EXPO қалашығындағы пәтерлердің бағасы анықталды

EXPO қалашығындағы пәтерлердің бағасы анықталды, - деп хабарлайды "Бәйтерек девелопмент"АҚ  баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
01.06.2018 1870
2

"Бәйтерек девелопмент" АҚ Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен көлік тұрағы орындарының құнын тәуелсіз консалтинг компаниясының көмегімен анықтады.

 "ЭКСПО-2017" аумағындағы тұрғын үй кешендеріндегі шаршы метрді өткізу құны 399 900 теңгені, бір көлік тұрағы орнының құны 699 000 теңгені құрайды. Бұл объектілер орналасқан жерінің тиімділігімен, қабаттарының аздығымен, пәтерлерінің эрогономиялық жоспарлануымен ерекшеленеді. Тұрғын үй орамының ішкі аумағы оқшауланған және қала тұрғыны үшін жайлы болады", - деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Компания 2018 жылдың 1 маусымынан бастап бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады. "Сатып алу шарттарына келетін болсақ, әлеуетті сатып алушыларға қойылатын жалғыз талап: жеке тұлғалар үшін - төлем қабілеттілігі және Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет, ал заңды тұлғалар үшін - Қазақстан аумағында тіркелуі және қызметін жүзеге асыруы шарт", - деп қосты компания өкілі.

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағында таза әрленген пәтерді бірнеше тәсілдермен: қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы өз қаражаттары есебінен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға, сондай-ақ "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ қарызы есебінен сатып алуға болады.

"Тұрғын үйді және машина орындарын сатып алуға өтінімдер қабылдау процесі оның айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында "Digital Baiterek" платформасы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылатын болады. "Бәйтерек девелопмент" АҚ риэлторлық компаниялармен ынтымақтастық жасамайтынына және портал арқылы өтінімдерді тіркеу және ресімдеу үшін төлемақы алмайтынына әлеуетті сатып алушылардың назарын айрықша аударғымыз келеді", - деді Өсербаев.

Сонымен қатар тұрғын үй кешенінде "шоу-рум" жұмыс істейді, мұнда әлеуетті сатып алушылар пәтерлердің жоспарлануымен танысады, қажетті кеңес алады және жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінім ресімдейді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу