Медицина • 01 Маусым, 2018

Төрт айда 71 000-нан астам адам жұмыспен қамтылды

529 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елімізде қабылданған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы нарықта сұранысқа ие мамандықтарды алудың тиімді жүйесін, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған. Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде азаматтардың жеке ісін бастауына мүмкіндік жасаудың маңыздылығына баса назар аударды.  

Төрт айда 71 000-нан астам адам жұмыспен қамтылды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша 2016 жылдың со­ңын­да әзірленді. 2018 жылы нақ­ты­ланған бюджетті ескере отырып, оны іске асыруға 106,9 млрд теңге қарастырылған.

1 мамырдағы жағдай бойынша бағдарламаға 160 500 адам қатысқан, олардың 95 900-і жұмыссыздар (59,7%), ал өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандар – 
10 800 адам (6,7%).

Жұмыс үш негізгі бағыт бо­йынша жүргізілуде. «Техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКББ) және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты бірінші бағыт аясында өткен жылдан бері ТжКББ бойынша 20 776 адам оқуын жалғастырып жатыр. Бағдарламаға қатысу­шы­лар стипендиямен, бір реттік ыс­тық тамақпен және жол жү­ру ақысымен қамтамасыз етіл­ген. Осы жылдың төрт айында жос­парлы көрсеткіштің, яғ­ни 37 249 адамның 16 896-сы ең­бек нарығында сұранысқа ие дағ­дылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген.

Екінші «Жаппай кәсіп­кер­лікті дамыту» бағыты аясында ал­ғашқы төрт айда 290 шағын не­сие беріліп, олардың 62-сі ауыл тұрғындары арасында, 228-і қала халқы арасында бө­лінген. Барлығы 98 адам стартап-жобалар құрып, жеке биз­нес­терін ашып, кәсіпкер атанды. Сондай-ақ «Бастау-Бизнес» жо­басы аясында алғаш рет өз биз­несін бастап жатқан азамат­тар кәсіпкерлік негіздеріне оқы­тылады. Биыл 7347 қатысушы оқуға жіберілді.

Үшінші бағыт: «Халықты жұ­мыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұт­қыр­лығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

2018 жылғы 1 мамырдағы жағ­дай бойынша бос жұмыс орын­дарына 71 325 адам жұмыс­қа орналастырылды. 14 564 аза­матқа әлеуметтік жұмыс орындары берілді, бұл жоспарды 86,6%-ға орындауға мүмкіндік бер­ді (мақсатты көрсеткіш – 16 806). Бұл санатта 4324 адамды қам­ты­ған Оңтүстік Қазақстан облысы жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

10 405 адам немесе жоспар­ланған санның 51,4% жастар практикасына бағытталған. Бұдан өзге, биыл Қазақстанда 1706 қоныс аударушы отбасына және 622 оралмандар отбасына жұмыс күші көп аймақтардан (Алматы, Жам­был, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан) жұмыс күші аз өңірлерге (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Пав­лодар және Солтүстік Қазақ­стан облыстарына) көшу үшін квота қарастырылған.
Есепті кезеңде 206 отбасы немесе 820 адам көшірілген. Олар­дың ішінде еңбекке жарам­ды жастағылар – 394 адам, олардың 147-сі жұмысқа орналасқан.

Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеу­меттік бастамалары әрбір қазақ­стандықтың әл-ауқа­тын одан әрі жақсартуды көз­­дей­тіні белгілі. Төртінші бас­та­ма ауыл­дық жерлерде және қа­­ла­­лар­да шағын несие беру кө­ле­мін кеңейтуге ба­ғыт­тал­ған. Ол кәсіп­керлікті дамы­ту­ға, жұмыс орын­дарын құ­руға, аз қамтыл­ған халық са­­на­­ты­ның табысын өсіру­ге, сон­­­дай-ақ өзін-өзі жұ­мыс­­пен қам­­ты­ған халықты рес­­­ми­­­­лен­­­діру­ге қатысты кешенді мін­­дет­­­­­­терді шешуге мүмкіндік береді.

Шағын несие беруді дамыту бүгінде 2017-2021 жыл­дар­ға арналған нәтижелі жұ­мыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамыту бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асырылуда және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың ең тиімді тетігі болып табылады.

2018 жылы бекітілген бюд­жетте шағын несие беру бағ­дар­ла­ма­­сы­на 42 млрд теңге, оның ішін­­де ауылдық жерлерге 31 млрд теңге және қалалар мен моно­қа­лал­ар үшін 11 млрд теңге қарас­тырылған.

Мемлекет басшысының тап­сыр­­­ма­сымен қаржылан­дыру 20 млрд теңгеге ұлғайып, биыл 62 млрд теңгені құрайды. Соның нәти­жесінде шағын несиемен қамту­дың жалпы көлемі 14 000 адам­нан асады, бұл 2017 жылғы деңгейден екі есе көп.

Бес әлеуметтік бастаманың төртінші бағытын тиімді іске асыру үшін бағдарламаға бір­қатар өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізілген. Атап айт­қан­да, өн­дірісті ұлғайту және оның кепіл­дендірілген саты­лымы үшін қайта өңдеу­ші ауыл­шаруашылық кәсіпорын­дары аясында зәкір­лік кооперацияны дамыту қарас­тырылған. Осы мақсаттарға бар­лығы 10 млрд теңге бөлінген.

Ауылдық жерлерде –Ауыл шаруа­шылығы ми­нистр­­лігі, қала­лар мен моно­қала­ларда Ұлт­тық экономика министр­лігі шағын несие беру бағдар­ламасының әкім­шілері болып табылады.

Биыл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарла­масы ая­сында үш ірі жоба іске қо­сылуда.

Біріншісі – Әлеуметтік-ең­бек саласының бірыңғай ақпа­раттық жүйесін дамыту. Бүгінгі күні жүйе еңбек, жұмыспен қамту, әлеумет­тік сақтандыру, зейнетақы­мен және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеу­­меттік қолдау, арнайы әлеу­мет­­тік қыз­меттер және көші-қон секіл­­­ді ведомство қызметінің бар­лық бағыттары бойынша 11 ақ­па­рат­тық шағын жүйе­лерді қамтиды.

Екінші жоба  –  Электронды еңбек биржасы. Азаматтарды жұ­мысқа орналастыру про­цесі электронды форматқа көші­ріліп, жұмыс іздеушілер мен вака­н­­сия­лардың ірі базасы қалыптасқан.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министр­лігі­нің дерек­тері бойынша қазір­гі кезде бир­жаға жұмысқа орна­ластыруға қатысты 45 жеке агенттік пен 5 интернет-алаң қосыл­ғ­ан. Ай сайын Элек­трон­ды биржаға шамамен 141 мың адам кіреді, жыл басынан бері оның саны ай сайын 2,7 есеге өсіп  отырды және 3 млн адамнан асты.

Үшінші үлкен жоба – элек­трон­ды еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізу. Жұмыс­керлер үшін бұл, бірінші кезекте, жұмыс­қа ор­наласу процесін жеңіл­детеді: құ­­жат­­тар жинау қажет емес, жұ­мыс із­д­еу­­шінің жеке ісі автоматты түр­­де қалып­тастырылатын болады.

Осылайша, қабылданып жат­қан шаралар мем­лекеттік қыз­меттерді оңтай­лан­дыру есе­бі­нен азаматтар мен мем­­ле­кет­­тің шығындарын 600 млн теңгеге дейін қысқартуға, элект­рон­ды кадрлық іс қағаз­дарын жүргізу­ді енгізу есе­бінен бизнестің жыл са­йынғы шығындарын 1 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүм­кіндік береді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»