Аналар алаңсыз, сәбилер қамсыз болса...

Қазіргі заманда жас аналар мен сәбилердің жағдайы бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым тәуір екені белгілі. Кезінде көп айтылған салмақ жетіспеу, бойы өспей қалу сияқты факторлар қазір азайған. 

Егемен Қазақстан
01.06.2018 5059
2

Дегенмен бұл салада шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. БҰҰ мамандары мектеп жасына дейінгі балалар мен жас аналарды әлеуметтік, медициналық, басқа да тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысты зерттеулер жүргізіп келеді. Мәселен, ЮНИСЕФ бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулерге назар салсақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне тіркелген 3-6 жас аралығындағы сәбилер қатары 2010 жылдан бері артқан. Бірақ республикада мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар тапшылығы байқалады. Балабақша тәрбиешілері жалақысының төмендігі, т.б. себептермен өзге кәсіпке ауысу үрдісі кейінгі 25 жылда анық байқалуда. 

Балалар дәрігерінің саны да республиканың барлық аймағында біркелкі емес. ЮНИСЕФ зерттеу­ші­лері Қазақстанда білікті кадрлар негізінен Алматы, Астана сияқты ірі қалаларға шоғырланғандығын айтуда. Сондықтан ауылдық жердегі аналар мен балалар денсаулық күтімі тұрғысынан да, басқа жағынан да шет қалуда. ЮНИСЕФ баяндамасында көрсетілгендей, халықаралық ұйым тарапынан 0-3 пен 3-6 жас аралығында сәбилер күтімімен, тәрбиесімен айналысатын мамандардың сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар құзырлы мекемелерге тұрақты түрде жолданады. 

Қазақстанда соңғы 25 жылда бала туу көрсеткішінің анағұрлым тө­мендегенін айтқан жөн. 1990 жылдан бері есептегенде бір әйелдің дү­ниеге бала әкелу көрсеткіші 2,7 деңгейіне дейін түскен. Еліміздегі оңтүстік өңір­лерде сәбилердің дү­ниеге келу деңгейі қуантарлық болғанмен, сол­түстік аймақтарда туу көрсеткіші азай­ған. Бала күтімі мен әйелдердің ден­саулығына экономикалық жағдай­дың әсері зор. Шетел сарапшылары елдегі ішкі жалпы өнім 2014 жылы 4,1 пайыз болса, 2015 жылы 1,2 пайызға төмендеген дейді. Оның үстіне жалақы мөлшері көп жағдайда кө­ңіл көншітерлік емес. 

ЮНИСЕФ баяндамасына назар аударсақ, республикада ел әлеуетін кө­теретін түрлі бағдарламалардың жүзеге асырылғанына қарамастан, кедейшілік деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Дүниежүзілік банк көр­сеткіші бойынша халықтың 42 пайызы кедейшілікте күй кешуде. Роэлен, Госсманн тәрізді шетел ғалым­дарының зерттеуі бойын­ша, республика халқының 33 пайы­зының тұрмысы төмен екен. Оның ішінде нашар отбасында тұ­ратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 45 пайызды құрайды. Азия даму банкінің 2010 жылғы дерегіне жүгінсек, ауыл­дық жерлердегі кедейшілік дең­­гейі қала тұрғындарымен салы­стырғанда екі есеге жоғары. 

Сәби дамуы ата-ананың жұмысы мен отбасылық жағдайына, қоршаған ортадағы әлеуметтік факторларға тәуел­ді. Тұрмысы нашар отбасынан шық­қан балалардың қоғамға бейім­делу қабілеті де әлсіз екені белгілі. Қазақстанда медициналық, әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан бес жасқа дейінгі балалардың шетінеуі 1990 жылдан бері екі есеге азайған. Бірақ ұлдар санының кемуі анық байқалады. БҰҰ-ның өлім-жітімге қатысты зерт­теуіне назар салсақ, 100 мың нәрес­тенің ішінде қыз бала шетінеуі 12 болса, ер балаға қатысты бұл көрсеткіш 16-ны көрсеткен. 

Ана сүтінің бала денсаулығы үшін ғана емес, оның бүкіл өмірінде зор мәні бар екені белгілі. Бүгінде әлем бойынша алты айға дейінгі нәрестелердің 36 пайызы ана сүтімен қоректенеді. Халықаралық ұйым сарапшылары Қазақстандағы жас аналар сәбилерін емшектен ерте шығаратынын арнайы зерттеулер нәтижесінде анық­тады. БҰҰ таратқан баяндамада Қостанай, Алматы, Атырау, Қызыл­орда, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыс­тарында тұратын аналар сәби­лерін мерзімінен ерте емшектен шыға­ратыны көрсетілген. Сәбиді сүт­тен ерте ажыратуға отбасының әлеу­меттік жағдайының қатысы болма­са керек. Республикадағы алты айға дейінгі нәрестелердің тек 38 пайызы ғана ана сүтін емеді. Көптеген келіншектер табиғи қоректендіруден гөрі жасанды қоспалар беруге көшкен. Алайда ана сүтінің құрамындағы пайдалы элементтердің өзге ешбір тағам құрамында кездеспейтінін көптеген жас аналар ескермейтіні өкінішті.

ЮНИСЕФ мәліметтерінде атап көрсетілгендей, дүние жүзі бойынша 77 миллион жаңа туған сәби, яғни әрбір екінші нәресте ана сүтін ембейді екен. Бұл дүниеге келген әрбір екінші нәрестенің ағзасына ақуыз бен ми­нералды заттар түспейді деген сөз. Бұл туралы жыл сайын дүниежүзілік емізу апталығы қарсаңында жасалатын ЮНИСЕФ қорының баяндамасында айтылып жүр. «Егер сәбиге жарық дүние есігін ашқаннан кейін анасының бауырына салуды ұзақ күттірсе, оның тірі қалу мүмкіндігі кемиді. Бұл әйел ағзасының сүт шы­ғару қабілетіне де теріс әсер етеді», деген еді ЮНИСЕФ-тің аға диетологі Франс Бегин. Мамандардың сөзіне сенсек, бала туылғаннан кейін тәулік өткенде барып емізсе, сәби шетінеп кетуі мүмкін. Яғни, бірден ембеген сәбилер 80 пайыз жағдайда көз жұ­мады деген сөз. 

«Ана сүті – сәби үшін алғашқы вакцина. Бұл – ауруларға қарсы алғашқы және ең тиімді күрес» дейді Франс Бегин. ЮНИСЕФ таратқан мәлім­демеде алғашқы жарты жылда баланы тек ана сүтімен қоректендіру қажет­тілігіне мән беруге шақырады. Дәрігер ғалымдар ана сүтін еміп өскен бала мектепте жақсы оқитынын және семіздік, диабет сияқты ауруларға аз шалдығатынын айтады. Сәбиді емізу ана денсаулығы үшін өте пайдалы. Баласын емізген әйел сүт безінің қатерлі ісігі сияқты дерт түрлерінен ада болады.

Республикада бала дүниеге келгенде төленетін жөргекпұл, жәрдем­ақы мөлшері сәбидің барлық қажет­тіліктерін өтеуге жетпейтіні бел­гілі. Мысалы, қазба байлығы жоқ Жа­пониядағы жүктілік, баланы дү­ниеге әкелу және бала күтіміне бай­ланысты төленетін жәрдемақы мөлшеріне келсек, баланы дүниеге әкелу мен оны күтуге байланысты бір реттік жәр­демақы 420 мың иен (4078 доллар). Бұл қаржы бір балаға меди­циналық сақ­тандыру есебінен және әйелдің жұмыс істеу-істемеуіне байланыссыз беріледі. Жүктілік кезіндегі демалыста әйелдерге айлық жалақының үштен екісі мөлшерінде жәрдемақы төленеді екен.

Шетелдік сарапшылар сондай-ақ Қазақстандағы мектепке дейінгі балалар дамуының индексі төмендігін айтуда. Физикалық, әлеуметтік, эмоционалды даму деңгейі жақсы саналатын, туғанына 35-59 ай болған нәрестелердің пайыздық көрсеткіші 2010 жылғы 86,1 пайыздан 2015 жылы 85,5 пайызға кеміген. Мектепке дейінгі балалардың сауаттылық деңгейі басқа көрсеткіштермен салыстырғанда төмен. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылы әлемдегі бес жасқа тол­маған 161,5 миллион баланың бойы қорек жетіспеуі салдарынан дұрыс өспеген. 50,8 миллион баланың сал­мағы бойына сай емес. Ал 41,7 миллион жас өскін семіздікке шалдыққан. Оның 35 миллионы дамушы елдерде тұрады. Қазақстанда бес жасқа толмаған сәбилердің 10 пайыздан астамына семіздік дерті тән.

Республиканың білім, ғылым жөніндегі 2016-2020 жылдарға арнал­ған ұлттық бағдарламасына сәйкес 2020 жылы 3-6 жастағы балалар то­лығымен мектепке дейінгі білім бе­ру мекемелеріне баратын болады. Бүгінге дейін Шығыс Қазақстан, Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында аталмыш межеге қол жеткізілді. БҰҰ мамандары жүргізген алғашқы жан-жақты сараптама нәтижесінде респуб­ликадағы мүмкіндігі шектеулі, жасы алтыға толмаған балалардың 67 пайызы және мектеп жасындағы осындай балалардың 46 пайызы балабақша немесе мектеп қабырғасын көрмегендігі анықталған. 

Республикада жыл сайын екі мың­нан астам бала мемлекеттік меке­мелердің қарауына беріледі екен. Олардың 75 пайызының ата-анасы болса да, бала бағуға жағдайы жоқ. Қазақстанда сәбилерді білім мекеме­лерімен қамтуға бөлінетін қаржы 2013 жылы ІЖӨ-нің 0,6 пайызын құраған. Бұл дамыған елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Мысалы, Данияда ІЖӨ-нің 2 пайызы балалардың мектепке дейінгі білімі мен тәрбиесіне жұмсалады.

ЮНИСЕФ мамандары ата-ана­лардың бала тәрбиесіне көңіл бөлу көрсеткішін де саралаған. Елімізде туғанына 35-39 ай болған сәбилердің 87,3 пайызында әке бола тұра, олар­дың баламен жұмыс жасау көр­сет­кіші 6,6 пайыз деңгейінен ас­паған. Республикада соңғы уақыт­та әкелердің отбасындағы беделін көтеру, бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыруға қатысты келелі мәселелер көтеріліп, «әке мен бала» тақырыбы ауқымды жиындарда қозғалып жүр. Тіпті баласынан заң жүзінде қол үзген әке­лердің құқығын қорғау жайы да айтылуда. Бірақ әкенің де, ананың да абырой-беделі құжат жүзінде емес, әр отбасының ұлттық тәрбие құн­дылық­тарын қаншалықты сақтай білуімен байланысты болса керек. 

Еліміздегі отбасылардың барлығы кітап сөресіне кітаптарды толтырып қояды десек, жалған болар. Кітап оқу көрсеткіші де төмендеп бара жат­қаны жасырын емес. БҰҰ-ның зерттеуіне сүйенсек, туғанына 0-59 ай болған сәбилердің 50,9 пайызы кітап саны үштен асатын отбасының мүшесі. Ал балалар кітабының саны оннан асатын отбасында тұратын сәбилер бар болғаны 22 пайыз ғана. Ресми деректер бойынша, қаладағы бала­лардың 60,1 пайызында, ауылдағы бүл­діршіндердің 42 пайызында ғана кітап бар.

Шетел мамандары Қазақстан­дағы балалардың 47,2 пайызы пси­хологиялық агрессияға ұшырайтынын да анықтапты. Мектептердегі үш ба­ла­ның екеуі қатарластарынан зәбір көреді. Балалар арасындағы зорлық-зомбылық интернаттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелерде көп екені айтылып жүр. Осы орайда ЮНИСЕФ балалар қоры әлем­нің 190 елінен бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге жасалатын қыл­мысқа қатысты деректерді де жария­лады. 2013 жылдың 31 шілдесінде ЮНИСЕФ балаларға зорлық-зом­былық көрсетуді түбегейлі тоқтату туралы жаһандық бастама көтеріп, іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Бұл бастамаға әлемнің 70 мемлекеті қосылды. 

Халықаралық ұйым мамандарының зерттеу қорытындысына назар салсақ, республикадағы балалардың 50 пайы­зы жәбірлеудің алуан түрін бастан өткереді екен. Интернаттардағы оқу­­шылардың 35 пайызы ересек қыз­мет­керлердің әділетсіз қарым-қаты­насынан қорлық көреді. Ал мүм­кіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған мекемелер тәрбиешілерінің 56 пайызы балаларға физикалық, моральдық қысым көрсететіні анықталған. Ба­лалар үйіндегі жас өркендердің 8 пайызы, арнайы білім беру меке­мелеріндегі жасөспірімдердің 12 пайы­зы ортадағы қысымға шыдай алмай, өзіне өзі қол жұмсаған. 

Елімізде ата-аналардың балаларына дұрыс тәрбие беруге уақытының тапшы болуына мамандар алаңдауда. Қазақстандағы ата-аналар баласымен күніне тек 20 минут қана бірге болады екен. Тіпті ересектердің дені ұл-қызының мектептен соң қайда барып, не істегенінен де бейхабар. ЮНИСЕФ мамандары тарапынан балалар мен жасөспірімдерге жасалатын зорлық-зомбылық, қас­тандықты азайту мақ­сатында алты стра­тегиялық жоспар дайындалды. Бұған ата-аналардың балалар алдындағы жауапкершілігін арттыру, бүлдіршіндерді қауіпсіз өмір сүруге баулу, бұл тақырыптағы құқық­тық жүйені жетілдіру және әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту, т.б. кіреді. Әр бала мемлекет болашағы екенін әрдайым есте ұстайық.

Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу