Қазақстан Президентінің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
01.06.2018 3950
2

Жиынға Саяси кеңестің мүшелері – Үкімет, Парламент және Президент Әкімшілігі басшылары, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары және бейнеконференция байланысы режімінде еліміздің барлық өңірінің өкілдері – облыс әкімдері, облыстық мәслихаттардың хатшылары, партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты.

Саяси кеңестің отырысында партияны жүйелі жаңғырту және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасау ісін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Пікір алмасу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кәсіби дайындау және бейімдеу, сондай-ақ «Бес әлеуметтік бастаманы» орындаудың детальдары мен механизмдеріне және оның іске асырылуына қоғамдық бақылау жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Басқосудың күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты баяндамаларды тыңдаған Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және олардың орындалуына бақылау жасау ісіндегі «Нұр Отан» партиясының маңызды рөлін атап өтті.

Қазақстан Президенті әлемдік дамудың және экономикалық үдерістердің жоғары қарқынына тоқталып, жаңа сын-қатерлерге бейімделу қажеттігін айтты.

– Біз жүзеге асыруды жоспарлап отырған жұмыстардың бәрі бәсекеге қабілетті болуымыз үшін қажет. Экономиканың үшінші жаңғыруы, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» біздің тарапымыздан атқарылуға тиіс нәрсенің бәрін толық айқындап берді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын және партияның цифрландыру саласындағы жобаларын орындаудың маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумының қорытындысы бойынша шығарылған шешімдер жөнінде кеңінен әңгімеледі.  

– Жаһандық дамудан қалып қоймау үшін басқарудың сапалы болуы талап етіледі. Бұл – мемлекеттік қызметті жетілдіру деген сөз. Біз мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және меритократия қағидатын ілгерілету мәселелерін шештік. Бұл қадамның орындалуын партия қадағалауы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инвестиция тарту және бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

– Инвестициялар заң үстемдігі қамтамасыз етілген, келісім-шарттары сақталатын, білімді мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейтін елге ғана келеді. Ал, қазіргі жағдайдағы бәсекеге қабілеттілік – цифрландыруды дамыту, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу ісінде цифрландырудың тиімді екенін айтты.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өнімділіктің өсімін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы экспортын арттыру мәселелеріне тоқталды.

Соңында Қазақстан Президенті жаңа жобаларды тиімді жүзеге асырудың және Үкімет пен «Нұр Отан» партиясының алдына қойылған міндеттердің маңыздылығы жөнінде айтты.

– Ел ішінде қолайлы әлеуметтік жағдай болғанда ғана мемлекет табысты жұмыс істейді. Бұл – Үкіметтің басты міндеті. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бәрі халыққа арналған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

25.09.2018

Солтүстік Қазақстан полицейлері Тілдер фестивалін өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу