Бокс • 31 Мамыр, 2018

WSB финалы бейтарап елде өтеді

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалына шыққан қазақстандық «Астана арландары» бокс клубы мен кубалық «Куба Домадорес» арасындағы кездесу бейтарап алаңда өтеді.

WSB финалы бейтарап елде өтеді

Бұл туралы қазақстандық клубтың бас жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков отандық басылымдарға берген сұхбатында мәлімдеді. «Финалдық жекпе-жектің нақты қай күні өтетіні белгісіз. Тіпті қай елде өтетіні де әлі нақтыланған жоқ. Бір анығы, Қазақстан мен Куба жерінде өтпейді. Дубайда немесе Қытайда өтуі мүмкін. Дегенмен Бүкіләлемдік бокс сериясының төрт дүркін чемпионы атануға барымызды саламыз».

Айта кетейік, жоба басталғалы бері қатысып келе жатқан «Астана арландары» бұған дейін үш рет топ жарып, бір рет финалда сүрінген. Сондай-ақ үш рет үшінші орын иеленген. Биыл төртінші рет финалға шығып отыр.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»