Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«2 маусымда Қызылорда облысында оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, 23-28 м/с үдейді. Кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады және бұршақ жауады», - делінген хабарламада.

2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, 23-28 м/с үдеуі ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады және тұман түсіп, бұршақ жауады деп болжануда.