Үкімет • 01 Маусым, 2018

Бақытжан Сағынтаев Душанбеде ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Душанбеде ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев Душанбеде ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

ТМД биыл Тәжікстан Республикасының төрағалығымен өткізіледі. ТМД ҮБК отырысы басталмастан бұрын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон үкіметтік делегациялардың басшыларын қабылдады. Кездесу барысында бірлескен жұмыс жоспарлары, сондай-ақ Кеңестің алдағы отырысының мәселелері қаралды.