Аймақтар • 01 Маусым, 2018

Алматыда Кәмелет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығында салтанатты шара өтті

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қаласындағы Кәмелет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. 

Алматыда Кәмелет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығында салтанатты шара өтті

Бұл шараға республикалық Достық үйінің өкілдері, еліміздегі түрлі этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, «Кемел» әскери-патриоттық қозғалысының белсенділері және осы қалада орналасқан басқа да ұйымдардың мүшелері қатысты. Кәмілет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығы тәрбиеленушілерін осы мерейлі күнмен құттықтаған олар Отан мен патриоттық тәрбие, бейбітшілік пен тұрақтылық, халықтар достығы мен ынтымақтастығы, Бірлік пен татулық, ғылым мен білім, спорт пен салауатты өмір салты тақырыбы төңірегінде тартымды әңгімелердің тиегін ағытты. 

Шара соңында жоғарыда аталған ұйым өкілдері аталмыш орталыққа түрлі сылықтар тарту етіп, жекпе-жек шеберлері өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар балалар тәтті тағамнан ауыз тиді. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

АЛМАТЫ