Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қатқақ күтіледі. 

Демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері жиі жаңбыр, найзағай, қатты желмен тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Ауа температурасы климаттық нормадан 3...5 градусқа төмен түседі, елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатқақ күтіледі. Барлығына Ресейдің еуропалық бөлігінен түсіп жатқан салқын және дымқыл ауа массалары себепкер болады.

Оңтүстік облыс тұрғындарын көптеген аймақтарға қарағанда жазғы ауа-райы күтеді. Иран аймағынан жылы ауа массалары ықпалынан мұнда ауа +27+35 дейін, кей жерлерде +38 дейін жылиды.