Петропавлда күштік құрылымдар боз кілемде белдесті

Петропавлдағы спорт сарайында қазақ күресінен ішкі істер министрлігінің біріншілігі өтті.

Егемен Қазақстан
31.05.2018 6145
2

Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатында «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының орынбасары Асқар Омарқұлов, қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары, «Қазақстан барысы» турнирін ұйымдастырушы Арман Шораев, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев спорттық шараның негізгі мақсаты күштік құрылымдар арасында қазақ күресін жандандыру, жастарға үлгі ету, саламатты өмір салтын насихаттау болып табылатынын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен, Алматы, Астана қалаларынан 48 балуан сайдың тасындай іріктеліп, екі күн бойы боз кілемнің шаңын қақты. 80, 90 және 90 килодан жоғары салмақтар бойынша небір айла-тәсілдер қолданып, бірде жеңіп, бірде жауырыны жер иіскеген күш иелерін қолдаушы жанкүйерлер қатары қалың болды.

Жарыс қорытындысында солтүстікқазақстандық Ба­тырхан Қайырбек (80 кг.), жам­был­дық Бегімхан Әділбеков (90 кг.) жеңімпаз атанды. 90 килодан жоғары салмақта Ал­маты облысының намысын қор­ғаған Александр Касачев те қар­сылас шақ келтірмеді. Оған бас жүлде – Ішкі істер министрі Қал­мұханбет Қасымов атындағы кубок салтанатты түрде тапсы­рылды. Жалпыкомандалық есеп­те бозкілем иелері топ жарды. Екінші, үшінші орындарды Маңғыстау облысы мен Ұлт­тық гвардия командалары місе тұтты.

Шара барысында ұлттық спорттың дамуына зор үлес қосып жүрген Петропавл қаласының құрметті азаматы Бауыржан Құлжанов «Динамо» қоғамының алтын медалімен марапатталды. Сөз арасында спорт ардагерінің қазақ күресінен өңірдің тұңғыш спорт шебері екенін, қазақ күресі қоғамының құрметті президенті екенін айта кеткен жөн. Оның арада 44 жыл өткеннен кейін темірландық (ОҚО) Ұлас Момынұлымен қауышуы ерекше әсерлі болды. Қос саңлақ 1974 жылы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы халықаралық тур­нир­дің ақтық бәсекесінде белдесіп, Баукеңнің мерейі үстем болған екен.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу