Біржан Жақып, әлем чемпионы: Мен сіздерден кешірім сұраймын

Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпия ойындарына барған жалғыз бокс­шы. Шымкенттік оғлан 2005 жылы 23 жасында Мьянмада өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Осылайша ел құрамасынан ойып тұрып орын алды. Чикагода өткен әлем чемпионатында қытайлық Зоу Шимин жолын кесті.

Егемен Қазақстан
01.06.2018 5562
2

––––––––––––––––––––
Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпия ойындарына барған жалғыз бокс­шы. Шымкенттік оғлан 2005 жылы 23 жасында Мьянмада өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Осылайша ел құрамасынан ойып тұрып орын алды. Чикагода өткен әлем чемпионатында қытайлық Зоу Шимин жолын кесті.
––––––––––––––––––––

Әрбір спортшыда өзі үшін қолайсыз қарсыластар бо­лады. Небір мықтыларды тұқырт­қанымен сыралғы қарсыласыңа кел­генде адымың тұсалып қала береді. Нұржан Смановты куба­лық қабылан Хуан Эрнандес ат­тат­пай қойды. Ермахан Ыбы­райы­­мов Кубаның тағы бір қара маржаны Дуверхилді бір жеңе алмай кетті.

Ал қытайлық Зоу Ши­мин біздің бекзат бітімді бокс­шы­мыздың жолында талыстай болып жатып алған. 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпия ойындарында Біржан атақты Пал Бедак пен Оганес Данилянды жеңген. Ширек финалда Зоу алдынан ат ойнатып шықты.

Лондон. 2012 жыл. Қазір Бір­жан Жақыпов шаршы алаңға шығады. Қасымдағы сыралғы дос, сол кездегі Оңтүстік Қазақ­стан облысы спорт және дене тәр­биесі басқармасының басшысы Болат Қырықбаев қайта-қайта терең дем алып, жеңіл күрсініп қояды. Түсініп тұрмын. Басу айта алмаймын.
Зоу Шимин жеңісті қолдан беретін боксшы емес. Сонау Бей­жің олимпиадасынан бергі Әлем, Азия чемпионаттарының да, Азия ойындарының да аса сапа­лы металдан жасалған медаль­дары үйінің қақ төрінде ілулі тұр.

Алса ала берсін-ау, бірақ сол Бейжіңнен бері біздің Бір­жанның несібесін жырып келе жат­қандығы көңілге қаяу түсіреді. Мінезі көркем біздің жігіттің осал жері жоқ.

Зоу Шиминнан аянып қалған жері және жоқ. Бірақ ұры тазы­дай сумаңдап шаршы алаңда ой­нақ салатын Зоу тепе-тең ұрыста да жеңіске жетіп кетеді. Оның үстіне Лондонда Қытай бокс құра­масынан Зоудан басқасы жарыс жолынан шығып қалған. Ендеше, бокс әлеміндегі бар атақ даңқты бір бойына жиып алған Зоу шіркініңіз, бір жарым миллиардқа жуық Қытайдың үкілеген үміті бұл жолы да біздің жігітке есе беруі қиын-ау.
Болат екеуіміздің қабағымыз салыңқы тартып, күрсініп отыр­ғанымыз осы.

Оңтүстіктің медаль алады деген спортшыларының барлығы орта жолда барлығып қалған. Жеңіспен бірге абырой да керек елге арқырап барғанға. Бәрін бүлдіріп тұрған мынау қытай. Тым құрыса жартылай финалда жолыққанда ғой.

Әне, екі қолын ербеңдетіп, ботадай ойнақтаған Зоу тұсы­мыз­дан өтіп барады.

Артынша Біржан көрінді. Ке­­лісті жігіт. Соңында жеке жаттықтырушысы және Қазақстан құра­ма­сының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Айқайладық. Көзі жарқ ете қалған Біржан бізге қол бұлғады.

Алапат айқас басталып кетті. Екеуі де бір-бірін өте жақсы біледі. Екеуінің де ұрыс машығы жүректерінде жатталып қалған. Екеуі де осы айқас алтынға бас­тайтын баспалдақ екенін жақсы біледі. Біздің жігіт тым ширығулы. Әншейіндегі сынық мінезін бойынан сыпырып тас­тап, жолбарыстай шабынып жүр. Екеуінің қолдары да алмас қылыштай жарқ-жұрқ. Талмау тұс ашылып қалса наркескендей сұғып алуға бар. Аңдысу жоқ, қойғыласу бар.

Зоу Біржанның таудан құ­лаған селдей екпініне шыдай алмай тайғанақтап ұрыс салып жүр. Жырынды қу шабуыл кезінде ашылған сәттерде есесін жібермейді.

Бірінші раунд та, екінші раунд та Зоудың еншісіне жазылды. Онсыз да қарасұр Болат қаны қарайып сұп-сұр болып отыр. Өзіміздің жігіттер шаршы алаңға шыққанда сарайды мойнымызға іліп кетердей екіленетін біздің түріміз де оңып тұрған жоқ-ау. Бес төрешінің үшеуі ұпайды пиа­нино тілін басқандай қытайға беріп жатыр.

Соңғы раунд. Ақылды жігіт емес пе, Біржан бәрін түсініп жүр. Зоуды ұрып құлатпаса енді же­ңіс жоқ. Қос қолы найзағайдай жарқылдап қытай боксшысының төбесінде ойнайды. Бокс – өте қатал өнер түрі. Талай ауыр соқ­­қы­лардан талай боксшы қайт­пай­тын жаққа аттанып кеткен­діктен бокс қолғабының ішіне са­лынатын қыл-қыбырды қалың­датқан. Жеңіл тию үшін. Жеңіл салмақтағы боксшыға жеңіл тиетін қолғаппен ұрып құлату қиын. Бірақ намысы тұла бойын буырқантқан Біржан атойлауын тоқтатар емес. Болмады. Ер­теңінде тағы келдік. Жарыс бас­талуға әлі бірталай уақыт бар еді.

– Бақтияр аға!

Шаршы алаң түбіндегі бас­қыш­та Біржан тұр. Барып ба­тыры­мыздың маңдайынан сүй­дім. Іштей ширығып жүрген Біржанның көзінен бырт етіп жас үзілді.

– Аға, барымды салдым. Зоу тағы да алдырмай кетті. Өз түйсігімде жеңілген жоқ сияқ­ты едім. Төреші қолыңды көтер­ме­геннен кейін бәрі бекер. Хал­қымыздың үмітін ақтасам деп едім. Әкем Жақыпты жақсы білесіз, мен үшін жанын беруге бар. Созақбай аға да ақ тілеу айтып қалып еді. Елдің үмітін ақтау үшін аянғаным жоқ. 

Жайшылықта сөзге жоқ бауырым қыстыға ақтарылады. Өз басымыз да Біржан жеңілді деген ойда жоқпыз. Теңбе-тең айқас. Жеңісті Біржанға берсе де Зоу «Оу, бұл қалай болды?» демес еді.

Содан бері талай жыл өтті, тарих парағы сан ашылып-жабылды.

Зоу Лондоннан соң кәсіпқой боксқа ауысты. Ал үлкен спорт­та­ғы үлкен жеңісінен үміті бар біз­дің Біржан әлем биігін бағын­дырды.

Оның жүлделерін айтар болсақ, 2005 жылы Әлем чем­пио­натының қола жүлдегері. 2008 жылы Әлем Кубогінің қола жүл­дегері, 2010 жылы Азия ойын­дарының ақтық сынына шықты. 2012 жылы Олимпиадалық ква­ли­фикациялық құрлықаралық тур­нирдің жеңімпазы. Ал 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Рио олимпиадасының жолдамасын AIBA-ның APB жобасы бойынша жеңіп, осы жүйеде топ бас­тады.

Алматыда өткен әлем чемпионатында өзбекстандық сы­рал­ғы қарсыласы Хасанбой Дус­матовты жеңген еді. Әлем чемпионы Йосвани Вейтаны да жолда қалдырған.

Жанкүйерлер Біржанның Рио де Жанейро олимпиадасын­да жүл­де аларына сенді. Бәрі­міз де сен­генбіз. Бәрі Алланың қа­лауында екен. Риода халық­аралық жарыс­тар­да итжығыс түсіп жүретін Ха­санбой Дус­ма­товтың асуынан өте алмады.

Біржан Жақыпов – мінезі көр­кем, жібектей жігіт. Шаршы алаң­да қарсыласының ес-тұсын ал­ғанымен, былайғы өмірде шы­бын­ды шертпейтін, кісіге жақсы­лығы мол азамат. Осы Біржанның «Мен де атақты боксшымын – ең­бегім өткен» деп біреуге дауыс кө­тергенін көрмедік, қашанда кішік. Ел ішінде әпербақандар көп қой. Біржанның үш олим­пиа­даға баруын өз бапкері, Қазақ­стан құрамасының бас жат­тық­тырушысы Мырзағали Айт­жановтан көргендер бар.

Обалы не керек, жел сөз. Өйт­кені 48-49 кило салмақта Қазақ­стан құрамасында Біржанның алдын орайтын боксшы жоқ еді.

– Менің арманым Олимпия ойындарында еліміздің байрағын көтеріп, әнұранын ойнату еді. Сол үшін теңіздей тер төктім. Алла қош көрмеді ме, тілегім орындалмады.

Үміттеріңізді ақтамағаным үшін мен сіздерден кешірім сұраймын. Кешіріңіздерші, мені.

...Қанша даңқты спортшыларды көрдік. Жеңді, жеңілді. Бірақ ешқайсысы халықтан кешірім сұрамаған еді. Ешқайсысы ха­лық­тан үлкен емес. Біржан соны түсінеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу