Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Димаш Құдайберген Қазақстанның туризм елшісі атанды

835 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев Димаш Құдайбергенге Мәдениет және спорт министрі атынан «Қазақстан Республикасының туризм жөніндегі елшісі» мәртебесін табыстады.

Димаш Құдайберген Қазақстанның туризм елшісі атанды

Салтанатты рәсім Ақтөбе қаласында әншінің «Димаштың Отаны» атты турына қатысушы 10 мемлекеттен келген табынушылық топтардың жетекшілерімен кездесу кезінде өтті.

 «Бір жарым ай бұрын футболист Месси әлем туризмінің елшісі атанды. Біз де Димашқа қазақстандық туризм елшісінің сертификатын ұсынып отырмыз. Ол өз елінің патриоты», - деп, атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Димаш Құдайберген туризм елшісі ретінде Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетуді және әлемнің түпкір-түпкірінен өз тыңдармандарын елімізді көруге шақыруды белсенді түрде жалғастырады деп күтілуде.

Димаш нағыз патриот бола тұра, өз концерттерінде және БАҚ көздерінде әрқашан фанаттарын Қазақстанға шақырып жүреді. Турдың идеясы да осыдан шыққан. Ал маршрут құрамына Димаш шетелде үнемі айтып жүретін туған қаласы Ақтөбе, елордамыз Астана және ең үлкен қаламыз Алматы кірді.

Жалпы тур әншінің балалығы мен шығармашылығымен байланысты жерлерге баруды, мысалға Ақтөбедегі мектебін көруді, сондай-ақ артистің жақындары мен туыстарымен түрлі кездесулерді, Димаштың ұстазы, әрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимовтың мастер-классы және тағы басқаны қамтиды.

Бүкіл әлемнен келген Димаштың табынушыларына арнап осындай турларды отандық туроператорлар тұрақты түрде өткізетін болады. Ал осы турлардан түскен қаржының бір бөлігі келешкете Димаш брендін әлемдік деңгейде одан әрі нығайтуға және өрлетуге бағытталады.