барысы» турнирі. Шын мәнінде бұл сайысқа қатысушы шетелдік балуандар сол елдің ортаңқол екінші-үшінші нөмірлі балуандары. Соларды жеңіп мәзбіз. Мысалы, 2015 жылы жеңімпаз атанған моңғолиялық балуандар ол елдің дзюдадан ұлттық құрмасының 3-4-ші дәре­желі балуандары екен. Біз соларды жеңе алмадық. Алда-жал­да бұл сайысқа ресейлік дзю­дошылардың екінші нөмірлі балуандары жетіп келсе қалай болмақ? Біздің қазақша күрестің балуандары олардың жағасынан ұстауға жарай ма?! Сол себепті, қазақша күрес шеберлерін дайындауды өте жоғары деңгейге көтерген дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу